• Главная
  • >
  • ҚР институттарын бала құқығының сақталуы бойынша халықаралық талаптарға сәйкестендіру

ҚР институттарын бала құқығының сақталуы бойынша халықаралық талаптарға сәйкестендіру

05.04.2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

ЖАҚСЫБЕКОВ Ә.Р.мырзаға

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

НИГМАТУЛИН Н.З. мырзаға

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
САҒЫНТАЕВ Б.А. мырзаға

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

 ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША

КОМИССИЯ ЖЕТЕКШІСІ

СҰЛТАНОВ Қ.С. мырзаға

 
«НҰР-ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСІ

ӘБДІРОВ Н.М. мырзаға

МӘЛІМДЕМЕ

 

 «БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ» БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫ АТЫНАН

 

2015 жылдың 6-ақпаны күні Женевада БҰҰ бала құқығы бойынша Комитетте «Балалар құқығын қорғау бойынша» үкіметтік емес ұйымдардан тұратын Жұмыс тобы (ары қарай Жұмыс тобы) Қазақстанның БҰҰ бала құқығы бойынша Конвенцияны орындау деңгейіне байланысты өзінің Альтенативті баяндамасын сәтті жасады. Комитет өкілдері баяндаманы таныстыру кезінде 40-тан астам сұрақ қойды. Оның басым бөлігі елдегі бала құқығы бойынша Арнайы өкілдің жұмысына байланысты болды. Сұрақтар сексуалды қорлау, бала сату, мектепте ұрып-соғу, білім, Арал өңірінде тұратын балалар жағдайы, ювеналды іс атқару және мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты болды. 

 

Балалар құқығы бұзылу фактісі жиілеп кетуіне орай, БҰҰ адам құқығы бойынша Кеңес және басқа да кәмелеттік жасқа толмаған азаматтар құқығы бойынша Конвенциялық органдар ұсыныстарын негізге ала отырып Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарын төмендегі ұсыныстарға назар аударуға шақырады:

 

  • Қазақстан Республикасы бала құқығы бойынша Уәкіл жұмысын БҰҰ бала құқығы бойынша Комитеттің № 2 ескертуіне және Париж принциптеріне сәйкестендіру.

 

  • Дәл қазіргі адам, техника және қаржылық ресурстың тапшылығы жағдайында, тек қоғамдық бастама ретінде бұл институт бала құқығын толыққанды қамтамасыз ете алмайды. Уақыт ағымын ескеріп Адам құқығы бойынша Уәкіл институтын тез арада күшейту жолдары қарастырылуы тиіс деп санаймыз. Барлық аймақты қамтитын бөлімшелер/өкілдіктер ашып, мемлекет аумағында бала құқығы бұзылуы фактілерін мониторингтік бақылауға алу керек.

 

  • Балалар құқығының сақталуын қадағалап, бұзылу фактілеріне тез арада араласу, тәуелсіз баға беру мақсатында уәкілетті орган, балалар құқығын қорғау бойынша Комитетті ҚР Білім министрлігі қарауынан бөлу керек.

 

  • Тез арада балалардың өзі мен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен балалар құқығын қорғау бойынша Ұлттық жоспар / Стратегияны жасау керек.

 

«Балалар құқығын қорғау бойынша» үкіметтік емес ұйымдардың Жұмыс тобы Қазақстанның адам құқығы мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі бюро бастамасымен 2002 жылы құрылды. Оның мақсаты Қазақстан аумағында балалар құқығының сақталуы бойынша мониторинг жүргізу, қандай да жағдайда, мектепте, үйде, құзырлы орган өкілдері немесе дәрігерлер тарапынан құқығы бұзылып, қорлыққа тап болған балалар мен олардың ата-аналарына құқықтық көмек беру.

 

Жұмыс тобы Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар Коалициясының (Child Rights Connect / former NGO Group) және құрамына әлем бойынша 70-тен астам мемлекет өкілдері кіретін Халықаралық ресурстық орталықтың (ISS, Швейцария, г. Женева) серіктесі болып табылады.

                          

Жұмыс тобы БҰҰ бала құқығы бойынша Комитетке Қазақстандағы бала құқығы бойынша Альтернативті есеп дайындайды. Сонымен қатар, бала құқығына қатысты Конвенцияның екі Факультативті Хаттамасының, адам саудасы, балалар порнографиясы мен саудасы және балаларды қарулы қақтығыстарға тарту бойынша Хаттамалардың орындалуына қатысты Альтернативті есеп дайындайды.

 

Құрылған күннен бастап «Балалар құқығын қорғау бойынша» Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Жұмыс тобы әріптестікке ашық болып келеді.

 

«Балалар құқығын қорғау бойынша» Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Жұмыс тобы:

«Қазақстанның адам құқығы және заңдылықтың сақталуы бойынша бюросы» ҚБ (Алматыдағы бас кеңсе және 10 өкілдікті, Астанадағы өкілдікті қоса есептегенде), Жұмыс тобының координаторы Ақылбекова Р.М.,

«Адам құқығы үшін хартиясы» ҚҚ, Алматы қ., Тұрмағамбетова Ж.Ө.,

Қазақстанның балалар қоры, Ватлина Э.С.,

«Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы», Байсақова З.М.,

«Амансаулық» ҚҚ, Түменова Б.Н.,  

Шығармашыл бастамалы әйелдер лигасы, Хайрулина Ә.У.,

«Феминистстік лига» ҚҚ, Зайцев Ю.П., Козырева Е.А.,

Феминистік лига, Морозова Галина (Көкшетау қ.),

«Әйелдерді қолдау орталығының талдықорғандық өкілі» ҚҚ, Нұрмұханова Ж.Б.

 

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары:

«Жанұяны қолдау орталығы» ҚҚ, Семей қ., Асташкина Л.М.,

«ПЦЖИ «Сана Сезiм» ҚБ, Шымкент қ., Халиулин И.,

«Мейрiм» ҚҚ, Актау қ., Муха А.В.,

«ЦПДПЖ «Томирис» ҚБ, Жезказған қ., Предеина В.Н.,

«Феникс даму және қалпына келу орталығы» ҚБ, Өскемен қ., Ахметқалиева Н.М.,

«Отандастар» ҚБ, Сарыкемер қ. (Жамбыл облысы), Ильясова А.Г.,

«Ұлағатты жанұя» ҚҚ, Алматы қ., Гурина М.,

 «Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ, Ақтөбе қ.,

«Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ, Петропавл қ., Орлова А.Г.,

«Луч надежды» ҚҚ, Көкшетау қ., Рубежанская Л.А.,

«Қазақстан жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі бірлестігі»  ҚБ, Қостанай қ., Косюк Н.,

«Гендерлік ақпараттық-сараптамалық орталығы» ҚБ,  Қарағанды қ.,

 


Добавить комментарий