• Басты
  • >
  • Желтоқсаншы тұтқындарды босатуды талап етіп аштық жарияламақ

Желтоқсаншы тұтқындарды босатуды талап етіп аштық жарияламақ

12.06.2019

Өзінің наразылығына барлық зиялы қауым өкілдерін қосылуға шақырды. Төменде оның мәлімдемесінің толық мәтінін ұсынамыз.

«09.06.2019 ж., сағ.12.30-да Алматыдағы Төлеби-Абылайхан көшелері қиылысындағы паркте полицейлер 1959 ж. туған ақсақал Қитанұлы Батырбек Тезектөре-тегін тұтқындап, сот 10 тәулікке қамауға үкім шығарыпты.Б.Қитановты «митингіге барды» деп қамаған сыңайлы. Алайда, митингішілердің «Сайлау туралы 2015 жылғы Заң қалпына келтірілсін, Сайлау туралы заңдарды демократияландыратын үкімет пен қоғамдық ұйым белсенділерінің «Біріккен комиссиясы» құрылсын» деген талаптарында қолды бұрап тұтқындарлықтай еш өрескелдікті көрмедім. Сондықтан, сайлауға, заңдарға қатысты өз пікірін айтқан азаматтарды тұтқындауды билік тарапынан 1986 ж. Желтоқсандағыдай халыққа істелінген экстремистік шабуыл, саяси қуғын-сүргін деп есептеймін.  

Қитанұлы Батырбек ақсақал бұрын сотқа тартылмағандықтан оған тек ескерту жасалынуға тиіс. Жүрегі ауру кісіні бірден 10 тәулікке қамауларыңыз заңға да, адамгершілікке де жатпайтындықтан, оны қамаудан жедел босатуды талап етемін! Болмаса, мен, 27 жыл бойы қант диабетімен ауыратыныма, соңғы 7 жылда инсулинмен жан сақтап отырғаныма қарамастан, ертең, 11.06.2019 ж. сағ. 12.00-ден бастап Алматы қаласы әкімдігі үйінің алдында АШТЫҚ жариялауды бастайтынымды, өзге де тұтқындалған азаматтардың туыс, дос-жарандарын аштық жариялауға шақыруға мәжбүр болатынымды сіздерге мәлімдеймін!»

 


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз