Санжар Боқаев ұсталды
  • Басты
  • >
  • Санжар Боқаев ұсталды

Санжар Боқаев ұсталды

20.03.2026
In Kazakhstan, journalists, bloggers and YouTubers are now being labeled as extremists simply for engaging in information-sharing or expressing opinions. The use of facial recognition technology to track and flag dissenting voices reveals how digital surveillance is becoming a tool of repression, akin to methods typically reserved for dangerous criminals.

Белгілі қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа бірқатар ауыр баптар тағылып отыр. Құқық қорғаушылар мұны «саяси қудалау» деп санайды

Алматыда белгілі қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды. Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұған қатысты мынадай мәлімдеме таратты: «Бүгін, қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу аясында Алматы қаласының аумағында ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарының тәртібімен Бокаев Санжар ұсталды.

С. Бокаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды орналастырды деген күдікке ілінді.

Тергеу деректеріне сәйкес, С. Бокаев аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген.

Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінуде.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды».

Санжар Боқаев Алматыда құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында жасалған заңсыздықтарды әшкерелеуімен кеңінен танылды. Сонымен бірге, Боқаев 2023 жылы Алматыдағы №4 сайлау округінен мәжіліс депутаттығынан үміткер болып, додаға түскен болатын. Қоғам белсендісінің мәлімдеуінше, ол сайлауда жеңіске жеткенімен, оның нәтижесін бұрмалап, өзін мәжіліске жібермей тастады. 

Жақында Санжар Боқаев АҚШ-қа кеткенін мәлімдеп, сол жақта кәсіппен айналысатынын жеткізген болатын. 

Боқаевтың ұсталуына қатысты бірқатар құқық қорғаушылар да пікір білдірді. 

“Ар.Рух.Хақ” қорының жетекшісі, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина осыдан бір ай бұрын Санжар Боқаевтан елден неге кеткенін сұраған. Сонда ол елде “құқықтық мемлекет жоқ екенін”, “мемлекет жемқорлықты тергеудің орнына олигархтарды қорғайтынын” айтқан.

“Ол маған сыбайлас жемқорлық туралы барлық деректі келтіргеніне қарамастан, билік бұл сигналдарды тексерудің орнына мүлде басқа ұстанымға көшкенін айтты. Яғни, ол айтқан фактілерді тергеудің орнына, өзіне қысым жасалып, қорқыту басталған. Оның сөзінше, өзіне ғана емес, отбасына, балаларына да қоқан-лоқы көрсетілген. Сол себепті елден кетуге мәжбүр болған” деді Төреғожина Азаттыққа.

Құқық қорғаушының айтуынша, Боқаевтың Қазақстанда отбасын асырауға мүмкіндігі қалмаған.

“Менің ойымша, қазіргі Санжарға қатысты қудалау да оның зерттеулеріне байланысты. Олигархтар мемлекетке ықпал етіп, Санжарға қарсы ауыр қылмыстық іс қозғауға түрткі болған. Мұның мақсаты — оның аузын жабу және сыбайлас жемқорлық туралы айтып жүрген басқа адамдарға сабақ болсын деп қудалау” деді Төреғожина.

Санжар Боқаевтың ұсталуына қатысты белгілі журналист Вадим Борейко өзінің әлеуметтік желісінде оған қарсы куәлік етуге адамдарды мәжбүрлеп жатқанын да жазды. Журналистің айтуынша, видеоны Санжар Боқаев ұсталар алдында жақындарына жіберген. 

Видеода ер адам өзін “азаптап, жалған куәлік беруге мәжбүрлегенін” эмоцияға беріліп тұрып айтады. 

“Мені ұстаған жедел уәкіл камера жоқ жерге апарып, ұрды. Сосын ана жаққа апарып видеоға түсірді… Қолыма кісен салып жатқызып қойып ұрды. Адвокат бер десем, адвокат берем деді. Бірақ дежурный адвокат, дым білмейді ол братан. Маған әкем жалдаған адвокатқа рұқсат беріп жатқан жоқ” деді видеода ер адам. Ол екі адамның аты-жөнін (Боқаев, Ұланов) атап, оларды “қарала” деп өзін мәжбүрлегенін, есесіне “оны айыппұлмен босататынын, ақша, үй мәселесін шешіп беруге” уәде бергенін айтады. Егер келіспесе, 10 жыл түрме жазасын береміз деп қоқан-лоқы көрсеткенін жеткізеді. 

Ер адам өзіне әкесі жалдаған адвокаттың қызметін қолдануға рұқсат бермегенін айтады. Ал мемлекет тағайындаған адвокат құқығын қорғамағанын айтты.  

“Мен кінәлі емеспін!”, “Мені мәжбүрлеп жатыр” дейді ол сондағы адамдарға. 

Журналист Вадим Борейко видео Алматы қалалық полиция департаментінің кіре берісінде жазылғанға ұқсайды деп жазды.

Айта кетерлігі, біраз уақыттан кейін әлгі адам тағы да мәлімдеме жасап, «өзіне ешкім қысым көрсетпегенін, Боқаевтың қорғаушысына сеніп қалып осындай сөз айтқанын» айтты. 

Боқаевқа қатысты тергеу әрекеттері жалғасып жатыр қазір. Енді тергеу соты оған қатысты бұлтартпай шарасын қабылдайтыны мәлім.