Бүгін Н.Томилованың үстінен «Қорғау» кәсіподағының жетекшісі М.Миргаязев прокуратураға арыз жазып, оның кеншілер атынан заңсыз сөйлеп жүргенін, сол үшін оны әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған еді.
Біздің бюроның Қарағанды қаласындағы бөлімшесіне хабарласқан Томилова сол арыз бойынша прокуратураға шақырылғанын, өзіне тағылған айыптың барлығының жалған екенін айтқан. Қолында «Казахстанкая» шахтасының кеншілерінің қолымен жазылған арыздар бар екенін, соның негізінде жұмыс істегенін айтқан.
Прокурадан шыққаннан кейін М.Томилованы шахтаға заңсыз кірді деген айыппен полиция қызметкерлері тұтқынға алған.
Біз Н.Томиловамен прокуратурадан шыққаннан кейін сұхбат жазуға келіскен едік. Оның ұялы телефоны әлі де жауап бермей тұр.