• Басты
  • >
  • Б.Байбекке сауал қойғысы келген белсенділерді полиция ұстады

Б.Байбекке сауал қойғысы келген белсенділерді полиция ұстады

21.02.2018

Бұл жөнінде біз жиынға кіре алмай қалып, сарай сыртында сөйлескен қала тұрғындары айтты. Олардың айтуынша, таңғы жетіде келгенімен оларды түрлі сылтау айтып әкіммен кездесуге кіргізбей қойған.

Олардың кейбірін тіпті полиция қызметкерлері ұстап, бірнеше сағат көлікке отырғызып қойған.

«Көкжайлауды қорғайық!» қозғалысының белсенділері Андрей Бузыкин мен оның жұбайын полиция кездесу өтетін Республика сарайы алдынан ұстаған. 

«Ешқандай да себепсіз бізді полиция басқармасына алып келді. Біз Көк жайлаудағы құрлысқа қатысты сұрағымызды әкім Бауыржан Байбекке қою үшін үйден шыққанбыз. Әйеліміз екеуімізді үш сағат ұстады. Түсініктеме жаздық. Жуық арада Алматы қаласы ІІД-нің ішкі қауіпсіздік қызметіне шағым түсіреміз», – деді Андрей Бузыкин.

Айта кетерлігі, бюроның әлуметтік желідегі парақшасында оқиға орнынан тікелей эфир жүргізген едік, сол жерден полиция қызметкерлерінің өтірік айтып, журналистерді алдамақ болғанын көре аласыздар. Сақшылар бізге ешкімді ұстаған жоқпыз, көрмедік деген кезде көліктің алдында отырған бір белсенді өзін екі сағаттан бері ұстап отырғандарын айтты. Ал жабық көлік ішіндегі белсенділер кішкене терезеден қолдарын шығарып, сол жерде екендерінен белгі берді.

Үйіне таңғы сегізде полиция қызметкерлері келіп, тағы бір белсенді Абай Ерекенов өзінің әкіммен кездесуге қатыса алмай қалғанын айтады.

«Бұл әкімнің халық алдында есеп беру жиыны. Мен қала тұрғыны ретінде өз сауалымды қойғым келді.Сол жиынға барғым келді. Алматы әкімдігіндегі жемқорлық пен өзі және отбасы жайлы да сұрағым бар еді. Әкімнен аз уақыттың ішінде қалай байып алғанын сұрағым келген. «Алматы паркинг» ақылы автотұрақ және Көк жайлау хақында да сұрамақшы едім. Бірақ оған жеткізбеді. Әкімдік әкімге ұнамайтын сауалдар қойылмау үшін осындай қитұрқы әрекетке барды. Полиция қызметкерлерін өз мүделері үшін пайдаланып отыр», – дейді белсенді Абай Ерекенов.


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз