Желтоқсан күрескері, заңгер Лязат Жапашева Талдықорған қаласы бойынша Қанды Қаңтарға қатысты деп азапталған азаматтарға заңгерлік көмегін жасап , полиция тарапынан азаматтарды қинап, азаптауды тоқтату туралы ашық үндеу жариялаған. 2022 ж Құрылтай жиналысында жер мәселесі туралы баяндама жасап , жемқор жүйенің үлескерлерге тиесілі жерлерді талантаражға түсіргенін, соны қайтару жолдарын айтқан . 2023 “Желтоқсан ” саяси партиясын құрып, бірақ тіркеуден өтпей қалды. 2023 ж 4 майда Қаскелең қаласында қамауға алынып :190/3 бап алаяқтық және 389/3 бап өзінше билік ету деген айып тағып және сыбайластары деп ПК “Племзавод каменски “- дің басшысы Ә . Жеңісбекова , белсенді азамат А Қожа бірге жалған жаламен (сот процесі кезінде дәлелденді) 2024 ж 29 наурызда Қарасай аудандық соты үкім шығарып: Л. Жапашеваға-3жыл 6 айға ; Ә. Жеңісбековаға- 3жылға; А. Қожаға-2 жылға бас бостандығынан айырып соттады. Біз Желтоқсан күрескерлері, үлескерлер, қорғаушылары соттың шығарған әділетсіз үкіміне келіспейміз , қорғаушылары арқылы апелляциялық сотқа шағым түсірілді. Қарапайым халықтың заңды қамқоршысы болған үшін , әділетсіз жүйемен күрескен азаматтарды қорғап, ащы шындықты айтуға “Халықаралық адам құқығын қорғау бюросы ” – нда ақпарат құралдарына пресс конференция.
Спикерлер:
Кенженова.А. – Желтоқсан күрескері; тіркелмеген “Желтоқсан ” партиясының мүшесі.
Жүніс Г. – Желтоқсан күрескері; Желтоқсан ұйым төрайымы.
Толысбаев. О. – Желтоқсан күрескері, заңгер.
Нургазиев. Е. – ПК ” Племзавод каменски ” мүшесі, үлескер;
Орынбасаров. Л. – ПК ” Племзавод каменски” мүшесі, үлескер.
Кендирбаев Б. – Лязат Жапашеваның қорғаушысы , заңгер ;
Рамазан Ж. – Лязат Жапашеваның қоғамдық қорғаушысы ;
Умиржанов Ж. К. – Әмина Жеңісбекованың қорғаушысы , заңгер ;
Кабдуллин Р. О. – Әмина Жеңісбекованың қоғамдық қорғаушысы;
Өтетін орын: Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі Бюро пресс-орталығы
Мекен-жайы: Алматы қ, 8-ықшамаудан, 4 а үй, 425 кеңсе
Уақыты: 12/04/2024, 11:00
Тікелей эфир: https://www.facebook.com/kibhr/live/
Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының баспасөз орталығы.
Байланыс телефоны: 8 7272 498670