БАСПАСӨЗ АНОНСЫ
2025 жылғы 9 шілде (сәрсенбі) күні сағат 12:00-де Алматыда «Ақтаудағы қатыгез кісі өлтіру неге “қасақана емес зиян келтіруге” айналды?» атты баспасөз конференциясы өтеді.
Ақтауда 2025 жылғы маусымда 42 жастағы Жандос Өтемұратовты бұрынғы сыныптастары аяусыз соққыға жықты. Ол олармен кездесуге келген болатын. Жандос ес-түссіз күйінде аулада 3–4 сағат жатқан. Бірнеше адам бұл қайғылы оқиғаға куә болғанымен, жедел жәрдем де, полиция да шақырылмаған. Кейін оның ес-түссіз денесі көліктің жүк салғышына салынып, басқа мекенжайға жеткізілген. Алайда тергеу бұл істі «қасақана емес зиян келтіру» ретінде саралап, бар болғаны бір адамға ғана айып таққан.
Жандостың туыстарының пікірінше, егер оған дер кезінде медициналық көмек көрсетілсе, тірі қалар еді. Бірақ куәгерлердің әрекетсіздігі мен қылмысты жасыруға ұқсас әрекеттер қайғылы аяқталуға әкелді.
Сот-медициналық сараптама мынадай жарақаттарды анықтаған:
миға қан құйылу
бас сүйектің сынуы
ішкі ағзалардың зақымдануы
Бұл деректер қасақана кісі өлтіру белгілерін көрсетеді. Сонымен қатар, жәбірленушіге көмек көрсетпеген және мәйітті жасырған басқа адамдардың әрекетіне құқықтық баға берілмеген.
Алматыда өтетін баспасөз конференциясында:
оқиғаның хронологиясы ұсынылады
сараптамалар мен тергеу барысындағы бұзушылықтар көрсетіледі
қылмысты жасыру және тергеу органдарының әрекетсіздігі туралы фактілер айтылады
жәбірленуші тараптың ұстанымы мен талаптары жарияланады
Спикерлер:
Полат ӨТЕМҰРАТОВ, марқұм Жандос Өтемұратовтың әкесі
Инга ИМАНБАЙ, жәбірленуші тараптың өкілі, заңгер
Өтетін уақыты мен күні: 2025 жылғы 9 шілде, сағат 12:00
Өтетін орны: ҚБКҚА (КМБПЧ) баспасөз орталығы
Мекенжайы: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 103а, «Балалар әлемі» ғимараты, 410-кабинет
Тікелей эфир: https://www.facebook.com/kibhr/live/
Байланыс үшін: +7 700 953 2029 (Инга Иманбай)
+7 707 420 4014 (Андрей Гришин, ҚБКҚА баспасөз орталығы)
ПРЕСС-АНОНС
09 июля 2025 года (среда) в 12.00 в Алматы состоится пресс-конференция «”Непредумышленный вред”, похожий на жестокое убийство в Актау»
В Актау 42-летнего Жандоса Утемуратова жестоко избили в июне 2025 года его бывшие одноклассники, когда он пришел к ним на встречу. Он пролежал во дворе в бессознательном состоянии 3–4 часа. Несколько человек стали свидетелями трагедии, но ни скорая, ни полиция так и не были вызваны. Позже его бездыханное тело перевезли в багажнике машины на другой адрес. Однако следствие квалифицировало это как “непредумышленное причинение вреда”, предъявив обвинение всего одному человеку.
По мнению семьи, если бы медицинская помощь была оказана своевременно, Жандос мог бы выжить. Однако бездействие очевидцев и действия, похожие на сокрытие преступления, привели к трагическому исходу.
Судебно-медицинская экспертиза зафиксировала:
– кровоизлияние в мозг
– перелом черепа
– повреждение внутренних органов
Всё это указывает на признаки умышленного убийства. При этом поведение других лиц, которые не вызвали помощь, а также участвовали в сокрытии тела, не получили никакой правовой оценки.
На пресс-конференции в Алматы:
– будет представлена хронология событий
– материалы экспертиз и нарушения в ходе следствия
– факты сокрытия преступления и бездействия следственных органов
– позиция и требования пострадавшей стороны
Спикеры:
Полат УТЕМУРАТОВ, отец покойного Жандоса Утемуратова
Инга ИМАНБАЙ, представитель потерпевшей стороны, юрист
Дата и время: 9 июля 2025 года, 12:00
Место проведения: пресс-центр КМБПЧ
Адрес: г. Алматы, просп. Абылай хана, 103а, здание «детский мир», каб. 410
Прямая трансляция: https://www.facebook.com/kibhr/live/
Для справок: 8 700 953 2029 (Инга Иманбай)
8 707 420 40 14 (Андрей Гришин, пресс-центр КМБПЧ)