Салтанат Ақылбекованы, туған күнімен құттықтаймыз!

18.02.2022

Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюро ұжымы Алматыдағы бас кеңсе бухгалтері Салтанат Ақылбекованы туған күнімен құттықтайды!

Қазақта «ақылына көркі сай» деген тамаша сөз бар. Салтанат, тура осы теңеуге сай келетін сұлу адам. Оның өзі де, жаны да сұлу, көркем мінез иесі. Өз ісін тыңғылықты орындай білетін тамаша маман. Қамқор ана, сүйікті жар. Әсіресе қызына деген сүйіспеншілігі, оның болашағы үшін еңбегі мен талпынысы шын сүйсіндіреді.

Жоғарыда айтқандай, Салтанат, Сізде бәрі бар, енді тек өмірдің рахатын көріп, бақытты болуды тілейміз. Шаршамаңыз, талмаңыз, денсаулығыңыз мықты болсын! Қызыңыз бен жарыңыздың қызығын қатар көріп, қалауыңызға қарай тағы да бүлдіршіннің иісін құшу жазсын. Жақынарыңыз да, өзіңіз де жүз жасап, бақытты болыңыздар!

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЮРОСЫ


Смотрите также