• Басты
  • >
  • Қазақстан: адам құқықтарын қорғайтын топтар қысым астында

Қазақстан: адам құқықтарын қорғайтын топтар қысым астында

07.12.2020

Жедел тарату үшін

Қазақстан: адам құқықтарын қорғайтын топтар қысым астында

Салық қызметкерлері қудалауды тоқтатып, талаптарын қайтарып алу керек

(Лондон, – 2020 ж. 4 желтоқсан) – Қазақстанның салық органдары елдегі оннан астам адам құқықтарын қорғайтын үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) қаржыландыру туралы есеп беру ережесін бұзған деп, айыппұл салу және қызметтерін тоқтата тұруды көздеп отыр – деп, Amnesty International, Front Line Defenders, Human Rights Watch және International Partnership for Human Rights бүгін мәлімдеме жасады.

Соңғы айда кем дегенде 13 адам құқықтарын қорғайтын ҮЕҰ-р салық органдарынан шетел қаржыландыруына байланысты құжаттарды дұрыс толтырмағаны туралы хабарлама алды. Жергілікті топтар бұл айыптауларды негізсіз деп санайды.

“Оннан астам адам құқықтарын қорғайтын көрнекті ҮЕҰ-ды қаржылық есеп беру болжамды бұзушылығы үшін нысанаға алу Қазақстан салық органдары тарапынан жасалған өрескел бұзушылықтан да асып түсті” – деп атап өтті Мари Стразерс, Amnesty International Шығыс Еуропа және Орталық Азия офисінің директоры. “Бұл тәуелсіз және сыни дауыстарды олар ең маңызды болған кезде арсыздықпен ауыздықтауға тырысу».

Қазан айының ортасынан бастап қараша айының аяғына дейін Қазақстан бойынша кем дегенде 13 топқа алған шетелдік қаражаттар туралы есепті дұрыс тапсырмағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 460-1-бабын бұзғаны туралы әрқайсысына хабарлама келіп түсті, кейбір жағдайда олар 2018 жылға қатысты болған. Құқықбұзушылық үшін 555,600 теңге (1300 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салу және қызметті тоқтата тұру жазасы қарастырылған. Бір жыл ішінде қайталап бұзушылық жасаған ҮЕҰ одан көп айыппұл төлеуге және қызметін тоқтатуға мәжбүр болады.

«Бұл салықтық заңын бұзды деген айыптардан адам құқықтарын қорғау топтардың заңды қызметіне орынсыз араласудің иісі аңқып тұр», – деді Хью Уильямсон, Еуропа және Орталық Азия бойынша Human Rights Watch директоры. «Қазақстан үкіметі бұл қудалауды тоқтатып, құқық қорғау топтардың маңызды жұмысына оралуына мүмкіндік беруі керек».

Мемлекеттің қысымына түскендер арасында Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросы, Халықаралық Құқықтық Бастама, Қадір-қасиет және «Эхо» қоғамдық қоры сияқты жетекші адам құқықтарын қорғайтын ҮЕҰ-р бар. Топтар адам құқығы және сайлауды бақылаудан бастап, қоршаған ортаны қорғау, сөз бостандығы мен БАҚ бостандығына дейінгі мәселелер бойынша жұмыс істейді.

30 қарашада салық органдарының нысанаға алған ҮЕҰ-дың жетеуі бірлескен мәлімдеме жасап, Қазақстан билігі азаматтық қоғамды қорқытып, қудалап, қысым жасайды деген алаңдаушылығын білдіріп, адам құқығын қорғаушы ҮЕҰ-ң тәуелсіздігін елеулі түрде шектеп, өз жұмысын еркін жүзеге асыру мүмкіндігіне адам құқықтары халықаралық стандарттарына қайшы нұқсан келтіреді деп мәлімдеді.

Топтар салық қызметкерлері талаптарының уақыты мен шектеулі сипаты биліктің шынайы мақсаты «[топтардың] қызметін біраз уақытқа дейін қимылсыз қалдыру» деп санайтындарын атап өтті. Олар осының бәрі азаматтық қоғамға қарсы шабуылға ұқсайтынын айтып, бұл 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін парламент сайлауы қарсаңында мемлекеттік органдардың қоғамдық бақылауынан қорқудан туындаған болуы мүмкін дейді.

«Қысымның күшеюі 2021 жылғы қаңтарда өтетін парламенттік сайлаумен тұспа-тұс келуі ерекше алаңдаушылық туғызады» – дейді Эндрю Андерсон, Front Line Defenders атқарушы директоры. «Құқық қорғаушыларды нысанаға алу азаматтық қоғамға салқындататын әсер етеді және тәуелсіз бақылаушылардың сайлау мағынасындағы сайлау науқаны мен сайлау күні кезіндегі тәуелсіз бақылау адам құқықтарын сақтауды қамтамасыз етудегі маңызды рөліне кедергі келтіреді».

ҮЕҰ топтары салық органдары бұл жазаларға тиісті құқықтық рәсімдерін орындамай тартып жатқандарына алаңдаушылығын білдірді. Шешімдерге 10 күн ішінде сотқа шағымдануға болады.

Топтардың брифингісінде Алматыдағы адам құқықтарын қорғаушы Аманкелді Шорманбаев биліктердің әрекеттерін азаматтық қоғамды «қылқындыру» деп сипаттады.

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бойынша Қазақстан халықаралық бюросының директоры Евгений Жовтистің төрт халықаралық адам құқықтары ұйымдарына айтқандай, салық органдары 26 қарашада оның қызметкеріне Бюроның 2018 ж. алған гранттары бойынша есептеріне қатысты бұзушылықтар бар деп хабарлады.

Валюта айырбастау курстарының өзгеруіне байланысты Бюро есебіндегі алған қаржысы мен жұмсалған қаржысы арасында айырмашылық пайда болды, оны салық органдары қате есеп ретінде санап отыр деп айтты Жовтис. Оның айтуынша, басқа жағдайда, Бюро гранттың пайдаланылмаған бөлігін қайтарып берген, бірақ бұны да салық органдары бұзушылық деп санады.

Роман Реймер, «Еркіндік қанаты» адам құқықтарын қорғау жастар қозғалысының өкілі, салық қызметкерлері оларды үш заң бұзушылық жасады деп айыптағанын халықаралық топтарға мәлімдеді. Бір жағдайда, қаражат аударушы қателесіп, грант сомасын екі рет жіберді, ол қайтарылған. «Қателіктер жоқ [біздің есеп беруде] – деп, ренішін білдірді. Біз олардың заңдарын дәл ұстандық. Біз қазір жойылу алдында тұрмыз. Айыппұл төлеуге шамамыз жетпейді».

Әкімшілік кодекстің 460-1 бабы 2016 жылы үкіметтік емес топтарға есеп беру міндеттемесін жүктейтін түзетулердің бір бөлігі ретінде енгізілді. Заң жергілікті құқық қорғау топтары, халықаралық үкіметтік емес топтар және басқа да халықаралық органдар, мысалы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссар Кеңсесі тарапынан кеңінен және қатты сынға алынды. Сонда БҰҰ-ның бейбіт жиналу мен бірлесу бостандығы бойынша сол кездегі арнайы баяндаушысы Майна Киаи заң жобасы «бірлестіктердің тәуелсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, олардың өмір сүруіне қарсы тұруы мүмкін» деп ескертті.

Қазақстандық билік тәуелсіз азаматтық қоғам ұйымдарына қатысты бұл негізсіз айыптарды тез арада алып тастап, олардың адам құқықтарын, оның ішінде бірлесу бостандығын қоса алғанда, адам құқықтарын құрметтеу, қорғау, алға жылжыту және орындау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындауы тиіс деп мәлімдеді халықаралық топтар.

Қазақстанның халықаралық серіктестері, оның ішінде Еуропа Одағы, ЕО мүше мемлекеттер мен басқа елдер қазақстандық әріптестерін адам құқығын қорғаушы топтарды қорқытуды, қудалауды және оларға қарсы бағытталған әрекеттерді тоқтатуға шақыруы керек.

«Қазақстандық биліктің құқық қорғаушылар мен топтардың жұмысын құрметтеу, қорғау және жеңілдетуі, олардың күшжігерін негізсіз айыптаулармен баспау өте маңызды», – деді International Partnership for Human Rights директоры Брижит Дюфур


Сондай-ақ қараңыз