• Главная
  • >
  • Пресс-конференция «Карагандинская трагедия: грабеж, истязание, смерть и молчание полиции» / «Қарағанды трагедиясы: тонау, азаптау, өлім және полиция үнсіздігі» тақырыбында баспасөз конференциясы

Пресс-конференция «Карагандинская трагедия: грабеж, истязание, смерть и молчание полиции» / «Қарағанды трагедиясы: тонау, азаптау, өлім және полиция үнсіздігі» тақырыбында баспасөз конференциясы

04.08.2025

5 августа 2025 года (вторник) в 12:00 в Алматы состоится пресс-конференция на тему: «Карагандинская трагедия: грабеж, истязание, смерть и молчание полиции»

4 сентября 2024 года в Караганде при загадочных обстоятельствах погиб 40-летний гражданин Наукенов Нургельды Майжаканович. Он пришёл на встречу со знакомыми, где был жестоко избит и потерял сознание. Вместо оказания медицинской помощи, у него отобрали телефон и банковские карты, с которых было выведено 740 000 тенге.

Полиция, прибывшая на место происшествия, увидела тяжёлое состояние потерпевшего, но не вызвала скорую помощь. Вместо этого его доставили в отделение полиции, где он провёл около трёх часов в бессознательном состоянии без какой-либо медицинской помощи. После чего его отправили домой с несовершеннолетним сыном. Спустя короткое время Наукенов скончался.

Несмотря на очевидные признаки преступления, возбуждено несколько уголовных дел по более мягким статьям. Основные участники трагедии и сотрудники полиции избегают ответственности. Подозреваемые находятся на свободе.

Родственники погибшего и юристы требуют признания этого дела как тяжкого организованного преступления, а действия полицейских квалифицировать как преступную халатность и превышение служебных полномочий, приведшие к смерти человека.

На пресс-конференции будут представлены:

– хронология событий и видеодоказательства

– материалы экспертиз и грубые нарушения при расследовании

– позиция и требования потерпевшей стороны

Спикеры:

Инга ИМАНБАЙ, юрист, представитель потерпевшей стороны

Айгуль НАУКЕНОВА, сестра погибшего

Дата и время: 5 августа 2025 года, 12:00

Место проведения: пресс-центр КМБПЧ, г. Алматы, пр. Абылай хана, 103а, здание «Детский мир», каб. 410

Прямая трансляция: https://www.facebook.com/kibhr/live/

Контакты:

+7 700 953 2029 (Инга Иманбай)

* * *

2025 жылғы 5 тамыз (сейсенбі) күні сағат 12:00-де Алматы қаласында «Қарағанды трагедиясы: тонау, азаптау, өлім және полиция үнсіздігі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

2024 жылғы 4 қыркүйекте Қарағанды қаласында 40 жастағы азамат Наукенов Нүргелді Майжақанұлы жұмбақ жағдайда көз жұмды. Ол таныстарымен кездесуге барған, сол жерде оны қатыгездікпен соққыға жыққан, есінен танған. Медициналық көмек көрсету орнына, оның телефоны мен банк карталарын тартып алып, одан 740 000 теңге шешіп алған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жәбірленушінің ауыр халін көре тұра, жедел жәрдем шақырмаған. Оның орнына Наукеновті полиция бөлімшесіне алып кеткен, ол жерде шамамен үш сағат ес-түссіз күйде медициналық көмексіз жатқан. Кейін оны кәмелетке толмаған ұлымен бірге үйіне жіберген. Арада көп уақыт өтпей Наукенов қайтыс болды.

Қылмыс белгілері анық бола тұра, қозғалған қылмыстық істер жеңіл баптармен тергелуде. Оқиғаға қатысы бар адамдар мен полиция қызметкерлері жауапкершіліктен сытылып кетуде, күдіктілер еркіндікте жүр.

Марқұмның туыстары мен заңгерлер бұл істі аса ауыр, ұйымдасқан қылмыс ретінде қарауды, ал полиция қызметкерлерінің әрекеттерін қызметтік салғырттық пен өкілеттігін асыра пайдалану ретінде бағалап, адам өліміне себеп болған деп тануды талап етеді.

Баспасөз конференциясында ұсынылады:

оқиға хронологиясы мен видеодәлелдер

сараптама қорытындылары мен тергеудегі өрескел заңбұзушылықтар

жәбірленуші тараптың ұстанымы мен талаптары

Спикерлер:

Инга ИМАНБАЙ, заңгер, жәбірленуші тараптың өкілі

Айгүл НАУКЕНОВА, марқұмның әпкесі

Өтетін күні мен уақыты: 2025 жылғы 5 тамыз, сағат 12:00

Өтетін орны: ҚМБПЧ баспасөз орталығы, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 103а, «Детский мир» ғимараты, 410-кабинет

Тікелей эфир: https://www.facebook.com/kibhr/live/

Байланыс нөмірі: +7 700 953 2029 (Инга Иманбай)