16 қыркүйек (сейсенбі) 2025 сағат 14:00 Алматыда журналист Мирболат Мырзатайұлының қамауға алынуына байланысты баспасөз мәслихаты.
Желтоқсан көтерілісінің куәгері, әділет үшін күресіп жүрген журналист Мирболат Мырзатайұлы 2 қыркүйек күні қамауға алынды. Бұл – қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отырған оқиға.
Біз баспасөз мәслихатын өткізіп, осы істің шынайы жағдайын, заңсыздықтарды және журналистке жасалып отырған қысымды ашық айтамыз.
Бұл – тек бір адамның ісі емес, баршамыздың сөз бостандығымызға, азаматтық құқымызға төнген қауіп.
Барлық бұқаралық ақпарат құралдарын және азаматтық қоғам өкілдерін қатысуға шақырамыз.
Спикерлер:
Жанар БАЛҒАБАЕВА, қорғаушы
Гүлшат БИШУИНОВА, қоғамдық қорғаушы –
Худайшүкір АБДУЛЛАЕВ, Желтоқсан ардагері
Халелхан ИБРАЙЫМХАНҰЛЫ, Желтоқсан ардагері –
Модератор: Ибинжан ГУЛЖАХАН
Уақыты: 2025 жылдың 16 қыркүйек, сағат 14:00
Өтетін орын: Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі Бюро пресс-орталығы
Мекен жайы: Алматы қаласы, Абылай хан проспектісі, 103/Төле би 70 г. Алматы, пр. Абылай хан 103/Толе би 70 («Детский мир» дүкенінің ғимараты, 4 қабат, сұр есік, 410 кабинет)
Тікелей эфир: https://www.facebook.com/kibhr/live/
Андрей Гришин
Пресс-центр КМБПЧ
8 707 420 40 14