Сенат журналистиканың «ақырын» жақындатты ма?

22.12.2017

Сарапшылардың пікірінше, парламентпен мақұлданған заң сөз бостандығының халықаралық стандарттарына, БҰҰ, ЕҚЫҰ,ОЭСР, ЮНЕСКО-ның ұсныстарына қайшы келеді және ақпаратты еркін алу мен тарату, пікір еркіндігі сияқты конституциялық кепілдіктерді жүзеге асыру мүмкіндіктерін шектейді.

Заң Қазақстан парламенті мәжілісімен мақұлданып, сенатқа жол тарқанда елдегі және шетелдік бірқатар беделді ұйымдар аталған мәселеге байланысты ашық хат жариялаған еді. Ол хатта мәне енді мақұлданып қойған заңнан келер залал анық әрі түсінікті жазылған еді: «Заң жобасында журналистердің сұрауы бойынша ақпарат беру тәртібін күрделендіріп жіберген және оның мерзімін екі жарым есеге созып отыр, ал бұл – беделді халықаралық ұйымдардың кеңестеріне қайшы келіп тұр. Атап айтсақ, Еуропа Кеңесінің «Ресми құжаттарға қол жеткізу туралы (CETS № 205)» Конвенцияда: «Ресми құжаттарға қол жеткізу құқығының негізінде – сұрауға тез жауап беру жатыр» деп көрсетілген.

Заң жобасы ешқандай заңдық негіздемесіз «заңды мүддеге нұқсан келтіретін мәліметтер» деген терминді кіргізіп, журналистерді жеке, отбасылық құпияларды тарату үшін рұқсат алуды міндеттеп отыр, алайда бұл түсініктердің нақты құқықтық анықтамасы жоқ. 2010 жылы Конституциялық кеңес ҚР Конституциясына берілген ғылыми-практикалық түсініктемесінде: «Жеке, отбасылық құпия – жеке өмірдің бір бөлігі және ол ҚР Конституциясымен, заңдарымен қорғалады. Адамның мінезіне, түріне, денсаулығына, материалдық, отбасылық жағдайларына, өмір салтына, өмірбаянының кейбір фактілеріне жататын мәліметтер де қорғалады» деп көретілген.

Құпияларға қатысты басқа нормативтік түсініктемелер жоқ. Соған қарамастан, азаматтық сектордың осы «жаңартпаны» алып тастауға ұмтылған барлық талпынысы елеусіз қалды.

Пайдаланушылар өз ақпараттарын сайтта орналастырған кезде (форумдар, әлеуметтік желілер, жаңалықтарға беретін түсініктемелер және т.б.), сайттардың иелеріне– заң жобасы, шын мәнісінде, цензура орнатып және телекоммуникация желілеріндегі жедел-іздестіру шаралар жүйесіне қатысуды міндеттеп отыр. Ол дегеніңіз, пайдаланушыларды анықтайтын қондырғылармен және бағдарламалық құралдармен сайттарды жабдықтау, ал бұл талап, міндетті түрде, осы салада жұмыс істеп жүрген бизнеске қосымша салмақ түсіреді. Және де жобаны дайындаушылар – осы талаптың реттеуші әсеріне талдау жасамаған, сондай-ақ тиісті техникалық, экономикалық негіздеме де жасамаған, сонымен бірге осы шараларды жүзеге асыру үшін ешқандай өтпелі кезең де қарастырылмаған. Мұндай жағдайда қазақстандық аудитория шетелдік ресурстарға кетуге мәжбүр болады, өйткені ол жақта тұлғаның сәйкестігін анықтау керек деген талап жоқ. Соның кесірінен шетелдік пайдаланушылар үшін қазақстандық сайттарға жол жабылады, себебі олар сайттарға кіру үшін біздегі «сәйкестендіру жүйені» пайдалана алмайды.

Еске сала кетейік, 2015 жылы БҰҰ-ның сөз бостандығы мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Дэвид Кайе, «үкіметтік құрылымдар шифрлау мен анонимдікке тыйым салуды – террористермен және басқа да қылмыстармен күрес жүргізу үшін керек деп негіздейді, алайда, соңында, сондай «тыйым салулар» халықтың көбісінің, соның ішінде журналистердің де құқықтарын бұзуға әкеп соғады және олар негізсіз қудалауға ұшырауы мүмкін», – деп атап өткен.

1999 жылы қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға 27 заңмен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соның нәтижесінде бұл заң көптеген тыйым салатын және бір біріне қайшы келетін нормаларға толып кетті. Қазақстан Республикасы Конституциясы сөз бостандығына мемлекеттік кепілдік берсе, жаңа нормалар сол мақсатқа сай келмейді және БАҚ-тардың сандық дәуірдегі ерекшеліктерін де ескермей отыр», – делінген хатта.

Ендігі сенат мақұлдауынан өтіп кеткен бұл заңға тек ҚР президенті ғана вето қоя алады.

«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының жетекшісі Тамара Калееваның айтуынша, ендігі бір ғана мүмкіндік, президенттен вето сұрау ғана қалды. Жақын уақытта президент атына ашық хат жазылып, жіберілетінін айтады.

Саяси және азаматтық бостандықтардың хал-ахуалын зерттейтін халықаралық «Freedom House» ұйымының биылғы яғни 2017 жылғы рейтингі бойынша Қазақстан сөз бостандығы жоқ елдердің қатарында тұр. Еліміз 24-индекспен  196 елдің ішінде 179 орында.

Ал «Репортеры без границ» ұйымының 2017 жылға арналған зереттеуіне сәйкес сөз бостандығы бойынша 180 мемлекеттің ішінде 157-ші орында.  Яғни бізден кейін Руанда, Гандурас, Солтүстік Корея, Түркменстан мен Өзбекстан сияқты мемлекеттер ғана.

 

 

 


Добавить комментарий