• Главная
  • >
  • Журналист Мирболат Мырзатайұлының қамауға алынуына байланысты баспасөз мәслихаты

Журналист Мирболат Мырзатайұлының қамауға алынуына байланысты баспасөз мәслихаты

15.09.2025

16 қыркүйек (сейсенбі) 2025 сағат 14:00 Алматыда журналист Мирболат Мырзатайұлының қамауға алынуына байланысты баспасөз мәслихаты.

Желтоқсан көтерілісінің куәгері, әділет үшін күресіп жүрген журналист Мирболат Мырзатайұлы 2 қыркүйек күні қамауға алынды. Бұл – қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отырған оқиға.

Біз баспасөз мәслихатын өткізіп, осы істің шынайы жағдайын, заңсыздықтарды және журналистке жасалып отырған қысымды ашық айтамыз.

Бұл – тек бір адамның ісі емес, баршамыздың сөз бостандығымызға, азаматтық құқымызға төнген қауіп.

Барлық бұқаралық ақпарат құралдарын және азаматтық қоғам өкілдерін қатысуға шақырамыз.

Спикерлер:

Жанар БАЛҒАБАЕВА, қорғаушы  

Гүлшат БИШУИНОВА, қоғамдық қорғаушы –

Худайшүкір АБДУЛЛАЕВ, Желтоқсан ардагері

Халелхан ИБРАЙЫМХАНҰЛЫ, Желтоқсан ардагері –

Модератор: Ибинжан ГУЛЖАХАН

Уақыты: 2025 жылдың 16 қыркүйек, сағат 14:00

Өтетін орын: Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі Бюро пресс-орталығы

Мекен жайы: Алматы қаласы, Абылай хан проспектісі, 103/Төле би 70 г. Алматы, пр. Абылай хан 103/Толе би 70 («Детский мир» дүкенінің ғимараты, 4 қабат, сұр есік, 410 кабинет)

Тікелей эфир: https://www.facebook.com/kibhr/live/

Андрей Гришин

Пресс-центр КМБПЧ

8 707 420 40 14