Бүгін Беларусьтегі ең үлкен «Көктем» құқық қорғау ұйымы қызметкерлерін жаппай қамауға алу басталған күн. Бұл оқиғаға бей-жай қарамайтындарды Беларусьтің Қазақстан Республикасындағы елгілігіне өтініш хат жолдауларын сұраймыз. Оның үстіне кеше екі елдің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 29 жыл толды.
Халықаралық қолдау науқаны аясында Беларусьтің Қазақстандағы елшілігіне төмендегі хатты немесе өз еріктеріңізге қарай хат жолдауларыңызды өтінеміз. Хат мазмұны да өздеріңіздің таңдауларығызға байланысты. Себебі елшілікте саяси тұтқындарды босатуды өтінген хаттарды жоятыны анық.
Мекен-жайы – kazakhstan@mfa.gov.by (көшірмесі: FreebelarusKZ@gmail.com)
ТЕКСТ
Қазақстандағы Беларусь Республикасының елшілігіне
Өткен жылдың 17 қыркүйегінде “Көктем” еріктілер желісінің үйлестірушісі Марта Рабкова (Беларуссияның ең ірі құқық қорғау ұйымы, FIDH (адам құқықтары жөніндегі халықаралық федерация мүшесі) ұсталды, екі аптадан кейін “Көктем” еріктісі Андрей Чапюк түрмеге қамалды. Соңғы 12 айда “Көктем” басшылығына, мүшелеріне және еріктілеріне қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Ұйым қызметкерлерінің кеңселері мен пәтерлерінде бірнеше рет тінту жүргізілді, ондаған мүшесі ұсталды. 2021 жылдың қаңтарында “Көктем Гомель” филиалының жетекшісі Леонид Судаленко мен сол филиалдың еріктісі Татьяна Ласица түрмеге қамалды. Оларға қатысты сот жалғасуда.
Бұл Беларусь билігінің «Көктемді» алғаш рет қудалауы емес. Адам құқықтары үшін күрестің 25 жылында ұйым сан мәрте қудаланып, қысым көрді. Заңнамаға сәйкес ресми тіркеуінен айырылды, басшылары түрмеге қамалды. Қудалауға қарамастан «Көктем» Александр Лукашенко режимінен жапа шеккен азаматтарға көмектесу арқылы өзіңнің халықаралық адам құқықтары үшін күресін жалғастыруда.
Мен/Біз біз “көктем” құқық қорғаушыларын және басқа да саяси қуғын-сүргін құрбандарын босатуды талап етеміз және Беларусь билігін адам құқықтары саласындағы халықаралық нормаларды ұстануға шақырамыз.
Беларусь азат ел болады!
Аты – Фамилия
Халықаралық науқан #Free Viasna