• Басты
  • >
  • Азаптауларға қарысы ҮЕҰ коалициясының құқық қорғаушы Елена Семенованы қудалауға қатысты мәлімдемесі

Азаптауларға қарысы ҮЕҰ коалициясының құқық қорғаушы Елена Семенованы қудалауға қатысты мәлімдемесі

10.07.2020

Азаптауларға қарсы ҮЕҰ Коалициясы құқық қорғаушы Елена Семеноваға қарсы Қылмыстық атқару жүйесі комитеті қызметкерлерінің сотқа бір уақытта алты бірдей шағым түсіруін Коалиция мүшесі Семеноваға қарсы ұйымдастырылған арнайы науқан деп есептейді.

Семенованың үстінен сотқа УК-161/2 (Қостанай облысы), ЕС 164/4 (Алматы облысы), ЖД-158/4 (Жамбыл облысы), ЛА-155/12 (Алматы облысы)  қызметкерлері арыз түсірген. Бұған дейін, «мекеменің қызметтік мансабына нұқсан келтіру» айыбы бойынша құқық қорғаушы екі істе жеңіліп қалған.

Коалицияның сот жүйесі ашықтан ашық қарсы тараптың жағында жұмыс істеп жатыр деп есетеуге толық негізі бар. Соттың негізгі куәгерлердің пікірін ескермеуін басқаша түсіндіру мүмкін емес. Елена Семенова дәл осы зардап шеккен сотталушылардың айтуы бойынша материалдарды дайындаған. Соңғы істі жеңіп шыққан ЕС 164/4 мекемесі қызметкерлерінің репутациясы жағымды емес. БАҚ беттерінде сотталушылардың мекеме әкімшілігі тарапынан азаптаулар мен қысым көріп жатқандығы туралы ақпараттар жиі шығады. Семенованың айтқандарын растаған сотталушының пікірін сот ескерусіз қалдырды. Соңғы бір жылда БАҚ-та колониялардың (ЖД-158/4 мекемесінен басқа) барлығында азаптаулар мен жемқорлық фактілері бар екендігі жөнінде бірнеше рет материалдар шықты.

Азаптауларға қарысы ҮЕҰ Коалициясы ескертеді:

Қылмыстық Кодекстің «Азаптау» бабы өте ауыр бап болып табылады. Оны жасыру қылмыстық жазаға тартылады. Құзырлы органдар қылмыс жөнінде ақпарат тараған уақытта оны болдырмауға, алдын алуға, кінәлілерді жазаға таруға күш жұмсауы керек.

Сонымен қатар Азаптауға қарсы ҮЕҰ Коалициясы еске салады:

Өкінішке орай, ҚР Қылмыстық-атқару жүйесінің имиджі жазалаушы ретінде қалыптасқан. Азаптаулар мен қинау жөніндегі көптеген фактілердің кейбірі Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің жазалануына алып келеді. Бірақ одан да көп қызметкерлер жазасыз қалуда. Қылмыстық-атқару комитеті өз қызметкерлерінің қатысы бар түзету мекемелеріндегі азаптау фактілерінің алдын алуға қауқарсыз және оған назар аударуға мүдделі емес.

Азаптауға қарсы ҮЕҰ Коалициясы Елена Семенованы және өзге де құқық қорғаушыларды қудалауды дереу арада тоқтатуды талап етеді.