БАСПАСӨЗ АНОНСЫ
18.05.2023(бейсенбі)сағат 12.00, мәслихат тақырыбы «Үлескерлердің мүддесін қорғаған адвокаттың қамауға алынуы және Болат Назарбаевтың мүлкіндегі жер алаяқтығы»
Қарасай ауданында (Алматы облысы) 5 мамырға қараған түні 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы адвокат Ләзат Жапашева ұсталып, кейін қамауға алынды. Оған 60 000 теңге көлемінде алаяқтық жасады деген айып тағылды, дегенмен оның жақтастарының пайымдауынша, «Абай» совхозының асыл тұқымды мал шаруашылығының 2 мың жер үлескерінің құқығын қорғағаны қудалануына нақты себеп болды. Сенімхат бойынша ол Абай асыл тұқымды фермасының үлескерлерінің мүддесін қорғады, баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылардың айтуынша, Сергей Терещенконың премьер-министрлігі кезінде 653 гектар жер ұрланған, кейін жер Ахметжан Есімовтің күйеу баласымен байланысты АТФ банкіне кепілге қойылған. Тағы 400 гектар жерді Алматы қаласы (Наурызбай ауданы) қосып алды, онда «Шұғыл» шағын ауданы, сондай-ақ бірқатар әкімшілік ғимараттар салынған. Жалпы, сол жылдардағы алаяқтықтан бюджет 9 млрд теңгеге жуық шығынға ұшыраған. Көп жылдан кейін 256 гектар жерді үлескерлерге қайтарып береді. Қаңтар оқиғасынан кейін Қарасай аудандық ішкі істер басқармасының бастығы Талғат Беркімбаев жер алаяқтық фактісі бойынша іс қозғайды. Тергеуді тергеуші Мәди Жәкішев жүргізді. Қазір бұл іс 18 томнан тұрады, бұл іске экс-премьер Терещенко куәгер, Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбек пен Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталов іс фигуранттары.
Үш апта бұрын Ләзат Жапашева материалдарды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тапсырған. Бірақ олар тексеруді енді ғана бастап жатқанда, үлескерлердің айтуынша, кек алу мақсатында Қарасай ауданының прокуроры Жәнібек Жақаевтың қатысуымен полиция Ләзат Жапасованың өзіне қатысты қылмыстық іс қозғады.
Жапашева екі рет инсульт алып, инфаркт алған, содан кейін амбулаторлық емделуде болған. Қазіргі таңда ол тергеу изоляторында жатып аштық жариялап, қайтыс болған жағдайда Қарасай ауданының прокуроры Жәнібек Жақаев кінәлі болады деген жазбаны тқорғаушыларына тапсырған.
СПИКЕРЛЕР:
Ағиля КЕНЖЕНОВА, «Желтоқсан» қоғамдық ұйымы
Әнуар ДАНИЯРОВ, азаматтық белсенді
Жанар БАЛҒАБАЕВА, адвокат
Майра ҒАБДУЛИНА, Желтоқсан көтерілісіне қатысушы, азаматтық белсенді
Айтқазы ОРАЗБАЕВ, Қ.Б.Желтоқсан
Уақыты: 18.05.2023, сағат 12.00
Орналасқан жері: Қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросының баспасөз орталығы.
Мекен-жайы: Алматы қ., 8 мөлтек ауданы, 4а, «Казинвестстрой» бизнес орталығы, 425 каб. (Абай-Өтеген батыр ауданы, Мәскеу метро станциясының жоғарғы жағы)
Тарату: https://www.facebook.com/kibhr/live/
Анықтамалар үшін хабарласыңыз: 8 707 326 7007
Андрей Гришин
баспасөз орталығы,
+8 7272 498670
* * *
ПРЕСС-АНОНС
В Алматы 18 мая 2023 г. (четверг) 12.00 состоится пресс-конференция «Арест юриста, отстаивающего интересы пайщиков, и земельные махинации в вотчине Болата Назарбаева»
В Карасайском районе (Алматинская область) в ночь на 5 мая была задержана и затем арестована юрист Лязат Жапасова, участница Декабрьского восстания 1986 года. Ее обвинили в мошенничестве на сумму в 60 тысяч тенге, хотя, как полагают ее сторонники истиной причиной послужило, что она отстаивала права 2000 пайщиков земли племзавода совхоза Абай. По доверенности она представляла интересы пайщиков племзавода совхоз Абай, где, как сообщают организаторы пресс-конференции 653 га земли украли при премьерстве Сергея Терещенко, земельные участки затем были заложены в АТФ банке, связанным с зятем Ахметжана Есимова. Еще 400 га присоединили Алматы (Наурызбайский район), где был отстроен микрорайон Шугыла, а также ряд административных зданий. Всего из-за махинаций бюджет недополучил около 9 млрд. тенге. Тем не менее ей удалось вернуть 256 га пайщикам. После Кантарских событий начальник полиции Карасайского района Талгат Беркимбаев возбудил дело в связи с земельными махинациями. Следствие вел следователь Мади Жакишев. В настоящее время дело составляет 18 томов, свидетелем по делу проходит экс-премьер Терещенко, также в нем замешаны экс-аким Алматы Бауыржан Байбек и экс-аким Алматинской области Амандык Баталов.
Три недели назад Лязат Жапасова передала материалы в областное Агентство по противодействию коррупции. Но пока там только приступили к расследованию, как предполагают пайщики, в отместку при участии прокурора Карасайского района Жанибека Жакаева было возбуждено уголовное дело в полиции в отношении самой Лязат Жапасовой.
Женщина перенесла два инсульта и инфаркт, после чего находилась на амбулаторном лечении. В настоящее время она объявила голодовку, находясь в следственном изоляторе и передала записку, что в случае ее смерти виноват будет прокурор Карасайского района Жанибек Жакаев.
СПИКЕРЫ:
Агиля КЕНЖЕНОВА, ОО Желтоксан
Ануар ДАНИЯРОВ, гражданский активист
Жанар БАЛГАБАЕВА, адвокат
Майра ГАБДУЛИНА, участница Декабрьского восстания, гражданская активистка
Айтказы ОРАЗБАЕВ, ОО Желтоксан
Дата и время: 18 мая 2023 года, 12:00 часов.
Место: пресс-центр КМБПЧ
Адрес: г.Алматы, 8 микрорайон, дом 4 А, офис 425 (здание Казинвестстрой). Абая уг. Утеген батыра
Трансляция: https://www.facebook.com/kibhr
Для справок: 8 707 326 7007
Андрей Гришин
пресс-центр КМБПЧ,
8 7272 49-86-70