Қаңтар оқиғасына байланысты қамалғандарға қатысты жыныстық зорлық мәселесі бойынша мәлімдеме

23.02.2022

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Азаптауларға қарсы коалициясы қаңтар оқиғаларының іздері бойынша азаптау туралы арыздар мен хабарламаларды тергеудегі жағдайды, әсіресе, жыныстық зорлық-зомбылық (зорлау, зорлау қаупі, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері және басқалар) сияқты азаптау жағдайларын мұқият қадағалайды.

Жыныстық зорлық-зомбылық түріндегі азаптау туралы хабарламалар әрқашан коалицияның ерекше назарында болады. Коалиция Қазақстандағы осындай азаптауларды бақылау тәжірибесінде тергеу ақпараттарын ашық жариялау зардап шеккен азаматтардың, әсіресе, қамауда отырған жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін біледі.

Полиция тарапынан сексуалдық зорлық-зомбылық көрген құрбандары, әсіресе ер адамдар бұл жөнінде көп айтпайды. Бұндай оқиғалар көп жағдайда қараусыз қалады. Ал кінәлілер жазаланбайды. Зерттеулер зорланған ер азаматтардың көпшілігі өз өзіне қол салу немесе денесін жарақаттау қауіпіне көбірек ұшырайтынын растады. Көбінесе полицияда, қамауда ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарында жыныстық азаптау видеоға түсірілген болса, онда азаптау құрбаны болған ер адамдар оны ресми айтуды былай қойып, жақындарымен бөлісуге қорқады.

Сергей Молчанов, психотерапевт, Стамбул хаттамасының сарапшысы (азаптауды құжаттау және тергеу бойынша нұсқаулық), Қазақстанның ҮЕҰ азаптауға қарсы коалициясының мүшесі: «Азаптаулар — бұл кез келген адам үшін, әсіресе, егер бұл адам жабық мекемеде болса, экстремалды күйзеліс. Азаптаудан кейінгі алғашқы айлар жарақаттан кейінгі өткір стресс кезеңімен сипатталады, мен психиатр ретінде жәбірленушіден кез келген дүниені күтемін. Ол қылмыскерлердің бопсалауымен тіпті бастапқы куәлігінен бас тартуы да мүмкін. Өкінішке орай, біздің елде жәбірленуші азаптау туралы мәлімдегеннен кейін бірден қауіпсіз жерге орналастырылмайды. Ал ерлерге қатысты жыныстық сипаттағы азаптаулар қоғамдағы “Уят”ұғымына байланысты көп жағдайда дәлелдеуді қиындатады. Ал бұл адамның жан дүниесінде өмір бойы бітпес жара болып қалады. Психикасы “бұзылады” және оны қалпына келтіру үшін психотерапияның бір жылдан астам уақыты қажет».

Коалиция қаңтар айындағы оқиғалар бойынша ұсталғандарға қатысты Талдықорғандағы сексуалдық зорлық-зомбылық (жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар, соның ішінде сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері және басқалар) кейстерінен хабардар, коалицияға қатысушы Виктор Тенмен бірлесіп, құрбандардың өте осал жағдайын назарға ала отырып, осы фактілерді тергеп-тексеруді және кінәлілерді жауапқа тартуды бойынша жұмыстар жүргізуді жалғастырады.

Коалиция сексуалдық зорлық-зомбылықты таратуда журналистер мен ғаламтор қолданушыларын жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды. Күш біріктіруіміздің нәтижесінде Қазақстанда осындай азаптау жасағандар жазасыз қалмайды деп үміттенеміз.