• Главная
  • >
  • Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша, сотталушы Д.Е. Қалиахметтің ата анасының қатысуымен баспасөз маслихаты

Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша, сотталушы Д.Е. Қалиахметтің ата анасының қатысуымен баспасөз маслихаты

03.07.2025

2025 жылдың шілде айының 04–ші жұлдызы сағат 12:00 де Алматы қаласында, Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша, сотталушы Д.Е. Қалиахметтің ата анасының қатысуымен баспасөз маслихаты өтеді.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 05.06.2025 жылғы үкімімен Қалиахмет Дидар Еркінұлы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293 бабы 3 бөлігімен  7 жылға бас бостандығынан айыру  түріндегі жазаға сотталды.

2024 жылдың қазан айының 03нен 04 не қараған түні, Талғар қаласында орын алған жан жалдын салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған Шерзат Полат қайтыс болып, сол түні төбелеске емес, дүкеннен зат алуға келген Қалиахмет Дидар Еркінұлы, заңсыз қылмыстық жауаптылыққа тартылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сотталушының ата анасының айтуы бойынша, Қалиахмет Дидар Еркінұлы, өзінің бөлелерімен моншадан кеиін үйге қайтар жолда сол дүкенге сыра алуға барған, ұлдары дүкенге келген кезде бір топ бала  сол жерде тұрған.

Сол түні орын алған  төбелеске ұлдарының қатыспағанын, ешақандай да қару ұстамағанын, ешкіммен сөз байласпағанын алға тартады.

Осы қылмыстық іс бойынша  Қалиахмет Дидардан басқа 8 азамат  сотталған болса, сегізіде Қалиахметтің  сол түні болған оқиғаға Қалиахмет Дидардың қатысы жоқ екендігін айтып отыр, сондай ақ іс бойынша сұралған жәбірленуші Қ.Нурумовтың өзі де Қалиахметтің сол түні дукеннің алдында болғанын бірақ төбелеске қатысты деп айта алмайтындығын  сот тергеу барысында айтқан болатын.

Сот тергеуі кезінде сұралған бір де бір куә Қалиахмет Дидардың қандай да бір өрескел құқық бұзушылық жасағанын көрмеген.

Сотталушы  Д.Е. Қалиахметтің ата анасы, соттың үкімімен келіспейді және ұлдарына  үкімді сот заңсыз, еш бір дәлелсіз, тек халық ішінде туындаған шудың негізінде ғана кесті деп есептейді.

Спикерлер:

Асель ДУЙСЕНБАЕВА, сотталған Д.Е. Қалиахметтің анасы

Еркин ЕСИМБЕКОВ, әкесі

Алмас МЫРКАСЫМБАЕВ, қорғаушы

Гаухар БАЙМУХАНОВА, қорғаушы

Балауса СЕЙДЕПАСОВА қоғамдық қорғаушы

Уақыты және орны: 04 шілде 2025, 12:00

Болатын орны: пресс-центр  Қазақстандағы халықаралық «Адам құқықтары жөніндегі бюро»

Мекен жайы: Алматы қаласы, Абылай хан проспектісі, 103/Төле би 70 г. Алматы, пр. Абылай хан 103/Толе би 70 («Детский мир» дүкенінің ғимараты, 4 қабат, сұр есік, 410 кабинет)

Трансляция: https://www.facebook.com/kibhr/live/

Андрей Гришин

Пресс-центр КМБПЧ

8 707 420 40 14