• Главная
  • >
  • «Репрессияларды тоқтату мен саяси реформалар» баспасөз мәслихаты

«Репрессияларды тоқтату мен саяси реформалар» баспасөз мәслихаты

11.05.2023

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

12.05.2023(жұма)сағат 11:00-де «Oyan, Qazaqstan» қозғалысының баспасөз мәслихаты өтеді. Жиын тақырыбы: «Репрессияларды тоқтату мен саяси реформалар»

«Oyan, Qazaqstan» қозғалысы 2019 жылы елдегі қалыптасқан саяси жүйені өзгертуді, репрессияны тоқтатуды, саяси реформалар жүргізуді талап етіп құрылған. Сол уақыттан бері ұйым мүшелері бейбіт іс-әрекеттері үшін түрлі қысымдар мен қудалауларға ұшырады. Қудалаулар бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл 2023 жылғы 21 наурызда ҰЕҰ БҰҰ азаптауға қарсы комитетінің Қазақстан бойынша есебіне де енген.

Спикерлер:

Асем Жапишева  – саяси белсенді, журналист, «Oyan, Qazaqstan»

Инга Иманбай – құқық қорғаушы, саяси белсенді, журналист, «Демпартия»

Равкат Мұхтаров – экономист,  саяси белсенді, «Oyan, Qazaqstan»

Бейбарыс Толымбек – кәсіпкер, саяси белсенді, «Oyan, Qazaqstan»

Жанель Шахан – суретші, саяси белсенді, «Oyan, Qazaqstan»

Мекен-жайы: Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының баспасөз орталығы.

Алматы қ., 8 мөлтек ауданы, 4а, «Казинвестстрой» бизнес орталығы, 425 каб. (Абай-Өтеген батыр ауданы, Мәскеу метро станциясының жоғарғы жағы)

Тарату: https://www.facebook.com/kibhr/live/

Инга Иманбай, баспасөз орталығ:

+8 7272 498670

ПРЕСС АНОНС

12.05.2023 в Алматы состоится пресс-конференция движения «Oyan, Qazaqsrtan» с требованием прекратить репрессии и провести политические реформы

Движение за политические реформы «Оyan, Qazaqstan» образовалось в 2019 году с требованием проведения реформы политической системы, отказа от политики репрессий, а также проведения честных и открытых выборов. С момента основания движения, его участники неоднократно становились жертвами давления, угроз, задержаний, прослушивания, преследования на работе и учебе в наказание за мирные, легитимные действия.

Например, в недавнем от 21 марта 2023 г. совместном отчете НПО для 76-й сессии Комитета ООН против пыток по Казахстану говорится о неоднократном нарушении прав участников движения и других политических активистов при проведении мирных собраний, включая удержание в кеттлинге от трех до 10,5 часов. Кроме того, участники движения в течение этих лет систематически подвергаются незаконным задержаниям, происходят похищения участников из дома, шантаж, попытки подкупа, угрозы арендодателям активистов, угрозы через деканаты и работодателей, слежки, прослушки, взломы телефонов и другой техники, угрозы физической расправы.

Спикеры:

Асем Жапишева  – активист, журналист, «Oyan, Qazaqstan»

Инга Иманбай – правозащитник, автивист, журналист, «Демпартия»

Равкат Мұхтаров – экономист,  активист, «Oyan, Qazaqstan»

Бейбарыс Толымбек – бизнесмен, активист, Oyan, Qazaqstan

Жанель Шахан – художница, автивист, Oyan, Qazaqstan

Дата: 12 мая 2023 г.

Время: 11:00

Место: пресс-центр КМБПЧ

Адрес: Алматы, 8 мкр, 4а, «Казинвестстрой» бизнес центр, 425 каб. (ул. Абая-Утеген батыра)

Эфир: https://www.facebook.com/kibhr/live/

Контакты: Инга Иманбай

пресс центр:

+8 7272 498670

Cаяси реформа талап етуші «Oyan, Qazaqstan» қозғалысының репрессияларды тоқтату мен саяси реформа жөніндегі үндеуі

«Oyan, Qazaqstan» қозғалысы 2019 жылы елдегі қалыптасқан саяси жүйені өзгертуді, репрессияны тоқтатуды, саяси реформалар жүргізуді талап етіп құрылған. Сол уақыттан бері ұйым мүшелері бейбіт іс-әрекеттері үшін түрлі қудалауларға ұшырады. Бопсалау, сатып алу, аңду, үйінен ұрлап алып кету және т.б қысымдар көрді. Қудалаулар бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл 2023 жылғы 21 наурызда ҰЕҰ БҰҰ азаптауға қарсы комитетінің Қазақстан бойынша есебіне де енген. Онда үш сағаттар 10,5 сағатқа дейін кеттлингте тұрғандары жөнінде де айтылған.

Осының барлығына қарамастан біз өз позициямызды сақтап келеміз. Біз биліктің бақылауындағы сайлауды және оның нәтижесін мойындамаймыз. Өрескел заңбұзушылықтармен өткен президент және парламент сайлауы легитимді бола алмайды. 

Дархан Шарипов пен Влада Ермольчева Конституция мен халықаралық заңдарда кепілдік берілген жеке көзқарасын білдіргені үшін сотталды. Олар демалыс күні, түнде, тергеу ісі барынша жабық жағдайда сотталды. ӘҚБтК-ге сәйкес, егер сот қаулысына белгіленген мерзімде шағым жасалса, заңды күшіне енген болып саналмайды: әкiмшiлiк қамауға алу туралы шағым негiзiнде сот шешiмiнiң орындалуы тоқтатыла тұруы тиiс. Яғни Владаны босатуы тиіс. Шындығында, Владаны арнайы тергеу изоляторына алып барып, ешқандай заңды негізсіз қамауға алды - бұл оның құқықтарын өрескел бұзу. 
Дархан мен Влада өтірік айтқан жоқ. Қазақстан тарихында бірде-бір сайлау ашық, әділ өткен жоқ. Бұрын біздің дауысымызды Назарбаев пен «НұрОтан» партиясы ұрласа, қазір Тоқаев пен «Аmanat» партиясы ұрлауда.  
Біз саяси белсенділерді қудалауды тоқтатуды және Дархан Шарипов пен Влада Ермольчеваны босатуды талап етеміз!  
Біздің жақтастарымыз заңсыз қамауда отырған уақытта біз «Oyan, Qazaqstan» қозғалысы не үшін күресіп жүргенін сіздердің естеріңізге салғымыз келеді және барлықтарыңызды біздің талаптарымызға қосылуға шақырамыз!  

Біз шынайы демократиялық өзгерістерге төмендегі принциптерге сүйене отырып жетеміз:

1. Біз, барлық қазақстандықтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді, сондай-ақ барлық саяси қуғын-сүргіндерді тоқтатуды талап етеміз. Әр адам сөз бостандығына және өзінің жеке көзқарасын білдіруге, кез-келген ақпаратқа қол жеткізуге және оны таратуға, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды өткізуге және бірлесу бостандығына құқылы. Бұл үшін ешбір азамат қудаланбауы, тұтқындалмауы немесе сотталмауы керек.

2. Конституцияны қоса алғандағы азаматтардың құқығы мен бостандығын қазіргі таңда шектейтін барлық заңдар адам құқықтарының халықаралық стандарттарына, заң үстемдігі қағидасына сәйкестендірілуі тиіс.

3. Биліктің бөлінуі қағидасын ұстана отырып, парламенттік республикаға өту қажет. Бұл ашық және барлық билік тармақтарының тепе-теңдігі сақталған жүйе құрудың айырылмас бөлігі. Қуатты парламент атқарушы билікті құрады және  тікелей, бір мандатты округтер арқылы сайлау өткізу арқылы жасақталады. Шексіз билікке ие президент институты жойылуы тиіс. Шамадан тыс күштің бір қолда шоғырлануы зорлық-зомбылық пен авторитаризмге алып келетіні анық.

4. Біз, жергілікті халықтың мүдделерін құрметтеуді қамтамасыз етуді талап етеміз. Бізге жергілікті өзін-өзі басқарудың толыққанды жүйесі қажет. Мәслихаттар мажоритарлық жүйе арқылы сайлануы тиіс және олардың өкілеттігін кеңейту керек. Барлық деңгейдегі әкімдер тікелей дауыс беру арқылы сайлануы тиіс.

5. Біз, бүкіл сайлау жүйесін реформалауды талап етеміз. Бұл жүйе шынайы және әділ сайлау өткізу жөніндегі халықаралық стандарттарға және демократиялық қоғамдағы міндеттемелерге сәйкес болуы керек.

6. Біз, сот билігінің тәуелсіздігі мен заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін сот жүйесін түгелдей реформалауды және президенттің судьяларды тағайындаудан бас тартуын талап етеміз. Қазылар алқасының классикалық үлгісін енгізу керек.

7. Полиция қоғам (бұқара) мен парламентке есеп беруі тиіс. Оның бар міндеті – заң мен тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес. Полиция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеу үшін пайдаланылмауы керек.

8. Біз, мемлекетіміздің барлық институттары үшін тиімді басқару принциптерін енгізуді талап етеміз. Барлық билік органдарының қызметі ашық болуы қажет және қоғамға есеп беруі керек. Бұл – жемқорлықты жеңудің жалғыз жолы.

9. Саяси жүйені реформалау үшін, биліктің барлық тармақтарына өкілеттіліктің теңдей бөлінуі мен тәуелсіз бақылау жүйесін енгізу үшін мемлекеттің саяси құрылымының реформасы негізінде тәуелсіз комиссия құрылуы тиіс.


Әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігі мен Қазақстан Республикасының дамуын қамтамасыз етуді саяси реформа мен шынайы саяси өзгерістерсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Бүгін сол тарихи сәт келді. Бұл – ақиқат пен оянудың, азаматтардың жоғалтқан құқықтары мен бостандығын қайтаратын, мемлекеттің тұрақты даму жолына түсетін уақыты. Біз демократиялы, тәуелсіз және еркін елде тұруымыз керек.

Оян, Қазақстан!

Анықтама: «Oyan, Qazaqstan» қозғалысы 2019 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін құрылған. Ол саяси реформа, ІІМ реформасы, парламенттік республика болуды қолдайды. Соңғы төрт жылда қозғалыс ондаған наразылық акциясын ұйымдастырды. Оның ішінде президент және парламент сайлауына қарсылық, Ресейдің Украинаға басып кіруіне наразылық бар. Ұйым белсенділері бірнеше рет ұсталып, күштік құрылым тарапынан түрлі қысымдар мен қорқытуларға ұшырады.

Заявление движения за политические реформы «Oyan, Qazaqstan» о прекращении репрессий и реформах в стране

Движение за политические реформы “Оyan, Qazaqstan” образовалось в 2019 году с требованием проведения реформы политической системы, отказа от политики репрессий, а также проведения честных и открытых выборов. С момента основания движения, его участники неоднократно становились жертвами давления, угроз, задержаний, прослушивания, преследования на работе и учебе в наказание за мирные, легитимные действия.

Например, в недавнем от 21 марта 2023 г. совместном отчете НПО для 76-й сессии Комитета ООН против пыток по Казахстану говорится о неоднократном нарушении прав участников движения и других политических активистов при проведении мирных собраний, включая удержание в кеттлинге от трех до 10,5 часов. Кроме того, участники движения в течение этих лет систематически подвергаются незаконным задержаниям, происходят похищения участников из дома, шантаж, попытки подкупа, угрозы арендодателям активистов, угрозы через деканаты и работодателей, слежки, прослушки, взломы телефонов и другой техники, угрозы физической расправы.

Несмотря на это, мы остаемся тверды и верны своей позиции: мы не признаем контролируемые выборы и их результат. Ни президентские, ни парламентские выборы с явными и подтвержденными нарушениями, не могут считаться легитимными.

Дархан Шарипов и Влада Ермольчева были осуждены за выражение своего мнения – то есть за право, гарантированное нам конституцией и международным законодательством. Они были осуждены ночью, в выходной, внезапно, с максимальной скрытностью и полным отсутствием прозрачности делопроизводства. Согласно КоАП, решение суда не считается вступившим в силу, если оно было обжаловано в установленные сроки: на основании обжалования административного ареста, исполнение решения суда должно быть приостановлено, а Владу должны были выпустить. На деле, Владу увезли в спецприемник и заперли без каких-либо законных оснований — это грубейшее нарушение её прав.

Дархан и Влада не лгали: за всю историю Казахстана ни одни выборы в стране не были проведены открыто, с соблюдением законов. Наши голоса крали Назарбаев и партия «Нур-Отан», а сейчас их крадут Токаев и партия «АМАНАТ».

Мы требуем прекратить репрессии в отношении политических активистов и освободить Дархана Шарипова и Владу Ермольчеву! 

Пока наши соратники незаконно удерживаются в спецприемнике, мы бы хотели напомнить казахстанцам, за что борется движение “Oyan, Qazaqstan” и призвать всех присоединиться к нашим требованиям. 

Казахстану требуется реформа политической системы и отказ от политики репрессий и ограничений на основе следующих принципов:

1. Соблюдение фундаментальных прав и свобод всех граждан, гарантия политического плюрализма, а также прекращение политических репрессий. Каждый должен иметь право на свободу слова и выражение мнения, на получение и распространение информации любым способом, а также на мирные собрания и свободу объединения. Ни один человек не должен быть за это осужден или арестован.

2. Все законы, включая Конституцию, налагающие ограничения на права и свободы граждан, должны быть приведены в соответствие с международными стандартами прав человека и принципами верховенства права.

3. Переход к парламентской республике с разделением властей. Сильный парламент формирует исполнительную власть и представляет население путем прямых выборов через одномандатные округа. Институт президента должен быть лишен широких полномочий. Чрезмерная власть в одних руках ведет к злоупотреблениям и авторитаризму.

4. Соблюдение интересов населения на местном уровне через внедрение полноценной системы местного самоуправления. Маслихаты должны избираться по мажоритарной системе, их полномочия должны быть расширены. Акимы на всех уровнях должны избираться прямым голосованием.

5. Избирательная система должна быть приведена в соответствие с международными стандартами и обязательствами страны по проведению честных и справедливых выборов в демократическом обществе.

6. Гарантия независимости судебной власти и верховенства права через реформу всей судебной системы и отказ от практики назначения судей президентом. Должна быть введена классическая модель суда присяжных.

7. Подотчетность полиции обществу и парламенту. Функция полиции — обеспечение правопорядка и борьба с преступностью. Полиция не должна использоваться для подавления прав и свобод граждан.

8. Введение принципа эффективного управления для всех институтов государства. Деятельность всех органов власти должна быть прозрачной и подотчетной обществу. Только так можно победить тотальную коррупцию.

9. Для реформирования политической системы, распределения полномочий между ветвями власти и внедрения системы сдержек и противовесов необходимо сформировать независимую комиссию по реформе политического устройства страны.


Безопасность, развитие и прогресс каждого казахстанца и нашей общей страны Республики Казахстан невозможны без реальных политических реформ и преобразований. Сегодня настал исторический момент, момент истины и пробуждения, когда свободные граждане должны вернуть себе утраченные права и свободы, когда государство должно встать на путь устойчивого развития во всех сферах жизни. Мы должны жить в демократической, независимой и свободной стране.

Оян!

Справка: Движение Oyan, Qazaqstan было сформировано в 2019 году после отставки бывшего президента Казахстана Нурсултана Назарбаева. Оно выступает за политические реформы, реформы МВД и преобразование Казахстана в парламентскую республику. За прошедшие четыре года движение провело десятки публичных акций, в том числе против президентских, парламентских выборов, а также вторжения России в Украину. Активисты движения неоднократно задерживались силовиками, подвергались давлению и угрозам.


Смотрите также