АСТАНА – 2025 жылғы 21 қарашада Еуропалық Одақ қаржыландыратын жобалар шеңберінде 2025 жылғы құқық үстемдігі мәселелері бойынша «Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі – жаңғырту, заң және құқық қолдану» форумы өтті. Форумға Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Моңғолиядан 80-нен астам қатысушы, оның ішінде Парламент, Үкімет мүшелері, сот және құқық қорғау органдары, азаматтық қоғам өкілдері, заңгерлер, зерттеушілік және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қазақстандағы Еуропалық Одақ Елшісі Алешка Симкич ашылу салтанатында: «Еуропалық Одақ және Қазақстан құқық үстемдігі саласында көптен бері әріптестік қатынастарға ие. ЕО халықаралық стандарттарға сәйкес адамның қадір-қасиетін қорғау үшін әділетті әрі ізгілікті сот төрелігі жүйесін құру үшін жергілікті жауапкершілікті нығайту қажеттілігін ескере отырып, реформалық бастамаларға қатысты диалог пен техникалық қолдауды жалғастыруда», – деді
Талқылаудың негізгі тақырыптары қылмыстық-атқару саясатын жаңғыртудың стратегиялық бағыттары, жазаны орындау саласындағы халықаралық стандарттар (Нельсон Манделаның қағидалары мен Бангкок ережелерін қоса алғанда), сотталғандарды пробациялау және әлеуметтік реинтеграциялау, сондай-ақ адам құқықтарының кепілдіктері және жазаны орындау жүйесін тиімді басқару болды. Форум Қазақстан үшін құқық қорғау қызметінің құрамдас бөлігі ретінде қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы адам құқығы
мен бостандықтарының үстемдігі қағидаттарына бейілділігін көрсетуге бірегей мүмкіндік жасады. Форумның ұсынымдары одан әрі заңнамалық және институционалдық өзгерістер үшін бағдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары мен азаматтық қоғам институттарының осы уақыт пен болашақта күтілетін болжаулары мен сын-қатерлеріне сәйкес келетін жазаларды орындаудың әділ, ізгілікті және тиімді жүйесін құру бағытындағы күш-жігерін біріктіру құралы болады.
Форумның серіктесі БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы.
Ақпарат: Форум Еуропалық Одақ (ЕО) қолдаған екі жобаның синергиясының нәтижесі болды. «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры (LPRC) және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік (IPHR) үш жыл ішінде (2024-2026 жж.) іске асыратын «Азаматтық қоғамның барлық адамдарға заң үстемдігін ілгерілету жөніндегі үйлестірілген әрекеттері» жобасы азаматтық қоғамның құқық үстемдігін қолдаудағы әлеуетін нығайтуға және Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігі жүйесіндегі сын-тегеуріндерге ден қоюға бағытталған. Жобаның жалпы бюджеті 777 895 еуроны құрайды, оның ішінде ЕО-ның жарнасы 739 000 еуро мөлшерінде. «Қатыгез циклды бұзу: қазақстанда азаптауға қарсы күреске көп қырлы көзқарас» жобасын «Талдықорған құқық қорғау орталығы» ҚБ, «Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюро» ҚБ және Орталық Азиядағы Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) өкілдігі іске асыруда, оның ұзақтығы үш жылды құрайды (2024-2027 жж.) және үш негізгі бағытқа негізделген көпжақты және жүйелі тәсіл арқылы Қазақстанда азаптауларды жоюға жәрдемдесуге, яғни азаптаулардың алдын алу, тиімді тергеп-тексеру және құрбандарға өтемақы төлеу. Жобаның жалпы бюджеті 768 490 еуроны құрайды, оның ішінде ЕО-ның салымы 730 000 еуро мөлшерінде.Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырды. Оның мазмұнына тек «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді. Басылым Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен “Құқықтық саясатты зерттеу орталығы” ҚҚ (LPRC) және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік (IPHR) жүзеге асыратын “Азаматтық қоғамның барлық адамдарға заң үстемдігін ілгерілету жөніндегі үйлестірілген әрекеттері” жобасы шеңберінде дайындалды.
