• Главная
  • >
  • Қытайдың Қазақстандағы елшісі Жаң Ханхуэй-ге ашық хат

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Жаң Ханхуэй-ге ашық хат

11.12.2017

«Хат 8 желтоқсанда Лю Иоңчиаң мырза арқылы жіберілді. Лю мырзамен кездесуде заңгер, құқық қорғаушы Ләззәт Қамзе, Алматыдағы қоғамдық кеңестен Қыдырәлі Оразұлы, сіңілісі жазықсыз сотталған Анар ханым қатысты. Нақты барысын алда толық жазатын боламыз», – дейді белсенділердің бірі Бейсен Ахметұлы.

Төменде хат мәтінінің толық нұсқасын ұсынамыз.

Аса мәртебелі Жаң Ханхуэй мырза!

Біз, Қытайда туып, мектеп бітіріп, Қазақстанға келген жастармыз. Сол кезге дейін Қытай саясаты арқасында еркін де, отаншыл болып жетілдік. Қытайда да ешқандай кедергіге жолықпай, Қытай басшылығында тіл мен дінімізді сақтап, еркін өскенімізді мақтаныш етеін едік. 

Ал, 2016 жылы Қытайдың Шинжаң өлкесінің партия басшылығына Чын Чуанго-ның келуі – Қытай мен Қазақстан арасына, Қытай халқы мен Қазақ халқы арасындағы ежелден келе жатқан тату-тәтті көршілік, достық, туыстық байланысқа ауыр нұқсан келтіруде.
Соның салдарынан Қытайда жасап жатқан ұлты Қазақ азаматтарының діни, ұлттық, саяси, азаматтық құқықтарына зян келді. Мыңдаған бейкүнә азаматтар жазықсыз сотталды. Қазақстандағы туысқаны бар болғаны үшін, балалары Қазақстанда оқығаны, саудалық байланыста болғаны үшін, Қытай үкіметі Ислам дінін, 4 үлкен діннің бірі ретінде мойындап, Ислам университеттерін ашып, әр елді мекенде мешіттер салуға рухсат етіп, мұсылмандарға мемлекет жағынан жағдай жасалып келседе, аяқ-астынан азамматтардың үйінен құран шыққаны үшін, WeChat, WhatsApp арқылы байланысқа шыққаны үшін «Саяси үйрену» деген атпен түрмеге қамады. Оларды іздеп барғандарға қоқанлоқы жасалды және оларды да жазықсыз жауапқа тартты. Тіпті, Қытай үкіметі өзі тағайындаған дін өкілдерін түрмеде өлтірілгені де жасырын емес. Бұндай жағдайлар дәлелді түрде Халықаралық және Қазақстандық ақпарат құралдарында жарияланған.

Біздің ерікті жастардың қолына Қазақстан азаматтарынан түскен 4 мыңнан астам арыз – соның дәлелі. 
Бұл – жалпыға бірдей адамдық құқықты таптау, Мау Зыдұңның «ұлт саясатына», Ши Жинпиңнің «Заңдық мемлекет құру» идеасына қайшы. Осы себептен Шинжаңдағы ұлт аралық қатынас барған сайын ушығып барады. Ұлты Қытай азаматтар да «зардап шегіп жатқандарын» ашық айта бастады. Себебі, сауда, өнеркәсіп тоқырап, іскер тұлғалар Шынжаңнан кете бастады.
Араздық, саяси және құқықтық таптау мен қысым – мемлекеттің тұрақтылығына кепілдік бермейтінін білесіз. Тіптен, әлем халықтарының Қытай ұлтына деген «антиқытайлық» идеа қалыптастырып, Қытайға қарсы ұйымдар мен топтардың пайда болуына алып келетіні даусыз. Сонымен бірге «Зор қытайшылдық» ауруының тууына, таралуына әсер етеді. Бұл көршілес елдер үшін де, Қытайдың өзі үшін де өте қауіпті.

2016 жылы Қазақстан Ішкі Істер Минстірлігі Қытайдан келген ұлты Қазақ азаматтардың ешқандай ұлттық бөлшектеушілік және діни экстремистік қимылдарға қатысы болмағанын зерттеп жариялаған болатын.
Бұл жағдай Қазақстан халқын және басқа да әлем халықтарының Қытай еліне деген алаңдаушылығын тудырды. Бұндай жағдайды екі елдің арасына жік салғысы келген ниеті жаман топтардың пайдаланып кетуі мүмкін. Біз оған жол бермеуіміз әрі бірлесе отырып қарсы тұруымыз керек.

Қытай мен Қазақстан арасындағы 25 жылдық өзара көршілік, достық, туыстық қатынас сынан өтті әрі екі ел халқы оны мақтаныш етіп жүрген еді. Тіптен, бұл тарихтан бері бұзылмаған достық болатын. Міне, бір ғана жылда ауыр сынаққа дүп келді. Ши жинпиң алға қойған «бір жол, бір белдеу» бағдарламасына да күман тудырды. 
Қазақстан – Қытайдың ең сенімді әрі стратегиялық маңызды көршісі. Екі елдің, екі халықтың достық, туыстық, іскерлік байланысын қорғау және дамыту, саяси таяз топтар мен әдейі арандатуынан сақтану – бәрімізге ортақ міндет.

Құрметті Жаң мырза!

Сіз, Конференцияда екі ел алдында тапсырылатын Арыздарды қабылдауыңызды, сонымен бірге «Екі елдің арасындағы көршілік, достық байланысты сақтау үшін» барынша көмектесетініңізді мәлімдеуіңізді сұраймыз. Бұл – сіздің екі ел алдындағы бұлтартпас міндетіңіз әрі бәрімізге ортақ жауапкершілік! Кей азаматтардың емоцияға беріліп екі елді сынап-мінеу, ашық қарсылыққа шығып, жаман орта тұғызуы – аталған мәселелерді шешпейтінін, ушықтыратынын білесіз. Ал оны тыныш, түсіністікпен, достықпен шешу – үлкен ақылдылық әрі бәрмізге артылған міндет!

Біз, ерікті жастардың мақсаты – Қытай мен Қазақстан арасындағы, екі халық пен екі ұлт арасындағы тарихи достықты, туыстықты, өзара көршілік байланысты сақтау және қорғау. «Антиқытайлық» пиғылдың, «Антиқытайлық ұйымдардың» қалыптасуының алдын алу және «зор қытайшылдық» ауруының таралуын шектеу. Сонымен бірге, арандату әректтеріне тосқауыл жасау.
Бұл мақсаттар мен міндеттер – екі ел халқының болашақ мүддесіне саяды әрі ұзақ боашақтық көршілік, достық байланыстың дамуына кепіл болады.

Сондықтан, Сізден Ши жинпиң мырзаға осы арман-тілегімізді жеткізуіңізді, Ши Жинпиң мырзаны ұйтқы еткен партия басшылығының, орталық комитеттің, орталық үкіметтің «Осы мәселелерге» баса назар аударып, дұрыс шешім шығаруына ықпал жасауыңызды сұраймыз!

Соңында «Екі елді достығы, көршілі, туыстық байланысы жасасын!» дегіміз келеді әрі Сіздің де істеріңізге сәттілік тілейміз.

Құрметпен,
Ерікті жастар…


Добавить комментарий