АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Белсенді Айтжанов он тәулікке қамалды

Белсенді Айтжанов он тәулікке қамалды

03.08.2020

Тергеу изоляторында көз жұмған белсенді Дулат Ағаділдің ауылында «заңсыз шеру өткізді» деп айыпталған Серік Айтжанов он күнге қамалды.

Тамыздың 2-і күні Ақмола облысы Целиноград аудандық соты 53 жастағы Алматы қаласының тұрғыны Серік Айтжановты 10 тәулікке қамау жөнінде үкім шығарды. Сот онлайн режимде өтті.

Айтжанов тамыздың 2-і күні Алматы қаласында ұсталып, сот отырысына Алмалы аудандық полиция басқармасынан видеоконференция арқылы қатысты. Соттан кейін белсендінің адвокаты Жанар Балғабаева қаулыны апелляцияға беретінін айтты.

Бұған дейін, Серік Айтжановқа 13 маусым күні Алматыда өткен «Субботаж» шеруіне қатысқаны үшін 30 АЕК айыппұл салынған.

Ақпан айында 43 жастағы азаматтық белсенді Дулат Ағаділ Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмған. Оның өлімінен кейін Қазақстанның бірнеше қаласында еске алу және қаралы жиындары өткен. Оған қатысушылар Ағаділдің өліміне билікті кінәлаған.


Сондай-ақ қараңыз