ПРЕСС-АНОНС
17 мая 2024г. (пятница) в 12:00 в Алматы состоится пресс-конференция «Брак по шариату» – «токализация» – попрание прав женщин»
Ежегодно имамами мечетей, которые находятся в ведении религиозного объединения «Духовное управление мусульман Казахстана» (ДУМК), заключаются браки десятков тысяч граждан мужского и женского пола, выдавая им нелегальные «свидетельства о заключении брака по шариату», способствуя распространению в обществе многоженства и усилению тенденции к «токализации». В действительности, «шариатский» брак противоречит законодательству светского государства, в частности Кодексу РК «О браке (супружестве) и семье». Законом установлено, что: «Признаются только браки (супружество), заключенные государственными органами», «Брак (супружество), заключенный по религиозным обрядам и церемониям, не приравнивается к зарегистрированному в регистрирующих органах браку (супружеству) и не порождает соответствующих правовых последствий». В уставе ДУМК также не указано, что имамы наделяются полномочиями на регистрацию браков, и имамы ДУМК не вправе вмешиваться в запись актов гражданского состояния. Но несмотря на это, имамы ДУМК издали религиозное решение (фетву) о «браке по шариату» и осуществляют заключение незаконных «шариатских» браков. Незаконные «браки по шариату» способствуют росту числа конфликтов, споров, разводов среди молодежи и попросту попирают права женщин.
По итогам мероприятия может быть принята петиция с требованием законодательного запрета «браков по шариату».
Модератор
Турарбек КУСАИНОВ, председатель ОО «Демос»
Спикеры:
Игорь ВРАНЧЕВ, адвокат убитой Салтанат Нукеновой
Серик РЫСЖАНОВ, переводчик Корана, публицист
Дана МЕИРБЕКОВА, директор фонда «Коркыт», общественный деятель.
Нургул МУКУШЕВА, общественный деятель
Место: пресс-центр КМБПЧ
Адрес: г. Алматы, 8 микрорайон, д.4а, оф. 425 (здание Казинвестстрой)
Дата и время: 17 мая 2024 г., 12:00
Трансляция: https://www.facebook.com/kibhr/live/
Для справок: 8 747 240 9680 (Турарбек Кусаинов)
Андрей Гришин,
пресс-центр КМБПЧ 8 707 420 40 14, grindelson@gmail.com
БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ НАЗАРЫНА
2024 жылдың 17 мамырында (жұма) Алматы қаласындағы «Шариғи неке» – «тоқализация» – әйел құқығын таптау» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
Жыл сайын «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» діни бірлестігіне (ҚМДБ) бағынышты мешіт имамдарды он мыңдаған азамат пен азаматшаның некесін қиып, заңсыз «шариғи неке куәлігін» таратып, көп әйел алушылықты, «тоқализация» үрдісін күшейтіп жатыр. Ақиқатында, «шариғи» неке зайырлы мемлекеттің заңына, атап айтақанда ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне қайшы. Заңда «Тек мемлекеттік органдар қиған неке (ерлі-зайыптылық) ғана танылады», «Діни жоралар мен рәсімдер бойынша қиылған неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші органдарда тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдарлар тудырмайды» делінген. ҚМДБ жарғысында да имамның неке қиюы жөнінде жазылмаған, ҚМДБ имамдарына ҚР азаматтарының хал- актілеріне араласуына құқық берілмеген. Соған қарамай, ҚМДБ имамдары «шариғи неке» жөнінде діни шешім (пәтуа) шығарып, имамдар заңсыз «шариғи» неке қиып жатыр. Заңсыз «шариғи неке» жастардың арасындағы жанжалды, дау-дамайды, ажырасуды көбейтіп, әйелдердің құқығын аяқасты етіп отыр.
«Шариғи неке» – «тоқализация» – әйел құқығын таптау» атты тақырыпты талқылау үшін баспасөз мәслихатына құқық қорғаушыларды, дінтанушыларды, заңгерлерді, азаматтық белсенділер мен журналистерді шақырамыз. Талқылау нәтижесі бойынша «шариғи некеге» заң тұрғысында тыйым салуды талап ететін петиция қабылдануы мүмкін.
Модератор
Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ, «Демос» ҚБ төрағасы
Спикерлер:
Игорь ВРАНЧЕВ, Салтанат Нүкенованың адвокаты.
Серік РЫСЖАНОВ, публицист,Құран аудармашысы.
Дана МЕЙіРБЕКОВА, «Коркыт» қорының директоры,қоғам белсендісі…
Нүргүл МҰҚЫШЕВА, этнодәстүр танушы,қоғам белсендісі
Өтетін орын: Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі Бюро пресс-орталығы
Мекен-жайы: Алматы қ, 8-ықшамаудан, 4 а үй, 425 кеңсе
Уақыты: 17/05/2024, 12:00
Тікелей эфир: https://www.facebook.com/kibhr/live/
Анықтама: 8 747 468 28 24 (Тұрарбек Құсайынов)
Андрей Гришин
Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының баспасөз орталығы.
Байланыс телефоны: 8 7272 498670
СВЕТСКОЕ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО ДОЛЖНО ЗАПРЕТИТЬ «БРАК ПО ШАРИАТУ»!
Уважаемые Соотечественники!
Я, председатель общественного объединения «Демос» Турарбек Кусаинов, призываю всех вас подписать петицию с требованием к властям принять специальный правовой документ, призванный положить конец порочной практике «скрепления брака по шариату» («никах») имамами Духовного управления мусульман Казахстана (ДУМК) и привлечь к ответственности согласно Букве и Духу закона тех, кто занимается заключением шариатских браков.
Во-первых, заключение «шариатского брака» противоречит Кодексу РК «О браке (супружестве) и семье». В Кодексе установлено, что «признаются только браки (супружество), заключенные государственными органами», то есть брак, заключенный по религиозным обрядам и церемониям, незаконный.
Во-вторых, В Уставе ДУМК (Устав зарегистрирован в Министерстве юстиции 17.02.2021г., председатель организации – Главный мүфтий Наурызбай Таганович Утпинов) ничего не сказано о «скреплении (заключении) брака по шариату». Следовательно, имамы не вправе скреплять браки. В уставе указано, что ДУМК руководствуется законодательством, регулирующим семейные отношения в Республике Казахстан, и признает существующие в стране семейные ценности. Однако, несмотря на это, имамы ДУМК незаконно занимаются скреплением шариатских браков между гражданами. Неизбежным следствием их деятельности является тот факт, что «шариатские браки» ускоряют тенденцию к многоженству (токализации – полигинии), подрывая семейные ценности и грубо нарушая права женщин и детей. Расторгнуть «шариатский брак» так же легко и быстро, как и заключить. По «законам шариата», активно продвигаемым главой ДУМК, мужчине достаточно произнести слово «талак», чтобы бросить свою жену с ребенком на произвол судьбы – это разрешено по шариату. Если обратиься к конкретным данным, в Республиканской главной мечети в Астане, возглавляемой имамом Канатом Кыдырминым, в которой К.Бишимбаев и убитая им С.Нукенова дважды сочетались «шариатским браком», за последние 4 месяца 2023 года было заключено 5 тысяч «религиозных браков». И это цифры лишь по одной мечети. И одному Богу известно, сколько незаконных «шариатских браков» было заключено по республике. Более того, несмотря на то, что «брак по шариату», скрепленный имамом Кыдырминым, закончился ужасным преступлением и тяжелейшим горем, главный мүфтий Наурызбай Утпинов не применил К.Кыдырмину жестких мер наказания. Сам этот факт указывает на то, что руководство ДУМК не намерено отказываться от практики «скрепления шариатских браков», являющейся для него хорошим источником дохода.
В-третьих, в «браке по шариату» мужчины не несут никакой ответственности. Случается, что мужчина, сказав своей жене «талак» и расторгнув с ней «узы шариатского брака», не дает своей фамилии их ребенку, тем самым осложняя им дальнейшую жизнь. В таких случаях женщина, получив «талак» и оставшись с ребенком на руках, вынуждена доказывать отцовство своего «шариатского мужа» с помощью экспертизы ДНК. Если говорить конкретнее, женщине, сочетавшейся «шариатским браком» с мужчиной, который затем разводится с ней, сложно отсудить алименты на ребенка, и в итоге очень много женщин остаются ни с чем, т.к. им отказано в доле в совместном имуществе, а их дети становятся сиротами при живых отцах, без средств к существованию. Поэтому на повестке дня стоит очень актуальный вопрос, указывающий на необходимость принять закон, запрещающий «заключать шариатские браки» и выносить ДУМК фетвы (религиозные решения) о «браке по шариату» и пропагандировать это явление.
К слову, правительство Узбекистана издало закон, согласно которому имамы, совершившие религиозный обряд «никах» без заключения официального брака, продвигающие идею о многоженстве, распространяющие такие призывы, а также поддерживающие подобную пропаганду, привлекаются к ответственности в виде штрафа в размере 15-30 базовых расчетных показателей (примерно 4,95- 9,9 млн сумов) или ареста на срок до 15 суток. Также законом закреплено, что за пропаганду гендерной дискриминации, открытое отрицание равноправия женщин и мужчин, распространение идей и призывов в этом контексте предусмотрено наказание в виде штрафа в размере 10-20 базовых расчетных показателей (3,3-6,6 млн сумов), а за ношение в общественных местах одежды (хиджаб), делающей невозможной идентификацию личности, предусмотрен штраф в размере 3,3 – 4,95 млн сумов.
Правительство Республики Казахстан, понимая актуальность вопроса защиты прав женщин и детей, поднятый гражданским обществом, приняло закон, ужесточающий наказание за домашнее насилие. Закон подписан президентом страны Касым-Жомартом Токаевым. Однако защита прав женщин и детей нуждается в дальнейшем усилении. Президент К. Токаев в своем выступлении отметил: «В нашей стране есть те, кто, прикрываясь якобы национальными традициями, предпринимают попытки навязывания практики похищения невест и многоженства. Такое вопиющее мракобесие не поддается никакому оправданию и идет вразрез с идеалами прогрессивного общества, в котором достоинство, права и свободы каждого человека являются абсолютной ценностью. Считаю, что подобные факты требуют не только морального осуждения, но и правовой оценки». Этот показывает, насколько важно поставить заслон пропаганде «шариатского брака» со стороны религиозных деятелей, на необходимость внесения еще одного законодательного изменения, запрещающего «браки по шариату».
Уважаемые Соотечественники!
Обращая внимание на вышеуказанную из ряда вон выходящую социальную проблему, призываю всех вас поддержать инициативу по законодательному установлению запрета на пропаганду со стороны ДУМК средневековых религиозных традиций, нарушающих права женщин и детей, на порочную практику скрепления «браков по шариату» имамами мечетей, и подписать настоящую петицию.
Когда количество подписей достигнет необходимого предела, петиция будет направлена нами непосредственно Президенту Касым-Жомарту Токаеву, который является гарантом Конституции РК.
Я верю в вас, Соотечественники!
Автор петиции: Турарбек Кусаинов, председатель ОО «Демос»
«ШАРИҒИ НЕКЕ ҚИЮҒА» ЗАЙЫРЛЫ ЗАҢМЕН ТЫЙЫМ САЛУ ҚАЖЕТ!
Құрметті Отандастар!
Мен, «Демос» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрарбек Құсайынов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) имамдарының «шариғи неке қиюына» («никях») тосқауыл қойып, «шариғи неке қиған адамды заң бойынша жазалау үшін биліктен арнайы құқықтық құжат қабылдауды талап ететін петицияға қол жинауға баршаңызды шақырамын.
Біріншіден, «шариғи неке қию» ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне қайшы. Кодексте «тек мемлекеттік органдар қиған неке (ерлі-зайыптылық) заңды болып танылатыны, яғни діни рәсімдік неке қию заңсыз екені жазылған.
Екіншіден, ҚМДБ Жарғысында (Жарғы Әділет министрлігінде тіркелген, 17.02.2021ж., ұйым төрағасы – Бас мүфти Наурызбай Таганович Утпинов) «шариғи неке қию» деген сөз жоқ. Демек, имамдардың неке қиюына да қақы жоқ. Жарғыда «ҚМДБ Қазақстан Республикасындағы отбасылық қатынастарды реттейтін заңнамаларға бағынады және еліміздегі отбасылық құндылықтарды мойындайды» деп көрсетілген. Соған қарамай ҚМДБ имамдары азаматтардың шариғи некесін қиюмен заңсыз шұғылдануда. Соның кесірінен, «шариғи неке» әйел үстіне әйел алуды (тоқализация – полигиния) үдетіп, отбасылық құндылықтарды аяқасты етті, әйелдер мен балалардың құқығы әркез тапталуда. «Шариғи некедегілердің» ажырасуы да тез. ҚМДБ төралқасы насихаттай беретін «шариғат заңы» бойынша, еркектің бір мәрте «талақ» деп айтуы әйелді жас баласымен тағдыр тәлкегіне тастап кетуіне рұқсат беріп тұр. Мысалы, Қ.Бишімбаев пен марқұм С.Нүкенованың «шариғи некесін» екі мәрте қиған имам Қанат Қыдырмин басқаратын Астанадағы Республикалық бас мешітте 2023 жылдың соңғы 4 айында 5 мың «діни неке» қиылған. Бұл бір мешіттегі қиылған «шариғи некенің» саны ғана. Ал республика бойынша қаншама заңсыз «діни неке» рәсімі жасалғаны бір Құдайға аян. Имам Қыдырмин қиған «шариғи некенің» салдары ауыр қайғы-қасіретке ұшыратса да, бас мүфти Наурызбай Утпинов Қ.Қыдырминге қатаң жаза қолданбады. Осы мәселенің өзінен-ақ ҚМДБ басшылығы «шариғи неке қиып», оны табыс көзіне айналдыру пиғылынан қайтпайтынын көрсетіп отыр.
Үшіншіден, «шариғи некеде» еркектердің ешбір жауапкершілігі жоқ. «Шариғи некедегі» әйеліне «талақ» айтқан еркек кей кезде туған баласына фамилиясын бермей бұлталаңға салады. Мұндай жағдайда баланың әкесі кім екенін дәлелдеу үшін «талақ» болған әйел ДНК сараптамасын жасап, көп әуреге түседі. Нақтырақ айтсақ, «шариғи некемен» үйленіп, кейін ажырасқан әйелдің баласы үшін алимент алуы да қиын, ортақ жиналған дүние-мүліктен үлес ала алмай аңырап қалған қаншама әйел жүр, қаншама бала «тірі жетім» атанып, күнкөріссіз қалды. Сондықтан «шариғи неке қиюға» және ҚМДБ-ның «шариғи неке» жөнінде пәтуа (діни шешім) шығаруына, оны насихаттауына тиым салатын заң қабылдау күн тәртібінде тұр.
Мысалы, Өзбекстан үкіметі АХАЖ-да ресми неке қимай «никях» діни рәсімін жасаған, екі және одан да көп әйел алуды насихаттаған, үндеу таратқан, сондай-ақ осындай насихатты қолдаған имамдарға 15-30 базалық есептік шама (4,95- 9,9 млн сум) аралығында айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамайтын жаза тағайындап заң шығарды. Сол заңда гендерлік кемсітуді насихаттау, әйелдер мен ерлердің тең құқығын ашық түрде жоққа шығару, осы бағыттағы идеялар мен үндеулерді тарату 10-20 базалық есептік (3,3-6,6 млн сум) шамаға дейін, жеке басын анықтауға мүмкіндік бермей бүркеніп (хиджаб) киінген адамдардың қоғамдық орындарда жүргені үшін 3,3 – 4,95 млн сум аралығында айыппұл салынатыны жазылған.
Қазақстан Республикасының үкіметі азаматтық қоғам көтерген әйелдер мен балалар құқығын қорғау жөніндегі мәселені ескеріп, отбасыдағы зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заң қабылдады. Ол заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Дегенмен, әйелдер мен балалар құқығын қорғауды тағы да күшейту қажет. Президент Қ.Тоқаев та өзінің мәлімдемесінде «Елімізде қыз алып қашуды, көп әйел алуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс» деген болатын. Бұл мәселе діндарлар тарапынан «шариғи некені» насихаттауға тосқауыл қоюдың, «шариғи некеге» тыйым салатын тағы бір заңнамалық өзгерістер жасаудың маңызды екенін көрсетеді.
Құрметті Отандастар!
Жоғарыда айтылған өте өзекті қоғамдық проблемаға назар салып, ҚМДБ тарапынан әйел және бала құқығын таптайтын ортағасырлық діни дәстүрді насихаттауға, имамдардың «шариғи неке қиюына» заң жүзінде тыйым салу бастамасын қолдауға және осы петицияға қол қоюға шақырамын.
Қол қойғандардың саны межеге жеткенде, петицияны ҚР Конституциясының кепілі саналатын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тікелей жолдаймыз.
Іске сәт, Отандастар!
Петиция авторы: Тұрарбек Құсайынов, «Демос» ҚБ төрағасы