ҰҚК жаңаөзендік белсенділерді тергеуге алды

12.03.2020

Жаңаөзен қаласындағы Демократиялық партия өкілдерін облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеуге алып, үстілерінен қылмыстық іс қозғамақ.

Мұратбай Жұмағалиев, Нұржан Наренов бастаған бес бірдей белсендінің үстінен Қылмыстық Кодекстің 174 бабы (әлеуметтік араздық қоздыру) бойынша іс қозғалуы мүмкін.

Мұратбай Жұмағалиевтің сөзінше, Жаңаөзен қаласының белсенділері бұған дейін Қордайдағы жанжалға байланысты жергілікті полиция басқармасының алдында қарсылық акциясын өткізген. Бірақ ҰҚК белсенділерді арада бір айға жуық уақыт өткенде тергеуге шақырып, 174 бап бойынша қылмыстық іс қозғаулары мүмкін екендігін айтқан.

«Қордайдағы жағдайға байланысты полиция басқармасының алдына қарсылық акциясына шыққанбыз. Осыған байланысты олар «сендер минтинг ұйымдастырдыңдар, ұлтараздықты қоздырдыңдар» деп, тергеуге алды. Наразылық акциясы кезінде біздің арамыздағы бір жігіт «Қазақты басынғанның басын аламыз» деген сөз айтқан. Осы сөзге байланысты 174 бап бойынша іс қозғамақ», – деді М. Жұмағалиев.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Сондай-ақ қараңыз

ПРОЙТИ ОПРОС

Нужен ли в Казахстане новый закон, регламентирующий свободу мирных собраний?