КАЗАХСТАНСКОЕ МЕЖДУНАРОДНОЕ БЮРО ПО ПРАВАМ ЧЕЛОВЕКА И СОБЛЮДЕНИЮ ЗАКОННОСТИ

Астанада өткен брифингте Ерлан Абаев "Жыл басынан бері бес өңірде ҚДТ қозғалысы белсенділерінің экстремистік іс-әрекет ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір бес факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр" деді.


Қазақстанның бірнеше өңірінде "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) тіркелмеген қозғалысының белсенділеріне қатысты іс қозғалды деп мәлімдеді Бас прокуратураның қылмыстық қуғындау қызметінің басшысы Ерлан Абаев. Бас прокуратура бүгін Астананың Есіл аудандық соты шетелде қуғында жүрген оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов құрған ҚДТ-ны экстремистік ұйым деп танып, Қазақстан аумағындағы қызметіне тыйым салынғанын хабарлаған.

Астанада өткен брифингте Ерлан Абаев "Жыл басынан бері бес өңірде ҚДТ қозғалысы белсенділерінің экстремистік іс-әрекет ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір бес факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр" деді.

Бас прокуратура таратқан мәліметке қарағанда, қазір арнайы қызмет пен ішкі істер органдары "әлеуметтік араздықты қоздыру" және "билікті басып алуға жария түрде шақыру және насихаттау" фактілері бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр.

Былтыр сәуірде шетелде тұратын бірнеше қазақстандық белсенді, оның ішінде Мұхтар Әблязов жалпыазаматтық "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысын құрғанын мәлімдеген.

Қозғалысты құрғандар "Қазақстанның саясаты мен экономикасын түбегейлі өзгерту, парламенттік республика орнату, бір адамға ғана қызмет жасайтын емес, керісінше халық алдында есеп беретін және халық үшін жұмыс істейтін үкімет құруды мақсат тұтқанын" мәлімдеген.

Присоединяйтесь к обсуждению публикации на Facebook: