КМБПЧ – Казахстанское международное бюро по правам человека и соблюдению законности
  • Главная
  • >
  • «Мемлекеттік мекеме қаңтаршылардан миллиондаған теңге өндірмек» атты баспасөз мәжілісі

«Мемлекеттік мекеме қаңтаршылардан миллиондаған теңге өндірмек» атты баспасөз мәжілісі

26.10.2023

Қазан айының 26-ы күні (бейсенбі) Алматы қаласында сағат 15:30-да баспасөз мәслихаты өтеді.

Естеріңізде болса қаңтар оқиғасы бойынша 19.05.2023 жылы 25 азаматқа қатысты сот үкімі шыққан болатын. 25 қаңтаршының біреуі қайтыс болған, ал қалғаны тірі, алайда сот бәрін кінәлі деп тауып, кейбір азаматты рақымшылық туралы заңмен жауапкершіліктен босатса, кейбіреулерін жазаларын өтеді деп сот залынан босатып жатты, кейбір азаматтар шартты жазамен кесілген еді. Өкінішке орай, осы қаңтаршыларымыздан енді мемлекеттік мекеме материалдық шығын өндіріп алмақ. 128 миллионнан астам қаражат өндірмек болып отырған бұл мекеменің талап арызы негізсіз деп есептейміз. Себебі қаңтар оқиғасының болғанына екі жылға жуық уақыт өтті, осы екі жыл ішінде бүкіл шығындар мемлекет тарапынан қалпына келтірілді. Сонымен қатар, жәбірленуші деп танылған мекеме өкілдері сот отырыстары барысында қалпына келтірілгенін көрсеткен де еді, сотта қорғау тарабы дәлелдеп көрсеткен болатын. Әрбір қаңтаршыға 6 миллионнан астам талап қойып, жалпы 128 миллион қаражат өндірмек. Қаңтар оқиғасына қатысқан қаңтаршылардан қаражат өндіру ойға сыймайтын мәселе, себебі қаңтар оқиғасына қатысқан әрбір азамат өзінің әлеуметтік жағдайын айту үшін бейбіт шеруге шыққан азаматтар.

Спикерлер:

Еркебұлан ҚАЙРАТҰЛЫ, адвокат

Санрай СМАГУЛОВА, адвокат

Жалгас САПАРХАНОВА, адвокат

және қаңтаршылар

Өтетін орын: Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі Бюро пресс-орталығы

Мекен-жайы: Алматы қ, 8-ықшамаудан, 4 а үй, 425 кеңсе

Уақыты: 26/10/2023, 15:30

Тікелей эфир: https://www.facebook.com/kibhr/live/

Инга Иманбай

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының баспасөз орталығы.

Байланыс телефоны: 8 7272 498670


Смотрите также