• Басты
  • >
  • Алмат Жумагуловқа қарсы тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Алмат Жумагуловқа қарсы тағы бір қылмыстық іс қозғалды

06.03.2019

«Жиһадшылар ісі» деген ауыр айыппен айыпталған Алмат Жумагуловты 30 қараша 2018 жылы мәжбүрлі түрде СИ-18 ден Алмалы аудандық сотына алып келген болатын. (Судья Арипов.Қ төрағалығымен сот үкімі 2018 жылдың 21 желтоқсанында шығып, Алмат 8 жылға сотталып кеткен). Сол күні Алмат пен Оралбектің (Оралбек Омыров бірге айыпталушы) бар талабы, сот отырысының графигінен тыс болатын сотқа қатыспау еді. Себебі, сот отырысы белгіленген графикте жұма күнгі сот отырысы жоқ. Бірақ судья, сол күні сот отырысын өткізуге ұйғарып, СИ-18 моншасына бара жатырған жерінен киімдерін киюге де мұрша бермей, ішкі жейдемен (майка), аяқтарында ішкі тәпішкемен мәжбүрлі түрде күштеп алып келген еді. Дәл сол күні Алматтың қорғаушылары кезекші жедел-жәрдем дәрігерлерін шақырып, зардап шеккен Алматты сот залында тексертіп, қажетті анықтамамен анықтайды (төменде суретте, сол күнгі анықтама да бар). Алмат пен Оралбек өздеріне қалай күш қолданғаны жайлы да айтқан. Дұрыс байқасаңыздар: Алматтың оң қабағының үсті жарға соғылып, жырылған.

Ал, бұл жерде зардап шегуші Алмат Жумагулов еді ғой. Бірақ бәрі керсінше болып, Алмат Жумагуловтың үстінен 22.02.2019 ж. күні «Күдіктіні тану туралы» (постановление о признании лица подозреваемого) деп жаңадан қаулы шығарып, ҚР ҚК 380 бабы, 1 бөлігімен: «Билік өкiлiнің өз қызметтік мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру» деген айыппен, тағы іс қозғалыпты. Осы масқаралық мен үшін шектен шыққандық. Адам құқықтарының өрескел бұзылуы немесе ерсі жазалау әрекеті деп түсінемін (жеке пікірім).

Егерде бұл азаптау болса…

Осы жәйтті зерделей келе, Ата заңымызда адам құқықтарын қатаң сақтауды міндеттейді. ҚР Конституциясы 17-бап 2 тармағында: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_#z13
деп анық көрсетеді. Ал, Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 маусымда ратификациялаған “БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы” конвенцияның 2-бабының 1-параграфы және 12 , 13, 15-баптарындағы талаптар бұзылған http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z980000247_. Сондай-ақ, Адам Құқықтарының Жалпыға Ортақ Декларациясының 5 бабында: «Ешкім де азапталуға немесе қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленуге, немесе жазалануға тиіс емес» дейді http://adilet.zan.kz/kaz/docs/O4800000001.

Бұл істе, Конвенцияның және Декларацияның жоғарыда аталған баптары бұзылса, сонда сотталаушы адам жазалануы керек пе? 

 

Ринат Рафхаттың фейсбуктағы жеке парақшасынан алынды


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз