• Басты
  • >
  • Қаңтар оқиғасына арналған жиында сөйлеген сөзі

Қаңтар оқиғасына арналған жиында сөйлеген сөзі

13.07.2022

 (2022 жылдың 11-12 шілдесі күндері  БҰҰ-ының Арнайы процедуралары және БҰҰ-ына мүше мемлекеттердің миссиясы, сонымен бірге БҰҰ-ының адам құқылары жөніндегі Кеңесі үшін   Freedom Now құқық қорғаушы ұйымы ұйымдастырған)

Ханымдар мен мырзалар!

Қаңтар оқиғасының ең шиеленіскен кезеңі өткелі де жарты жыл өтті, енді өзіміз ресми көздерден алған және біз бен біздің фундаментальды құқықты қолдау бойынша, биыл қаңтар айының соңында-ақ құрылған,   Құқық қорғау альянсындағы серіктестеріміз, сондай-ақ, азаптауларға қарсы Қазақстандық Мемлекеттік емес мекемелер Коалициясы жүргізген мониторинг нәтижесіне сүйене отырып, жүргізілген тергеулер барысының кейбір қорытындыларын  шығаруға болады деп ойлаймын.

Әр құжатты мұқият жинап отырғанымызға қарамастан, болған оқиғаның анық та толық көрінісі біз үшін әлі де көмескі, зорлық-зомбылықты ұйымдастырған кім, белсене кіріскендер кімдер екені белгісіз. Дегенмен де, кейбір аймақтарда оқиғаның хронологиясын қайта екшей отырып, көптеген арандатушылар мен, пайымдауымызша, жергілікті элита мен кландарға, тіпті, ұлттық қауіпсіздік органдары мен басқа да құқық қорғаушы органдарға қатысы бар болуы мүмкін, біршама ұйымдасқан топтардың болғанын анықтай алдық.    

Осы қысқаша кіріспе сөзімде үш мәселеге тоқтала кетемін.

Бірінші – қаза тапқандар. Бас прокуратураның мәліметінде осы оқиғалар барысында Қазақстан Республикасында 232 адам көз жұмған, оның 19-ы құық қорғаушы органдардың қызметкерлері, тағы 6 адам азаптарға шыдамай өліп кеткен. Алайда, 5 маусым күні Президент Тоқаев берген уәдеге қарамастан, қаза тапқандардың ресми тізімі әлі де жария болған жоқ. Маусым айының басында «Азаттық» Радиосы қаза тапқан 188 адамның есімдерін анықтай отырып, олардың оқиғасын қоса жазған шағын сайттың тұсауын кесті. Біздің Альянстың мүшесі болып келетін, қаза тапқандардың дерегін жинаумен айналысқан, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина басқаратын ұйым өлген 221 адамның есімдерін анықтап шықты.  Бірақ, біл тізімді ресми тізіммен салыстыру мүмкін болмай отыр. Сонымен бірге, жаралылардың да анық саны белгісіз. Сондай-ақ, біздің қолымызда  із-түзсіз жоғалған 70-ке жуық адам туралы мәлімет те бар. Кәзір олардың тағдырын анықтауға тырысып жатырмыз.

Осы жерде айта кететін маңызды нәрсе бар, бұл адамдардың қаза болғанына қатысты істер, негізінен, наразылықтар фактісіне орай, Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексінің мынандай баптары бойынша қозғалған – 272 «Жаппай тәртіпсіздік», 269 «Ғимараттарға, құрылымдарға, хабар тарату және байланыс тораптарына шабуыл жасау немесе оны басып алу», 255 «Терроризм актісі». Яғни, қаза тапқандардың арасында кездейсоқ адамдардың, өткінші жұрттың, балалар мен бейбіт наразылық танытушылар болғанына қарамастан, біздің қолымызда құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы, полийелер мен арнайы қызмет қызметкерлерінің бірі ұсталды дегеннен бұрын, тіпті суық қаруды заңсыз қолданғанына қарай «Кісі өлтіру» бабы бойынша да қозғалған бір де бір іс жоқ.  Одан бөлек, қаза тапқандардың туыстарын полиция бөліміне шақырып, істі жабуға келісуді ұсынады, қысым да жасайды. Айта кететін тағы да бір маңызды ақпарат, қалай қаза болғанын анықтау мүмкін болған жандардың ғимараттарға немесе полиция қызметкерлерінің өміріне, сондай-ақ басқа да адамдардың өміріне қауіп төндіре отырып, шабуыл жасағаны аса сирек кездесті.  Тіпті, әлі күнге кім қандай жағдайда оқ атқаны да белгісіз. Осыған байланысты, оқтан қаза тапқан адамдардың ісін тергеудің  әділ де тәуелсіз жүргені, құқық қорғау органдары қызметкерлері әрекетінің заңдылығын анықтау аса маңызды. 

Екінші мәселе – ұсталғандар мен олардың құқы. Оқиғалар барысында да, одан кейін де елдің түрлі аймақтарында  мыңнан астам адам ұсталды. Олардың басым бөлігі кейінірек, босатылды. Бұл жерде, елдің бірнеше аймақтарында қамауда отырғандарға барып, прокуратура органдарымен бірлесе отырып, ұсталғандардың біршамасының босап шығуына, оларға қарсы қолданған шаралардың және іс-әрекеттерінің басқаша реңк алуына септігін тигізген, адам құқылары жөніндегі Төтенше уәкіл мен А.Құспанов және А. Умарова сынды адвокаттар құрған комиссияның тиімді жұмысын атай кеткен жөн. Ресми деректерге қарағанда,  мыңнан астам іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ендігі, негізінен, ұрлық пен мародерлікке қатысты бірнеше сот процесі болып өтті. Бұл істерге қатысты билік біршама сабырлық танытып, көбіне, бас бостандығынан айырмайтын жазалар кесті. Негізгі айыптар тағылған істерді қарау да басталды.

Біз сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталғандардың құқын сақтау мәселесіне қатысты сараптамалық есеп дайындап жатырмыз. Сол ұсталғандардың өздерінен, олардың адвокаттары мен туыстарынан алған сауалнаманың нәтижесі еркіндік құқы мен жеке басына тиіспеушілік, әділ сот құқына қатысты күрделі жүйелі проблеманың және ол құқылардың дөрекі түрде бұзылып жатқанын көрсетті. Көп жағдайда оларды ұстау, хатнамада тіркелген, процессуалды ұстауға сай келмейді, оны  бірнеше сағаттан сегіз тәулікке дейін мерзімде толтырған, яғни, ұстау хатнамасы айтарлықтай кешігіп толтырылған. Көп жағдайда ұсталғандарға оның себебін айтпаған, олардың үндемеу туралы құқы, адвокат алу құқы мен бір қоңырау шалу құқы туралы түсіндірмеген. Ұсталғандарға бірнеше күн бойы адвокаттарды жолатпаған, ондай жағдай, кем дегенде, екі изоляторда анықталды, ұстағландарға адвокаттар тек төтенше жадғай біткен соң ғана жіберіледі деген. Көп жағдайда ұстаған кезде негізсіз  күш қолданған, алып келгенше ұрып-соққан. Кейбір жағдайда ұсталғандарды бірнеше сағат бойы, тіпті бірнеше күн бойы мәшиненің ішінде, ұсталғандарды қамайтын орыннға қатысы жоқ басқа жерлерде ұстаған, оларды дәрігерлік тексеруден өткізген.  Ал, бұлайша күш қолданып ұстағандары, көбінесе,  бейне жазбаға түспеген. Айта кететін бір шындық, дәрігерлер қамалғандарды, негізінен, тергеу изоляторында  тексеруден өткізген.

Біздің қолымыздағы нақты деректер бойынша, 44 адам терроризм ісіне қатысы бар деген күдікпен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің изоляторында қамауда отыр.  Ол істерді сол комитет тергеп жатыр және мұндай істерге қатысты сот процесстері толығымен жабық өтеді. Оның үстіне, адвокатты өзі таңдау туралы халықаралық стандарттарды бұза отырып, мұндай істерге тек Ұлттық қауіпсіздік Комитетінен рұқсат алған адвокаттар ғана қатыса алады, ал мұндай алвокаттар журналистермен,  құқық қорғаушылармен байланысқа сирек шығады. 

Үшіншіден – азаматтық белсенділер мен бейбіт наразылық танытқандарды қудалау. Президент Тоқаев та, басқа барлық биліктің де бейбіт наразыларды зорлық-зомбылық көрсеткендерден бөле қарап, оларды қудаламайтынын сендіріп баққанымен, біз биліктің,  кейбір жағдайда, бұл оқиғаларды саяси оппозиция мен бейбіт азаматтық белсенділерді қудалау үшін пайдаланып отырғанын көреміз. Біздің деректеріміз бойынша, белсенділерге қатысты 32 қылмыстық іс қозғалған. Олардың көбі  қамауда отырмағанына қарамастан, тергеу аса қатал жүріп жатыр. Оның көрнекті мысалы – тіркелмеген Демократиялық партияның лидері Жанболат  Мамай мен экстремизим үшін тиым салынған «Қазақстанның Демократиялық таңдауы» және «Көше партиясының» Жанмұрат Әштаев, Фарида Ишмухаметова, Ләззат Досмамбетова, Дархан Уәлиев және Кенжебек Сұлтанбеков сынды белсенділерін қудалау.

Бұл жандардың зорлық-зомбылыққа қатысы бары туралы ешқандай да бұлтартпас дәлелдің жоқтығына қарамастан, тіпті кей жағдайда олардың бейбіт пейілі анық екеніне қарамастан, олар кәзір қамауда отыр, оларға ауыр қылмыс істеді деген айып тағылып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылу қауіпі төніп тұр.  Ресей мен Беларуста қолданған әдіс-тәсіл қолданылып жатыр.

Назарларыңызға рахмет! Сұрақтарыңыз болса, жауап беруге дайынмын.


Сондай-ақ қараңыз