Қысқаша ақпарат Азаптауға қарсы ҮЕҰ Қазақстан Коалициясы 2022 жылдың 19 қаңтары бойынша қаңтар оқиғасына байланысты

19.01.2022

Бүгінгі таңда Коалиция азаптау немесе өзге де құқық бұзушылық бойынша 24 өтініш қабылдады. Атап айтқанда, Алматыда – 6, Атырауда – 3, Шымкентте – 2, Қарағандыда – 1, Таразда – 3, Ақтөбеде – 2, Оралда – 2, Қостанайда – 1, Өскеменде – 3, Семейде -1 өтініш қабылданды. Оның 19-ы ер (оның ішінде 1-і кәмелетке толмаған) және 5-і әйел.

2022 жылдың 19 қаңтары бойынша қаңтар оқиғасынан кейінгі жағдайды төмендегідей сипаттайды: 

1. Бейбіт тұрғындар арасында оқиға кезінде қайтыс болғандар, жараланғандар, зардап шеккендер саны әлі күнге белгісіз. 

2. Адвокаттар мен сарапшылардан жарақаты бар ұсталғандарға тиісті медициналық көмек көрсетілмей жатқандығы жөнінде ақпараттар келуде. 

3. Кейбір ұсталған (конституциялық тұрақтылық пен мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндіру, терроризм баптары бойынша) азаматтардың қайда екені әлі күнге дейін белгісіз. 

4. Ұсталғандардың көбісі заң бойынша белгіленген уақытта отбасымен хабарласып, адвокатпен кездесе алған жоқ.

5. Көптеген тұтқындар өздерінің және туыстары мен адвокаттарының сөзіне қарағанда, қамауда ұстау жағдайында қауіпсіздік күштері тарапынан ұрып-соғуға және қорқытуға ұшыраған. Коалиция алдағы уақытта да әрбір жағдайды анықтауға бар күш-жігерін салады. 

6. Соққыға жығылған, азап көрген азаматтардың көбісі бұл жөнінде ашық айтпайды. Әсіресе бүлікке қатысқандығын жоққа шығармайтын азаматтар үнсіз қалуды жөн көреді. Олар репрессиядан қорқады.

7. Қазіргі уақытта қаңтар оқиғасына байланысты ҚР ҚК «Азаптау» бабы бойынша қандай да бір іс қозғалғандығы жөнінде ақпарат жоқ. Құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан қысым көрген азаматтарға полицияның ішкі қауіпсіздігіне шағымдану ұсынылған. Қазақстанда азаптауларды зерттейтін тәуелсіз ұйымдар жоқ. 

Коалиция құқық қорғау органдары тарапынан азаптау, зорлық-зомбылық пен қысым көрген азаматтарды төмендегідей контактілер бойынша хабарласуға болатынын еске салады:  

        Алматыдағы АҚмЗСЖҚХБ бас офисі.

050035  Алматы қ,  8 ықшам аудан , 4-а үй, 423  және 428 офис.

Анна Солодова, заңгер, Қазақстан Республикасы бойынша құқықтық және психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша кординатор: +7 708 112 09 38smirnova.ig.anna@gmail.com

Аа Алматыдағы АҚмЗСЖҚХБ бас офисі.050035  Алматы қ,  8 ықшам аудан , 4-а үй, 423  және 428 офис.Заңгер – Таңшолпан ЖҰМАҚОВА+7 708 112 09 05;Zhumakova.sholpan@gmail.com
Алматыдағы АҚмЗСЖҚХБ бас офисі.Заңгер – Максим КУДРЯВЦЕВ +7 707 116 80 87, Kudryavtsevmaxim2014@gmail.com 
АҚмЗСЖҚХБ Нұр-Сұлтан бөлімшесі 010000, Нұр-Сұлтан қ, Сарыарқа даңғылы 12, офис 603.Тел. +7 707 855 02 738 708 425 33 83, capital.kibhr@gmail.com 
Ақтөбе бөлімі030000, Ақтөбе қ, Абылай хан даңғылы, 65В, офис 5. (7132) 573-353, +7 701 328 80 02 +7 701 328 80 02, aktobe.kibhr@gmail.com 
Шығыс Қазақстан бөлімі070004, Өскемен қ, Горький көшесі, 57, офис 309/1(7232) 248-831,+7 777 170 64 83 +7 701 588 80 97, oskemen.kibhr@gmail.com 
Батыс Қазақстан бөлімі090000, Орал қ, Н.Назарбаева даңғылы, 215, офис 306(7112) 508-929; +7 777 862 30 08 +7 701 658 84 60, uralsk.kibhr@gmail.com 
Қарағанды бөлімі100008, Қарағанды қ, Костенко көшесі, 6, офис 93 (7212) 424-086, +7 708 760 41 55+7 701 380 47 48, ygussakov@gmail.com
Қостанай бөлімі110000, Қостанай қ, Жеңіс көшесі, 70, офис 9 (7142) 574-043, +7 777 759 45 69+7 777 239 35 17, kostanai2.kibhr@gmail.com 
Маңғыстау бөлімі130000, Актау қ, 2 ықшам аудан,  47 б, офис 635(7292) 545-168, +7 771 116 22 22+7 701 442 79 75, aktau.kibhr@gmail,com
Атырау бөлімі060005, Атырау қ, Махамбет көшесі 125 а. Тел. (7122) 25 08 82, +7 707 311 0487+7 707 311 0487, kibhr.atyrau@gmail.com 
Павлодар бөлімі140002,  Павлодар қаласы, Қайырбеков көшесі, 34, офис 203 (7182) 321-767, +7 705 731 98 69+7 705 731 98 69, kibhr.pavlodar@gmail.com 
Шымкент бөлімі160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би, 49, офис 44 (7252) 539-693, +7 701 753 68 98; +7 777 809 52 83; +7 701753 6898, shymkent.kibhr@gmail.com 
Тараз бөлімі Заңгер – Халидов Дмитрий Русланович+7 701 727 23 11+77077272311, tpk_borz@mail.ru
Талдықорған құқық қорғау орталығы Тен Виктор040000 Талдықорған қ , Төлебаев көшесі74,каб.4 +7 7772113910markell2@mail.ru
Айна Шорманбаева,  Халықаралық құқықтық бастама қоғамдық қоры Алматы қаласы+77015168787

Коалиция азаптау мен зорлық-зомбылық құрбандарына құқықтық және психологиялық көмек көрсетуге дайын. Коалиция азаптаулардан азат болу құқығы кез келген жағдайда ( ТЖ кезіндеде) қорғалуы қажеттігін еске салады.