• Басты
  • >
  • Азаптаулар артта қалуы тиіс

Азаптаулар артта қалуы тиіс

25.02.2022

Алматыда Қазақстанның ҮЕҰ Азаптауға қарсы коалициясының қатысушылары Қазақстандағы ЕО делегациясының өкілдерімен кездесті.

Бүгін Алматыдағы Адам құқықтары жөніндегі бюроның бас кеңсесінде Қазақстандағы Азаптауларға қарсы күрес және Қазақстанның ҮЕҰ Азаптауларға қарсы коалициясын қолдау жөніндегі жобаны (демократия мен адам құқықтары жөніндегі еуропалық құрал – EIDHR шеңберінде) жүзеге асыруға жетекшілік ететін Қазақстандағы ЕО делегациясының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағының басшысы Зульфия Байсакова, Адам құқықтары саласындағы халықаралық құқық жөніндегі сарапшы Татьяна Чернобиль, Адам құқықтары жөніндегі бюроның заңгері Анна Солодова қатысты. ЕО делегациясы тарапынан Татьяна Сибель-Ривера және ЕО бағдарламалары бойынша маман Гүлнар Дюссупова қатысты.

Еуропалық Одақтың үш жылдық жобасы соңғы жылдардағы Коалиция қызметіне үлкен үлес қосты. Қаңтар оқиғасы кезінде құқық қорғау органдарының ұсталған адамдарға жасаған зорлық-зомбылық толқыны коалицияның жұмыс істеу қажеттілігін көрсетті. Коалиция мүшелері жабық мекемелерге барып, ондаған зардап шеккендерге адвокаттық көмек көрсетті. Соңғы екі айдың ішінде Коалиция 50 – ден астам азаптау құрбандарының шағымдары бойынша адвокаттарды ұсынды, бұл бір жылдағы орташа көрсеткіштен екі есе көп-деп атап өтті Коалиция үйлестірушісі, адам құқығы бюросы директорының орынбасары Роза Ақылбекова.

Кездесуге Талдықорғаннан құқық қорғаушы Виктор Тен мен адвокат Александр Ким шақырылды. Себебі бұл қала ұсталған адамдарға, оның ішінде жасөспірімдерге қолданылған азаптаулардың саны мен ауырлығы бойынша қайғылы диаграммаға кірді. Сондай-ақ, жиында полицейлердің қолынан зардап шеккендер абақтыда қандай қиындықты бастарынан өткергенін айтты. 

Өз кезегінде ЕО өкілдері полицияның қатігездігіне, азаптауға қатысы бар адамдардың әлі жазаланбағанына таң қалды. ЕО өкілдері коалицияның қызметін жоғары бағалады. і


Сондай-ақ қараңыз