АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы

2022 ж. қаңтардағы азаптауларға қатысты іс бойынша Талдықорған қ-ғы сот процесі жайлы ақпараттық хабарламасы

10.11.2022

Талдықорғандағы, азапқа түскен кезінде төртеуі кәмелетке толмаған, ең жасы 16-да болған, 24 жәбірленушіні азаптау туралы істе Талдықорған қ-сының қылмыстық полициясының үш қызметкері, бір жергілікті патрульдік қызмет өкілі және бір ІІМ академиясының курсанты жауапқа тартылып жатыр.

2022 жылдың 1 қыркүйегінде, 2022 жылдың 28 тамызында алдын ала тыңдалған соң, негізгі сот ісі басталды. Істі Талдықорған қалалық сотының судьясы Бекмұрат Шәкерұлы Дүйсенбеков жүргізіп жатыр. Айыптаушы жақтан облыс прокурорының көмекшісі Ерлан Тұрысбекұлы Қыдырбаев пен аға прокурор бар. 2022 жылдың қараша айының бас шамасына дейінгі уақытта соттың 11 отырысы өтті. 

Арасында екі кәмелетке толмағандар бар, 13 жәбірленушінің мүддесін Коалицияның шақыртуымен, Колалиция мүшесі, заңгер, Талдықорған құқық қорғау орталығының жетекшісі Виктор Тен, Алматы облысы заң кеңесішілері Палатасының жетекшісі Александр Ким және Алматы облысы заң кеңесішілері Палатасының заңгері, Талдықорғандағы әйелдер құқын қорғау  аймақтық орталықтың жетекшісі Жанар Нұрмағамбетова қорғап жатыр. Тағы екі жәбірленушіні Алматы қалалық адвокаттар коллегиясынан адвокат Әсем Түсіпова мен «Qantar» құқықтық демеу Орталығынан Алматы облыстық адвокаттар коллегиясының адвокаты Жанар Әбуқызы Нүсіпбаева қорғауға алған.

Жәбірленушілердің барлығы да денелерін үтікпен немесе ыстық бумен күйдіргеннен бастап, зорлау, темекімен күйдіру, электрошокердің тоғымен ұру, қабырғасын, саусақтарын, мұрынын, жағын сындыру, тісін жұлып алу, тепкілеп, жабылып ұрып-соғу,  тамақ, су бермей аштан ұстау, дәретханаға жібермеу  сияқты және басқа да азаптаудың барлық түрін бастан кешірген. Бұл азаптаудың бәрі де, сотқа дейінгі тергеу материалдарында көрсетілгендей, Алматы облысы полиция Департаменті жанындағы Талдықорған қалалық полиция Басқармасының ғимаратында, қаңтар оқиғасына қатысты деп ұсталғандарды заңсыз ұстап отырған кезде болған.

Коалицияның сот талқысын кейінге қалдырып және істі «қосымша тергеуге» жібергеніне қатысты ұстанымы.    

Көптеген жәбірленушінің шағымына қарай, сотқа өздерін азаптаған полиция қызметкерлерінің тек кейбірі ғана тартылған. Жәбірленушілер, өздері танитын немесе түсін ажырата алатын, өздерін азаптаған барлық полицейлерді жауапқа тарту туралы бірнеше рет сотқа шағым айтып, талап қойды. Коалиция жәбірленушілердің талабын қолдайды, бірақ олардың өздерінің мүддесі үшін өтіп жатқан  сот талқылауын тоқтатып, істі «қосымша тергеуге» жіберуге болмайды деп санайды. Өйткені, олай істесе, онсыз да созылып кеткен, жәбірленушілерге азаптардан тартқан зардабының орнын толтырып, оларды оңалту процесінің әрі де созыла түсуіне соқтаратыны анық.

Коалиция, азаптаулар туралы іске қатысты әділдік жайлы  мынаны ескертеді – бұл тек қана кінәлілерді анықтап, жазалау ғана емес, сонымен бірге, жәбірленушілерге, қазір «Жәбір көргендерге өтемақы өтеу Қоры туралы» заң ұсынып отырғандай 30-40 АЕК көлемінде (90-122 мың теңге) емес,  өздері тартқан азапқа пара-пар көлемде, залалдың орнын кейінге қалдырмай, өтемақы төлеу мәселесі. Коалицияның мәліметінше, әзірге осы заң аясында шағымданған қаңтар құрбандарының еш бірі  әлі күнге дейін ешқандай да өтемақы алмаған. 

Бүгінгі тағы бір проблема Азаматтық кодекстің анықтау және алдын ала тергеу органдары тарапынан болған азаптауларды, сол үшін мемлекеттен, нақты жәбірлеушілердің кінәсінің қандай екеніне қарамастан, тартқан жан азабы үшін  өтемақы өтеп алуға болатын заңсыз іс-әрекетке жатқызбайтындығында. Сондықтан да,  қазіргі заңнама бойынша, жәбірленушілердің өтемақы өндіріп алуына мүмкін  жалғыз амал – қылмыстық іс бойынша соттың аяқталғанын күтіп, содан соң, азаматтық сотқа жүгіну. Алайда, азаптаулардың құрбандары үшін бұл мәселені  кейінге қалдыруға болмайды.  Жәбірленушілердің мүддесін көзеген  Коалиция сот талқылауларының созыла тсүкеніне қарсы. Азаптаулардың болғаны туралы нақты фактілер бола тұрып, жәбірленушілерге келген зиян үшін өтемақы төлеу мәселесі еш созбалаңға салынбай, барынша тезірек төленуі тиіс.  

Тағы басқа кінәлілерді анықтап, оларды жауапқа тарту мәселесі азап көрген  құрбандарға тартқан зорлықтан келген зиян орнын толтыру мәселесіне еш кедергі келтірмеуі керрек. 

Қалай болса да, сот істі қосымша тергеуге жіберу туралы қандай шешім қабылдап жатса да,  Коалиция жәбірленуші тарптың жағында және оларды демеуін жалғастыра береді.

Коалиция жәбірленгендерге қысым көрсетіп жатыр-мыс деп тараған қауесетке қатысты Коалицияның ұстанымы.

Коалиция Қазақстан Республикасы заңнамасы және адамның еркіндік құқылары саласындағы халықаралық стандарттар, сондай-ақ, жеке этикалық ұстанымдар аясында әрекет етеді және Қазақстан заңнамасы бойынша азаптаулар жариялы айыптауға жататынын; азаптауларға қатысты істер тек жәбір шеккен адамның шағымы бойынша ғана емес, басқа да, анонимнен бөлек,  түскен хабарға орай қозғалатынын; азаптауларға қатысты іс жәбірленушінің шағымын қайтарып алуына қатысты тоқтатылмайтынын, тараптардың ымыраға келуіне жол берілмейтінін біледі. Коалиция азаптаулар жайлы қандай да бір  мәлімдемені қолдайды және қолдай да береді, өйткені, азаптауларға  барынша қарсымыз және азаптағаны үшін қалай да  жаза тартуы керек.  

Мемлкеттен, БҰҰ азаптаулар құрбандары үшін ерікті салымдар Қорының, Дүниежүзілік азаптауларға қарсы ұйымының, Хельсинки адам құқы қорының, Қазақстандағы Европа одағы делегациясының  гранты қаржысынан өтемақы өндіріп алу бойынша, қазіргі мүмкіндіктер аясында, Коалиция құрбандарға денсаулығын, психологиясын қалпына келтіру және әлеуметтік жағдайын түзеуіне қажет қаржылай көмекті барынша көрсетеді. Азапқа түскен кез келген құрбанныің көмек сұрауына болады.

Жалпы қазақстан бойынша Коалиция өзіне түскен 95 шағым бойынша жәбірленушілерге адвокат көмегін көрсетті. Жеті жәбірленушіге психологиялық көмек алуға мүмкіндік берілді, ал отыз тоғызына – дәрі-дәрмегін қоса алғанда, медициналық жәрдем көрсетілді. Көмек алғандардың басым көпшілігі Талдықорғандықтар. Одан бөлек, талдықорғандық азап шеккен 14 адамға әлеуметтік көмек берілді (оның қатарында баспана жал ақысын төлеп беру, азық-түлік пен киім-кешек сатып алу да бар). 

Коалицияның азаптаулар бойынша істерді қарастырып жатқан сот барысында тіркелген әділ сот құқын бұзушылыққа қатысты ұстанымы

Коалиция азаптаулар бойынша жүріп жатқан сот барысында әділ сотқа деген құқық бұзушылықтың келесі түрлерін тіркейді: 

  • Сотта, ҚР ҚПК 217 бабында «жүйкеге зиян келтіретін әрекеттерді болдырмау үшін» дегеніне қарамастан, кәмелет жасына толмағандарды сағаттап жауапқа алады, прокурорлар, «олардан келесі жолы жауап алмау мақсатында», олардың куәлік жауаптарын тергеу кезінде толық алуына болар еді, бірақ олай істемеген. Барлық бақылаушылар куәлік жауап беру  жәбірленушілерге, әсіресе, кәмелетке томаған жәбірленушілерге қаншалықты қиын тиіп жатқанын көріп отыр. Жәбірленушілер есеңгіреп қалып, сот бірнеше рет процесті тоқтатуға мәжбүр болды. Жап-жас бір жәбірленуші сот залында есінен танып қалды. Ал, 17 жасар жәбірленуші, полиция қызметкерлерінің қатаң азабынан кейін, қояншығы ұстап құлады.
  • Бақылаушылар сот залында қажет тәртіптің еш сақталмайтынын айтады.
  • Сот барысындағы қазақ тілінен орыс тіліне, немесе керісінше аударманың сапасы нашар. Кейде қазақша білмейтін жәбірленушілер мен олардың өкілдері не өтіп жатқан мәселені түсінбей қалады, не  өз ойларын жеткізе алмайды.

Коалиция Талдықорғанда өтіп жатқан азаптаулар бойынша сот процесінің барысын бақылауды жалғастырады.

Коалиция азаптаудың қылмыстық құқық бұзу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 146-бабы) және азаптаудан азат құқыны бұзу (БҰҰ азаптауларға қарсы Конвенциясының 1 және 16-бабы; азаматтық жән саяси құқық туралы Халықаралық пактінің 7-бабы – Қазақстан, сәйкесінше, 1998 және 2005 жж. бекіткен)  екенін еске салады.  


Сондай-ақ қараңыз