КАЗАХСТАНСКОЕ МЕЖДУНАРОДНОЕ БЮРО ПО ПРАВАМ ЧЕЛОВЕКА И СОБЛЮДЕНИЮ ЗАКОННОСТИ

Бүгін Жоғарғы сот үкіметтік емес ұйым «Халықаралық құқықтық бастама» қорының Алматы қаласы салық департаментіне қарсы арызын қанағаттандырып, заңсыз өндірілген салықты қайтару туралы сот шешімін шығарды.


«Сүйінші! «Халықаралық Құқықтық Бастама» Қоғамдық қоры Жоғарғы сотта жаңа ғана жеңіске жетті! Бізді салық органдары тарапынан қудалау тоқтатылды. Ұйымымызға корпоративтік табыс салығын салу заңсыз болып табылды. Сонымен, азаматтық қоғам бұл істе өз күшін көрсетті», - деп жазды ұйым өкілдері өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік өткен жылы Алматы қаласы салық департаменті «Либерти» және «Халықаралық құқықтық бастама» ұйымдарына қарсы сотты жеңіп шыққан еді.  

Салық қызметі тексергеннен кейін Алматыдағы үкіметтік емес «Либерти» мен «Халықаралық құқықтық бастама» ұйымдарына миллиондаған айыппұл салған. Шетел гранттары есебінен жұмыс істейтін құқық қорғаушыларды корпоративті табыс салығын төлеуге міндеттелген.

Ал ұйым өкілдері, гранттардың табысқа жатпайтынын мәлімдеген болтын.

Тексеріске Астана тұрғыны шағымы негіз болған еді.

Алматылық «Либерти» және «Халықаралық құқықтық бастама» ұйымдары мен астаналық «Қадыр-Қасиет» ұйымдарын Астана тұрғыны шағымы негізінде тексерген. Ол қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кіріс комитетіне жолдаған шағымында Nur.kz сайтынан «Қазақстандағы белсенділерді даярлауға шетелдік қорлар қанша ақша жұмсайды» деген мақаланы оқып, жоғарыда аталған ҮЕҰ-лардың жұмысы «қоғамның ең басты құндылығы – тұрақтылықты шайқалтуға бағытталған шығар» деген болжам жасаған. Ол әлгі ұйымдардың қызметін, қандай салық төлейтінін және кімге есеп беретінін тексеруді сұраған.

Алматы қаласы мемлекеттік кіріс департаменті «Либерти» және «Халықаралық құқықтық бастама» ұйымдарының жұмысын тексеріп, «Либерти» ұйымына – 2,5 миллион теңге, ал «Халықаралық құқықтық бастама» ұйымына 1,3 миллион теңге айыппұл мен корпоративті табыс салығын салған.

Айыппұл салынған құқық қорғаушылар оны «ұйымымызды жоюды көздеген саяси тапсырыс» деп атаған еді.

Беделді Халықаралық құқық қорғау ұйымдары да салық департаменті айыппұлын үкіметтік емес ұйымдарға қысым ретінде бағалаған еді.

 

 

Присоединяйтесь к обсуждению публикации на Facebook: