Серікжан Біләш соты 29-шілдеде басталады

25.07.2019

Тіркелмеген «Атажұрт еріктілері» қоғамдық ұйымының жетекшісі, азаматтық белсенді Серікжан Біләштың соты 29-шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында басталады. Бұл жөнінде бізге оның адвокаты Айман Омарова хабарлады. Кеше аталған іс бойынша айыптау актісінің шығып,  енді белсендінің ісі сотқа жіберілгені хабарланған еді.  Шілденің 24-і күні Алматыдағы «Атажұрт еріктілері» кеңсесінде өткен баспасөз мәслихатында Серікжан Біләштің адвокаты Айман Омарова мәлімдеген. (Бюроның Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасынан осы жөнінде тікелей эфир көре аласыз).

Адвокат А.Омарова баспасөз жиынында Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары Өтегеновтің қолы қойылған айыптау актісін оқып берді. Айыптау актісіне қарағанда, тергеуде Серікжан Біләшқа қарсы куәлік еткен он шақты адамның арасында белгілі ақын, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов бар.

Серікжан Біләшқа Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-тармағы (әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, рулық тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша айып тағылып отыр.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

ПРОЙТИ ОПРОС

Нужен ли в Казахстане новый закон, регламентирующий свободу мирных собраний?