«Қазақстан билігі «Атажұрт» халықаралық құқық қорғау ұйымның 18 мүшесін шартсыз түрде босатсын» баспасөз конференциясы
  • Главная
  • >
  • «Қазақстан билігі «Атажұрт» халықаралық құқық қорғау ұйымның 18 мүшесін шартсыз түрде босатсын» баспасөз конференциясы

«Қазақстан билігі «Атажұрт» халықаралық құқық қорғау ұйымның 18 мүшесін шартсыз түрде босатсын» баспасөз конференциясы

31.03.2026

2026 жылы 01 сәуір, сағат 12:00, Алматыда «Қазақстан билігі «Атажұрт» халықаралық құқық қорғау ұйымның 18 мүшесін шартсыз түрде босатсын» баспасөз конференциясы өтеді.

«Атажұрт» ұйымның 18 мүшесі қамауда және үй қамақта отырғанына 6 айға таяды. Олардың денсаулық жағдайы сыр беруде. Атап айтқанда, Қытай концлагерінде отырған Тұрсынбек Қабидың жағдайы қатты  нашарлаған. Ал Батылбек Байғазының көзі мүлде көрмейді, Бақытнұр Нұрмұқанның құлағы мүлде естімей қалған.

Ал асыраушысынан айырылған қамалғандарың отбасы мүшелері қатты зардап шегуде. Бейсенәлі Ақжігіттің кәмелетке толмаған 5 баласы асыраусыз қалды,  ал   Марғұлан Нұрданғазының жүкті әйелі уайымның салдарынан жүрегінен ақау шыққан.

Тақырып

ҚР Қылмыстық кодексі 174-бабы бойынша саяси себеппен жазықсыз  іс қозғалып отырған «Атажұрттың»  18 азаматын босатуды талап етеміз.

Спикерлер:

Тұрарбек АСЫЛБЕКОВ, «Атажұрт»   құқық қорғау ұйымның мүшесі

Дина НҰРДЫБАЙ «Атажұрт» құқық қорғау ұйымның мүшесі, Қытай концлагер күәгері

Әсен НҰРСАН, «Атажұрт» құқық қорғау ұйымның мүшесі

Нұргүл ИБРАЕВА, «Атажұрт» басшысы Бекзат Мақсұтханның жұбайы;

Оралхан ӘБЕН, түрмеде отырған Тұрсынбек Қабидың жұбайы.

Өтетін орны:

Алматы қ., Абылайхан даңғылы 103, Төле би көшесінің қиылысы,

4-қабат, 411-кеңсе.

Өтетін уақыты:

01.04.2026 жыл

Сағат; 12;00.

Тiкелей эфир: https://www.facebook.com/kibhr/live/