«Тұрғын үйге қаражат жинау шындығы: тергеу мен әділдік талап етіледі» баспасөз конференциясы
  • Главная
  • >
  • «Тұрғын үйге қаражат жинау шындығы: тергеу мен әділдік талап етіледі» баспасөз конференциясы

«Тұрғын үйге қаражат жинау шындығы: тергеу мен әділдік талап етіледі» баспасөз конференциясы

07.10.2025

Бұл — тек менің басымдағы жағдай емес, осал топтағы мыңдаған аналардың жанайқайы.

2021 жылы блогер Ырысбала Икрамбай менің атыма “баспана алып беремін” деп халықтан 13 785 000 теңге жинаған. Ақша небәрі 17 сағатта жиналған. Алайда уәде орындалған жоқ.

Кейін менің белсенділігімді, әкімдікке қатысты пікірімді сылтау етіп, көмектен бас тартты.

Қысым мен әділетсіздік жалғасуда:

– Мекенжайыма жалған арыз жазылып, мені тіркеуден шығарды

– Үйім апатты жағдайда, ауызсу жоқ, мектеп пен емхана алыс

– Ерекше күтімді қажет ететін қызым бар, өзім де денсаулығымнан жиі емделемін

– Халықтан жиналған ақша да, уәде етілген көмек те жоқ

Талаптарым:

1. Ырысбала Икрамбайға қатысты қылмыстық іс қозғалсын

2. Халықтан жиналған қаражаттың қайда кеткені зерттелсін

3. Жалған арыздар мен қысымға қатысты тергеу жүргізілсін

4. Моральдық және материалдық шығын өтелсін

5. Отбасыммен қауіпсіз әрі жайлы баспанаға қол жеткізуге көмектесілсін

Мен әділдік пен адамгершілік сұрап отырмын. Халық сеніп жинаған қаражаттың қайда кеткені ашық айтылсын. Бүгінгі конференция — шындықтың бетін ашып, нақты шешімдер қабылданатын күн болсын!

Спикер:

Болатжан Гүлім Болатжанқызы

Өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы 8 қазан, сағат 12:30

Өтетін орны: Бюро баспасөз орталығы, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 103а, «Детский мир» ғимараты, 410-кабинет

Тікелей эфир: https://www.facebook.com/kibhr/live/

Байланыс телефондары:

8 707 535 8279 Болатжан Гүлім Болатжанқызы

Андрей Гришин

Бюро баспасөз орталығы

8 707 420 40 14