20 жыл бойы бала құқы мен мүддесін қорғап келген, Қазақстанның «Бала құқын қорғау жөніндегі» Мемлекеттік емес ұйымы Жұмыс Тобы 4 жасар бүлдіршіннің әкесін дөрекі түрде ұстаған полицейлердің қылығын сынайды.
ЖТ-ына, полиция әкесімен бірге дөрекі түрде ұстап, шешесі келгенше, полиция учаскесінде қамауда отырған, қыз баланың анасы Дана Сарсенбаева шағым түсірді. Оның үстіне, үрейі ұшқан бүлдіршінді анасына қайтарғанда да дөрекілік танытып, әкесін полиция учаскесінде қалдырған.
5 қаңтар күні таңертең тіркелмеген Демократиялық партияның белсендісі Абзал Достияров, әдеттегідей, таңғы сағат 8-де, 4 жасар қызымен бірге, оны бала бақшаға апарып тастау үшін, үйден шығады. Аулада, оны ұстау мақсатымен, оған бірнеше полиция қызметкері жабыла кетеді. Мұның бәрі бейне бақылаушы камераларға түсіп қалған. Сондықтан да, шындығына еш күмән туғызбайды. Біз де, басқа жүздеген қазақстандықтар да ол бейне жазбаны көріп шықтық. Анасының сөзіне қарағанда, қыздың әкесі қызын үйге апарып тастауға полицейлерді көндірмекші болған. Алайда, олар оны тыңдамай, қызымен бірге күштеп, полиция бөліміне жеткізген.
Полиция көлігінің ішінде үрейі ұшқан қыз бала өзін бала бақшаға апарып тастауларын өтінеді. Бірақ, полицейлер бүлдіршін мен оның әкесінің өтінішін елемей қойған. 4 жасар қыз бала Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінде, анасы алып кеткенше, екі сағаттай уақыт отырған.
Тіпті қыз баланың әкесі бір нәрсе бүлдірсе де, мысалы, санкция берілмеген митингке шықса да, бала оның істегені үшін жауап бермейді, беруі де мүмкін емес. Құқық қорғаушы орган қызметкерлері бала құқын дөрекі бұзды.
1994 жылы Қазақстан БҰҰ-ының бала құқы жөніндегі Конвенциясын бекіткен болатын. 3-баптың 1-тармағында: «Балаға қатысты қандай да іс-әрекет барысында, оны әлеуметтік қамтамасыз етумен айналысатын, сот, әкімшілік әлде заң шығарушы орган сынды мемлекеттік немесе жеке мекеме болсын, ең бірінші назарда бала мүддесін барынша дұрыс қамтамасыз ету мәселесі тұрады» деп, анық жазылған.
Яғни, полицейлер, өз іс-әрекеті арқылы, Қазақстанның бала құқына қатысты халықаралық міндеттемесін бұзды.
Қазақстанның «Бала құқын қорғау жөніндегі» Мемлекеттік емес ұйымы Жұмыс Тобы құзырлы органдардың осы іске араласып, баланың құқын бұлайша дөрекі бұзғандарды жазалауды өтінеді.
Роза Ақылбекова,
Қазақстанның «Бала құқын қорғау жөніндегі» Мемлекеттік емес ұйымдары Жұмыс Тобының үйлестірушісі