Бүгін белгілі журналист, қоғам қайраткері, саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлы 73 жасқа толды.
Ол 1951 жылы 8 маусымда Алматы облысы Райымбек ауданында (бұрынғы Нарынқол ауданы) дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. Белгілі оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының туған ағасы.
Рысбек Сәрсенбай 2005 жылы інісі Алтынбек Сәрсенбайұлы қастандықпен өлтірілгеннен кейін оппозициялық «Жас Алаш» газетін басқарып, табанды күрес жолына бет бұрды. Елдегі әділеттілік үшін күрескен барлық бастаманың басы-қасынан табылуда. Соңғы уақытта саяси тұтқындардың мәселесі бойынша белсенді жұмыс атқарып, саяси көзқарасы үшін қудаланған жандарға жәрдемдесіп жүр.
Қазақстандағы Адам құқығы жөніндегі Бюро ұжымы Рысбек Сәрсенбайұлын туған күнімен құттықтап, ұзақ ғұмыр тілейді!
Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы