• Басты
  • >
  • Алматыда қамаудағы «Oyan Qazaqstan» белсенділері бостандыққа шықты

Алматыда қамаудағы «Oyan Qazaqstan» белсенділері бостандыққа шықты

22.05.2023

Мамырдың 21-інен 22-іне қараған түні 15 тәулікке қамалған белсенділер Дархан Шәріп пен Влада Ермольчева бостандыққа шықты. Полиция оларды 6 мамырда тұтқындаған. Сот сол күні түнде өткен. 

Белсенділерді изолятор алдынан жақтастары мен журналистер күтіп алды. 

Дархан Шәріпке былтырғы жылдың қарашасында өткен бейбіт жиынға қатысқаны үшін айыпталған. Ал Влада Ермольева наурызда «Бізден сайлау ұрланды» деген плакатпен пикет өткізгені үшін қамауға алынған. Белсенділер өздеріне тағылған айыппен келіспейді. 


Сондай-ақ қараңыз