15 апреля 2024 года (понедельник) в 11.00 состоится онлайн-брифинг «Проблемы возмещения вреда (компенсации), причиненного жизни и здоровью при проведении антитеррористической операции» в связи с презентацией Аналитической записки о юридических и практических проблемах возмещения вреда в связи с причинением смерти или вреда здоровью гражданам и другим лицам в результате правомерных или незаконных действий должностных лиц при проведении антитеррористической операции, а также возмещения вреда в связи с незаконными действиями органов, ведущих уголовный процесс, в том числе пытками и жестоким обращением, в ходе и после антитеррористической операции в Республике Казахстан в январе 2022 года
(См. https://bureau.kz/analiz/tekushii_analiz_zakonodatelstva/zapiska-o-problemah-vozmeshheniya/).
Поводом к составлению настоящей Аналитической записки явились события, произошедшие в Казахстане в январе 2022 года, проведение антитеррористической операции, осуществление досудебных расследований и судебных разбирательств, заявления о пытках и жестоком обращении, жалобы на действия (бездействие) должностных лиц правоохранительных органов, незаконные действия органов, ведущих уголовный процесс, наступившие последствия в виде смерти, причинения вреда здоровью, имущественного и неимущественного вреда в результате таких действий, с целью изучения эффективности средств правовой защиты в части возмещения (компенсации) вреда.
Аналитическая записка составлена на основе анализа нескольких десятков «кейсов» и содержит:
– обзор международных норм и стандартов возмещения вреда, причиненного действиями государственных органов, должностного лица (лиц) или лица (лиц) официальном качестве (в том числе возмещение вреда в случае применения пыток, жестокого или иного унижающего человеческое достоинство обращения; возмещение вреда в случае нарушения прав человека в ходе борьбы с терроризмом; зарубежный опыт возмещения вреда, причиненного совершенными преступлениями, а также правомерными или незаконными действиями государственных органов и должностных лиц);
– обзор правовых оснований возмещения вреда, причиненного правомерными или незаконными действиями должностных лиц при проведении антитеррористической операции, а также вреда, причиненного в результате незаконных действий органов, ведущих уголовный процесс, в том числе пыток, жестокого и иного унижающего человеческое достоинство обращения, в национальном законодательстве РК;
– обзор правовых оснований возмещения вреда в связи с незаконными действиями органа, ведущего уголовный процесс, включая незаконное уголовное преследование, незаконное задержание, содержание под стражей, пытки и жестокое обращение;
– обзор правовых оснований возмещения вреда, причиненного в результате правомерных или незаконных действий должностных лиц при проведении антитеррористической операции;
– некоторые примеры судебной практики применения законодательства о возмещении вреда в связи с январскими событиями 2022 года;
– обзорный анализ проблем судебной практики по применению законодательства о возмещении вреда в связи с январскими событиями 2022 года;
– выводы и рекомендации.
Правовой анализ основывается на законодательстве Республики Казахстан по состоянию на 1 января 2024 г. или действовавшем до этой даты.
Предметом анализа не являлись правовые основания и практика возмещения имущественного и морального вреда, причиненного в результате совершенных актов терроризма, массовых беспорядков и других преступлений, а также правовые основания и практика возмещения такого вреда сотрудникам правоохранительных и других государственных органов, вреда, нанесенного государственным зданиям и сооружениям, имуществу физических и юридических лиц в связи с актами терроризма, массовыми беспорядками или иными преступными действиями физических лиц.
К сожалению, компенсации (и то не полностью) получили только некоторые пострадавшие, в основном же суды и Министерство финансов РК отказывали в компенсациях по различным основаниям, либо их «минимизировали» «в интересах государства» (см. для примера «Обещанного три года ждут, а возмещения ущерба третий год добиваются»: https://bureau.kz/goryachee/tri-goda-zhdut/).
Спикеры:
Евгений ЖОВТИС, правозащитник, директор КМБПЧ, автор-составитель Аналитической записки;
Бахытжан ТОРЕГОЖИНА, правозащитница, руководитель ОФ Ар.Рух.Хак;
Маржан АСПАНДИЯРОВА, правозащитница, представитель некоторых потерпевших;
Ерлан КАЛИЕВ, правозащитник, представитель некоторых потерпевших;
Виктор ТЕН, правозащитник, руководитель Талдыкорганского правозащитного центра, представитель некоторых потерпевших
Дата и время: 15 апреля 2024 г., 11:00
Для подключения по Zoom:
Идентификатор конференции: 862 1919 7985
Код доступа: 954535
Войти Zoom Конференция
https://us02web.zoom.us/j/86219197985?pwd=U05qaGRxRytnZEE5bWJQOU5TSGlNUT09
Прямая трансляция: https://www.facebook.com/kibhr/live/
Андрей Гришин,
пресс-центр КМБПЧ, 8 707 420 40 14, grindelson@gmail.com
МЕРОПРИЯТИЕ БУДЕТ ВЕСТИСЬ НА ГОСУДАРСТВЕННОМ И РУССКОМ ЯЗЫКАХ (С ПЕРЕВОДОМ).
ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 15 сәуірде (дүйсенбі) сағат 11.00-де «Антитеррористік операцияны жүргізу кезінде адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды (өтемені) өтеу мәселелері» тақырыбындағы онлайн брифинг өтеді. Лаңкестікке қарсы операцияны жүргізу кезінде лауазымды тұлғалардың заңды немесе заңсыз іс-әрекеттері нәтижесінде азаматтардың және басқа адамдардың қайтыс болуына немесе денсаулығына зиян келтіруіне байланысты зиянды өтеудің, сондай-ақ 2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасындағы антитеррористік деп аталған операция кезінде және одан кейін қылмыстық іс жүргізу кезіндегі заңсыз әрекеттер, оның ішінде азаптау мен қатыгездік көрсету фактілері бойынша өтемақы төлеу мәселелері талқыланады.
(https://bureau.kz/analiz/tekushii_analiz_zakonodatelstva/zapiska-o-problemah-vozmeshheniya/).
Осы Аналитикалық жазбаны жасауға Қазақстанда 2022 жылғы қаңтарда болған оқиғалар, лаңкестікке қарсы операцияны жүргізу, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер мен сот процестері, азаптаулар мен қатыгездік туралы арыздар, азаматтардың лауазымды тұлғалар әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдары себеп болды. Құқық қорғау органдарының қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері, осы әрекеттердің салдарынан өлім, денсаулыққа зиян, мүліктік және мүліктік емес залал түріндегі зардаптарының зиянын өтеу мәселесіндегі іс-әрекетерін талдадық.
Аналитикалық жазба бірнеше ондаған «істерді» талдау негізінде жасалды және мыналарды қамтиды:
– мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың немесе тұлғалардың қызметтік міндеттерін атқаруымен келтірілген зиянды өтеудің (соның ішінде азаптау, қатыгездік немесе ар-намысты қорлайтын өзге де әрекеттер кезінде келтірілген зиянды өтеу; өтемақы) халықаралық нормалары мен стандарттарын қайта қарау; терроризмге қарсы күресте адам құқықтары бұзылған жағдайда келтірілген зиян үшін жасалған қылмыстар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңды немесе заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеудің шетелдік тәжірибесі);
– лаңкестікке қарсы операцияны жүргізу кезінде лауазымды тұлғалардың заңды немесе заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттерінің, оның ішінде азаптауларды, қатыгездік және ар-намысты қорлайтын өзге де әрекеттер нәтижесінде келтірілген зиянды өтеудің құқықтық негіздерін қарау. ҚР ұлттық заңнамасына талдау жасау;
– қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттеріне, оның ішінде заңсыз қылмыстық қудалауға, заңсыз ұстауға, азаптауларға және қатыгездік көрсетуге байланысты келтірілген зиянды өтеудің заңды негіздерін қарау;
– лаңкестікке қарсы операция кезінде лауазымды тұлғалардың заңды немесе заңсыз әрекеттері нәтижесінде келтірілген зиянды өтеудің құқықтық негіздерін қарау;
– 2022 жылғы қаңтар оқиғасына байланысты зиянды өтеу туралы заңнаманы қолданудың сот тәжірибесінің кейбір мысалдары;
– 2022 жылғы қаңтар оқиғасына байланысты зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдану бойынша сот тәжірибесінің проблемаларына талдау жасау;
– қорытындылар мен ұсыныстар.
Құқықтық талдау 2024 жылғы 1 қаңтардағы немесе осы күнге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына негізделеді.
Терроризм актілері, жаппай тәртіпсіздіктер және басқа да қылмыстар нәтижесінде орган қызметкерлеріне немесе мемлекеттік органдарға келтірілген мүліктік және моральдық зиянды өтеудің құқықтық негіздері мен тәжірибесі, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлеріне мұндай залалды өтеудің құқықтық негіздері мен тәжірибесі бұл талдаудың негізі болған жоқ. Жеке тұлғалардың өзге де қылмыстық әрекеттеріне байланысты мемлекеттік ғимараттар мен құрылыстарға, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне келтірілген залалын да бұл талдауда қарастырған жоқпыз.
Талдау зардап шеккен жеке азаматтардың құқығы мен өтемақы алу мүмкіндігіне арналған.
Өкінішке орай, Қаңтар бойынша аздаған жәбірленушілер ғана өтемақы алды (тіпті олар да толық емес), бірақ көбінесе соттар мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі түрлі негіздер бойынша өтемақы төлеуден бас тартты немесе олар «мемлекет мүддесі үшін» «кемітілді». (мысалы, «Уәде етілгенді үш жыл күтті және олар үш жылдан бері шығынның орнын толтыруды талап етуде»: https://bureau.kz/goryachee/tri-goda-zhdut/ қараңыз).
Спикерлер:
Евгений ЖОВТИС, құқық қорғаушы, Бюро директоры, Аналитикалық жазбаның автор-құрастырушысы;
Бақытжан ТӨРЕГОЖИНА, құқық қорғаушы, «Ар.Рух.Хак» ҚҚ басшысы;
Маржан АСПАНДЯРОВА, құқық қорғаушы, кейбір зардап шеккендердің өкілі;
Ерлан ҚАЛИЕВ, құқық қорғаушы, кейбір зардап шеккендердің өкілі;
Виктор ТЕН, құқық қорғаушы, Талдықорғандағы құқық қорғау орталығының жетекшісі, кейбір зардап шеккендердің өкілі
Күні мен уақыты: 2024 жылдың 15 сәуірі, сағат 11:00
Zoom арқылы қосылу үшін:
Конференция ID: 862 1919 7985
Қол жеткізу коды: 954535
Zoom конференциясына кіру
https://us02web.zoom.us/j/86219197985?pwd=U05qaGRxRytnZEE5bWJQOU5TSGlNUT09
Тікелей эфир: https://www.facebook.com/kibhr/live/
Инга ИМАНБАЙ,
KIBHR баспасөз орталығы, 8 700 953 2029, imanbaevainga@gmail.com
ЖИЫН МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ, АУДАРМА БОЛАДЫ