• Главная
  • >
  • Кеншілер: «Біздерді қылмыстық іспен қорқыту әрекеті басталды»

Кеншілер: «Біздерді қылмыстық іспен қорқыту әрекеті басталды»

13.12.2017

Ал Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облысы бойынша бөлімшесінің жетекшісі Жұмабеков Болат bureau.kz тілшісіне берген сұхбатында жағдайдың бірқалыпты екенін, дәл қазір келіссөз жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, дәл қазір кеншілер жалақыны 100 пайызға көтеру талабын өзгертпеген, ал компания басшылығы 30 пайызға көтеруге келісіп отыр. Келіссөздің басталғанын, енді мәселе біржақты боларына сенген кеншілер мен денсаулық жағдайы сыр бергендері шахтадан шығуға келіскен. Ол ресми әкімшілік таратқан 156 адам шықты деген ақпаратты  растап отыр.

Бүгін бірқатар БАҚ кеншілердің бір бөлігі Қарағанды облысы әкімімен кездесуден кейін шахтадан көтерілгені туралы ақпарат таратқан еді.

Келіссөз 22-желтоқсанға дейін жалғасатынын, жұмысшыларға сол уақытқа дейін мәселені шешу туралы уәде берілгенін айтады.

Ал әлеуметтік желіде кеншілер туралы үздіксіз ақпарат таратып отырған блогер Андрей Цуканов, «156 кеншінің көтерілгені» туралы ақпараттың жалған екенін, негізінде тек денсаулық жағдайына байланысты бірнеше адамның шахтадан шыққанын жазады.

 

 

 

 


Добавить комментарий