«Құқыққорғаушы деген кім?» конкурсының нәтижесі

12.12.2017

Конкурс Қазақстан құқыққорғаушылар қауіпсіздігі коалициясы және Қазақстан Жастар Ақпарат Қызметі ұйымдастыуымен, Адам құқығы жөніндегі біздің бюро қолдауымен өтті. 

Конкурсқа түскен ондаған жұмысты белгілі журналист Жанболат Мамай төрағасы болған төрешілер алқасы іріктеп, жеңімпаздарды анықтаған. Бірінші орын иесі Кирилл Карташовқа диплом, футболка және елу мың теңге тапсырылды. Екінші орын иесі алматылық Фариза Оспановаға диплом, футболка және қырық мың теңге бұйырса, үшінші орын иесі оралдық Иван Синенкоға диплом, футболка және отыз мың теңге жіберілетін болады. Екі ынталандырушы сыйлық иелеріне он мың теңге көлемінде сыйақы жіберіледі.

«Құқыққорғаушы деген кім?» тақырыбымен өткен конкурс шарты бойынша қатысушылар елдегі құқыққорғаушылар туралы баяндауы, оларды сипаттауы тиіс болатын.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, бұл шара аталған құқықорғаушылардың бейнесін ашып, олардың қиын еңбегін насихаттауға бағытталған.


Добавить комментарий