• Басты
  • >
  • "Лагерь жабылсын": Қытай консулдығы алдына белсенділер тағы барды

“Лагерь жабылсын”: Қытай консулдығы алдына белсенділер тағы барды

03.03.2021

Алматыдағы Қытай консулдығы алдында наразылық акциясы өтіп жатқанына 24 күн болды. Бүгін белсенділер консулдық алдында тағы жиналды.

Қарсылық акциясына шығушылар Қытайда қамауда отырған туыстарын босатуды, хабарсыз кеткен ағайындарымен хат алмасуға кедергі жасамауды талап етуде. Белсенділер консулдық алдында «Лагерь жабылсын!», «Геноцид тоқтатылсын!», «Отбасымызды жіберсін!» деп ұрандатты.

Наразылық акциясына қатысушалардың бірі Нұржауар Мұхамедханқызының сөзінше, ағасы Мұхамедхан Мұхит намаз оқып, Қазақстанға келгені үші үш жылдан бері Қытай лагеріне қамалған.

«Мен 2002 жылы көшіп келгенмін. Қазақстанның азаматымын. Ағам Мұхамедхан Мұхит Қытайдың ланерінде жатыр. Жазығы бір жолы намаз оқып, бір рет мені іздеп келгені. Мені іздеп келген себебі, екі жасар қызым қайтыс болып, жылап-еңіреп жүргенмін, әкем жоқ болғандықтан жалғыз ағам іздемеген де, мені кім іздейді? Ішкеніміз ірің, жегеніміз желім болып, ауру болайық деді бәріміз. Ағамды 2017 жылдың тоғызыншы айында сот ашқан болып алып кеткен. Қазір жалғыз інім осы жағдайдан кейін жүрек талмасы болып ауырып жатыр. Ағамның намазға жығылғаннан басқа ешқандай кінәсі жоқ. Біз Қытай консулдығының алдында тұрмыз. Алдымыздың келгеніне 25 күн болды. Консулдықтан біреу шығып, жауап та берген жоқ», – дейді Мұхамедханқызы.

Бұдан бөлек, белсенділер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрады.


Сондай-ақ қараңыз