АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау ұйымдарының мәлімдемесі

Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау ұйымдарының мәлімдемесі

15.12.2021

2021 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзен қаласы мен Шетпе ауылында мұнайшылардың бірнеше айға созылған ереуілінен кейін полиция қызметкерлерінің оқ қаруын қолдану салдарынан болған қайғылы оқиғаға 10 жыл толады. Жаңаөзен қаласы мен оған жақын орналасқан Шетпе ауылында ресми мәліметтер бойынша 17 адам қаза тауып, 86 адам жарақат алған.

2012 жылы болған қылмыстық сот процестерінде, нәтижесінде бірқатар жұмысшы белсенділер мен мұнайшылар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген айыппен ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, айыпталушылар тергеу кезінде Жаңаөзендіктерді жаппай ұстау мен азаптау болғанын мәлімдеді. Бұл айыптаулардың ешқайсысы объективті және бейтарапты тергелген жоқ. Бес полиция қызметкерлері де қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен сотталды, бірақ полицияға қарусыз адамдарға оқ атуға кім бұйрық бергені әлі де белгісіз.

Жаңаөзен мен Шетпедегі қайғылы оқиғалар кезінде мемлекет бейбіт тұрғындарға қарсы оқ қару қолданудың салдарынан өмір сүру құқығын, негізсіз қамауға, азаптауға  ұшырамау құқығын және әділсот құқығын бұзды деп санаймыз.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Нави Пиллэй мен БҰҰ Бейбіт жиналу және  бірлесу бостандығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Майна Киаи Қазақстан халқының сенімін қайта ие болу үшін «Жаңаөзен оқиғасына халықаралық тәуелсіз тергеу жүргізу қажет» деп мәлімдеді.

Осы үндеуді қолдай отырып, 

1. Азаптаудың барлық фактілерін жан-жақты тексеру және оған кінәлілерді жазалау.

2. 2011 жылғы 16, 17, 18 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында ұсталған әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы барлық оқиғаларды тергеу.

3. Жаңаөзен мен Шетпедегі Жақсылық Тұрбаев, Жансәуле Қарабалаева, Базарбай Кенжебаев, Александр Боженко, Төребек Төлегенов (Шетпе) және Ғалымжан Кенжебаев, сондай-ақ ресми тізімде жоқ басқа да тұлғалардың өліміне қатысты объективті жан-жақты тергеу жүргізу. 

4. Барлық мемлкеттік органдар, әкімдіктерден бастап, ішкі істер департаменті, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, «Қаражанбасмұнай», «Өзенмұнайгаз», сонымен қатар «Ерсай Каспиан Контрактор» мұнай компаниялары басшылығына дейін 2011 жылғы 16 желтоқсанға дейінгі ереуіл кезінде, сол күні атыстан кейін, 2012 жылғы тергеу мен сот процестеріндегі іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру.

5. Шетпедегі Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері Төребек Төлегенов қаза тауып, жергілікті тұрғындар жараланған кезде болған барлық құқық қорғау органдарының және жергілікті әкімдіктің іс-әрекеттеріне тергеу жүргізіліп, құқықтық баға беру. 

6. Мақсат Досмағамбетов (Жаңаөзен қ.) мен Ғабиден Бақытжанның (Шетпе ауылы) өлімі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару комитеті жүйелерінің мекемелерінде тұтқында ұстау жағдайына тікелей байланысты болғандықтан, сотталған Жаңаөзендік және Шетпеліктерді азаптаған және зорлық-зомбылық көрсеткен кінәлілерді тергеп, жауапқа тарту.7. 2011 жылғы 16-18 желтоқсанда Жаңаөзен және Шетпе қалаларында барлық қаза болып, жараланғандардың отбасыларына Қазақстан үкіметінен материалдық өтемақы төлеуді талап етеміз. 

Алматы, 2021 ж. 15 желтоқсан

Халықаралық Құқықтық Бастама

Либерти ҚҚ

Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөннідегі қазақстан халықаралық бюросы

Ар.Рух.Хак