КАЗАХСТАНСКОЕ МЕЖДУНАРОДНОЕ БЮРО ПО ПРАВАМ ЧЕЛОВЕКА И СОБЛЮДЕНИЮ ЗАКОННОСТИ

«Қазақстандағы адам құқығының жағдайы мәз емес! Тіпті ауыр жағдайда! Өз азаматтарының құқығына дәл осылай қарайтын мемлекетте қалай өмір сүріп жүрміз? Бұл жағдайды өзгерту үшін не істеуге болады? Мен не істей аламын?» Аталған тақырыпқа арналған сурет көрмесінен кейін жеке мен дәл осындай ойда, күйде қайттым. Барып көремін десеңіздер көрме 20-желтоқсанға дейін ашық.


2017 жылғы 6 желтоқсанда «ARTMEKEN» галереясында Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен «Адам құқықтары: 20 көктем, 20 күз» көрмесі ашылды. Көрмеге 10 суретші және 2 фотографтың жұмыстары қойылған.

Көрмедегі ең үлкен әрі әсерлі топтама фотограф Владимир Третьяковтың көрмеге ұсынған фотоциклі - “Жаңа өзен”. Ол (2011 жыл) – жұмысшылар мен полиция қызметкерлерінің қақтығысының нәтижесі туралы баяндайды. Суреттердегі фрагменттілік, үзілген ырғақ пен үлкен кеңістіктер жалпы құлазу мен ішкі дағдарысты көрсететіндей.

Суретші Виктория Ли «Ұят» циклы аясында жалғызбасты аналардың өмірі туралы фотобаян (2017) дайындаса, Зоя Фалькова көпшіліктің назарына «Evermust» - «Әркім міндетті» (2017) жұмысын ұсынады. Осы арқылы әйгілі Everlast фирмасы әйелдің кеудесі түрінде жасаған боксер тұлыбын ұруға шақырады. Сүйінбике Сүлейменова клубтық виджеингтің видеоқұжаттамасын ұсынады. Видеода демалып, би ырғағымен сейілу үшін келген жастардың кенеттен экраннан әйелдерге қарсы жасалған зомбылықтың кадрлары көрсетілгендегі олардың реакциясын байқауға болады. Белгілі карикатурист Мұрат Ділманов жұмысы арқылы Қазақстандағы сөз бостандығы туралы баяндаса, өнерде қадамын енді жасап келе жатқан, өте зерек Арман Саин көпшіліктің назарына аға буын үшін түсініксіз болып табылатын жұмыстағы жекеменшік құқығы туралы баяндайтын «Адам тұтынушының құқығына қарсы» (2017) жұмысын ұсынады.

                                

Сәуле Дюсенбина үйде де босаңсымау үшін тұрақты бақылау мен қоғамдағы кереағарлықты күшейту мақсатында интерьерді арнайы өрнекті обойлармен безендіруге шақырады (“Wall paper ornament”, 2014). Мария Вильковиская және Руф Джербекова керісінше өздерінің аудиоинсталляциясы арқылы барлығы баруға талпынатын, бірақ қозғалу шектеулігіне байланысты бара алмайтын жұмақ елдің қандай екенін көрсетеді (“Адам емес құқықтары бойынша комитет. Тыңда!” 2017).

                              

Суретші ерлі-зайыпты Сәуле Сүлейменова мен Қуаныш Базарғалиев жұбының ұзақ әрі жемісті шығармашылық жолы оларды кез келген жағдайға сараптамалық негізде қарауға алып келді. Қоғамдағы жағдайды әртүрлі сезінетін олар, қоғам жағдайының түрлі-түрлі аспектілерін қарастырады. Егер Сәулені шынайы адамдар, нақты тағдырлар мен өмірлер қызықтырса (ХҚКО. Тіркеу.2017), Қуанышты мемлекеттік идеология мен ЛГБТ мәселелерін біріктіре отырып (Батырларды көргіңіз келеді ме? Олар менде бар (2015)), символикалық бағытта жұмыс істеген көбірек қызықтырады.

Көрме кураторы – Валерия Ибраева.