Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаев мырзаға үндеу

11.08.2022

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Қазақстанның азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар Коалициясы сіздерді саяси ерік-жігер танытып, елдегі азаптау мен қатыгездікке қарсы кешенді стратегияны әзірлеуге үлес қосуға шақырады.

Қазіргі уақытта «Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық сот төрелігі, үкімдерді орындау және азаптау мен қатыгездіктің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша» Заңының жобасы әзірленуде. Әдеттегідей мемлекеттік органдар заңның жекелеген нормаларына өздеріне ыңғайлы өзгерістер енгізу арқылы бұл мәселені ресми түрде «жабуға», мәселенің түбегейлі шешілуіне кедергі келтіруге әрекет жасауда. Біз Қазақстандағы азаптауларға қатысты жағдайды мұқият қадағалап отырамыз және соңғы жылдары мемлекет қабылдаған көптеген шараларға қарамастан, азаптау мен қатыгездік мәселесі жеке жағдайлардың шегінен шығып, созылмалы сипатқа ие екенін сеніммен айта аламыз. 

БҰҰ-ның шарттық органдарының Қазақстанға қатысты азаптаумен күресу бойынша кешенді шараларды қабылдау қажеттілігі туралы көптеген ұсынымдары әлі де өзекті, бір де біріне адекватты жауап беріліп, іс-әрекет жасалған жоқ. Мысалы, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің Қазақстан 2016 жылдан бері әлі орындамаған маңызды ұсынымдарының бірі – «азаптау мен қатыгездіктің құрбандары заң жүзінде де, іс жүзінде де толық өтемдік залалға қол жеткізу, оның ішінде оңалту, өтемақы және қылмыстық сот ісін жүргізуге тәуелсіз азаматтық қорғау құралдарын қолдану мүмкіндігі». Осы ұсынымның орындалуы мемлекет қаражаты есебінен өтемақы төлеуге байланысты болғандықтан, осы уақытқа дейін бірде-бір мемлекеттік орган жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын емес.

Азаптау қызметтік дәрежені пайдалана отырып жасалатын қылмыс болып саналады, оның ішінде Қазақстан заңнамасында да лауазымды мемлекеттік қызметкерлер тарапынан жасалатыны мойындалған, әрқашан мемлекетке қатысы бар адамдар жасайтын қызметтік қылмыс болып саналады. Демек, зардап шеккен адамға мемлекетке келтірілген зиянды өтеуі тиіс принцип сақталуы керек. Жақында Өзбекстанда да осы қағидаға сәйкес азаматтық-құқықтық тәртіпте адамға мемлекеттен залал өндіруді талап етуге мүмкіндік беретін негіздер тізбесін кеңейту, оған азаптау немесе қатыгездік жасау фактілерін қосуды ұсынды. Қазақстанда да зардап шеккендерге осындай мүмкіндік беру керек.

Президент мырза, Қазақстанның азаптауларға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындау жөніндегі ұстанымыңыз ең шешуші болып табылады. Осыған байланысты, Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізден азаптау құрбандарына келтірілген зиянды алдын алу, тиімді тергеу және толық өтеу мақсатында заңнамалық, әкімшілік және басқару шараларын қабылдаудың кешенді стратегиясын (бағдарламасын) әзірлеу туралы хабарлауыңызды сұраймыз. БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясы бойынша Қазақстанның міндеттемелері орындалып, қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас тиісті, қылмысына сай жазалануы тиіс.

Осы мақсатта осы стратегияның мазмұны мен іске асыру тетіктерін бірлесіп әзірлеу үшін Қазақстанның азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар Коалициясының ұлттық сарапшыларымен бірлесіп жұмыс тобын құруды ұсынамыз. Азаптау құрбандарын қорғау саласындағы практикалық тәжірибеге сүйене отырып және халықаралық стандарттарды басшылыққа ала отырып, біз Қазақстандағы азаптау проблемасын жүйелі құбылыс ретінде түбегейлі жою мақсатымен кешенді түрде қараудың уақыты келді деп нық сенеммен айта аламыз.

Құрметпен,

Роза Ақылбекова

Қазақстанның азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар Коалициясының үйлестірушісі, Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі бюросы директорының орынбасары

Сүрет: MagicGlow