АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Құқық қорғау қауымдастығының Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық үндеуі

Құқық қорғау қауымдастығының Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық үндеуі

14.01.2022

Құрметті Президент мырза!

Біздің еліміз Тәуелсіздік тарихындағы ең ауыр сынақты басынан өткеруде.

Мемлекеттің жаңару кезеңіне жалпы адамзаттық және адам құқықтары құндылықтарынсыз қадам басу мүмкін емес. Сол себепті дәл қазір мемлекеттік және құқық қорғау органдары өз халқына көмектесуге және қорғауға дайын екендігін көрсетуі маңызды. 

Трагедиядан кейін болатын дүниелер Сіз 2022 жылдың 11 қаңтарында ҚР Парламентінде сөйлеген сөзіңізде айтқан Қазақстанның жаңа кезеңінің қандай болатынын айқындайды.

Полиция, прокуратура мен соттың конституциялық құрылымға қауіп төндірген қылмыстарды тергеу кезіндегі заңды және легитимді іс-әрекеті қоғамның сенімін оятып, елдің дамуына күш біріктіруін қамтамасыз етеді. 

Қазіргі уақытта бұл Қазақстан Республикасының « Төтенше жағдай жөніндегі» заңын сақтау болып табылады. Атап айтқанда 17 бап: «Төтенше жағдай кезінде қолданылатын шаралар мен шектеулер Қазақстан Республикасы ратификациялаған адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттарға қайшы келмеуге тиіс».

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын және біздің халықаралық міндеттемелерімізді орындау үшін, Сізден, Президент мырза, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларына тиісті тапсырмалар беруді, барлық нормаларды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауды сұраймыз:

  1. Азаптау мен қатыгездікпен қараудан бостандық құқығын сақтау;  
  2. бас бостандығынан айырылған барлық адамдардың адамгершілік пен адамның жеке басына тән қадір-қасиетін құрметтеу; 
  3. адамды және оның жақындарын ұстаудың себептері, орны мен мерзімі туралы хабардар етпестен ұстауға тыйым салу міндеттерін сақтау;
  4. Азаматтардың заңдық құқығы бұзылған жағдайда дер кезінде құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету;
  5. Әділ сот тергеуінің негізгі талаптарын сақтау: соблюдать основные требования справедливого судебного разбирательства: кінәсіздік презумпциясы, тараптардың тең құқылығы және білікті заң көмегіне қол жеткізу.

Ол үшін біз:

  1. Төтенше жағдай кезіндегі құқық қорғау органы қызметкерлері мен халықтың міндеттері мен құқығы жөнінде ақпараттандыру жұмысын жүргізу;
  2.  төтенше жағдай кезінде шектеу шараларын іске асыру барысында заңдылықты сақтаудың және барлық адамдарға құрметпен қараудың ерекше маңыздылығы туралы Құқық қорғау органдарының жеке құрамымен жұмыс;

3) құқық қорғау қызметтері орталықтарында құқықтық консультациялар және құқықтары бұзылған азаматтар мен адамдарға көмек көрсету сервисінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

4) адамдарды ұстаған жағдайда адвокаттарға дереу қол жеткізу үшін заңдық консультациялардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

5) ұлттық алдын алу тетігі мүшелерінің барлық ұсталғандармен кедергісіз  кездесуді қамтамасыз ету маңызды деп есептейміз.

Еліміз үшін өте маңызды кезеңде біз Қазақстан Республикасының төтенше жағдай кезінде адам құқықтарын сақтау бойынша өзіне жүктелген міндеттерін жүзеге асыруға көмектесуге дайынбыз.

Қазақстан азаптауға қарсы Коалициясы

Құқық қорғаушылардың жаңа буыны Коалициясы

Қазақстандағы балалар құқығын қорғау бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс тобы

Халықаралық адам құқықтары мен заңдылықты сақтау Қазақстан бюросы

«Талдықорған өңірлік әйелдерді қолдау ортылығы» қоғамдық бірлестігі

«Либерти» қоғамдық қоры

«Әділ Сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры

«Қазақстанда парламентшілікті дамыту қоры» қоғамдық қоры

«Дағдарыс орталықтары кеңесі» заңды ұйымдар бірлестігі

«Кадір-қасиет» қоғамдық бірлестігі

«Талдықорған құқыққорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі

«Құқықтық Саясатты Зерттеу Орталығы» қоғамдық қоры

«Қазақстан балалар қоры» қоғамдық қоры

«Қазақстанның жастар ақпарат қызметі» қоғамдық қоры

Назгүл Ерғалиева, тәуелсіз сарапшы

Татьяна Чернобиль, адам құқығы бойынша халықаралық сарапшы

Юрий Гусаков, сарапшы

Жанат Аликулова, Қызылорда, «ЖАРДЕМ-СОДЕЙСТВИЕ» қоғамдық бірлестігі

Сергазинова Александра, Қостанай облысы бойынша ОНК жетекшісі

Нурмашева Разия Кусаиновна, Алматы қалалық адвокаттар кеңесінің адвокаты

Абай Ерекенов, Алматы, «Чистота в доме» қоғамдық бірлестігі

Айтқожа Фазыл, Қарағанды

Саламат Мирзакулов, Маңғыстау

Алипова Алия, Тараз

Еркин Малаев, Алматы

Блялова Акмарал, Астана

Светлана Уналова, Ақтау

Азиханов Мейрам Амангельдиевич, кәсіпкер, Астана

Абильбекова Гульнар, Алматы

Ғалима Ахметова, Алматы

Айсұлу Қасым, Атырау

Гульшат Оразалина, Қарағанды

Мусагали Дауылов, Ақтөбе