• Басты
  • >
  • Құқыққорғаушылар: Қазақстан өз халықаралық міндеттерін орындамайды

Құқыққорғаушылар: Қазақстан өз халықаралық міндеттерін орындамайды

04.12.2019

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы директоры Евгений Жовтистің айтуынша, жоба басында-ақ сарапшылар Қазақстанға жүктелген халықаралық міндеттердің ең өзекті 50 сауалын іріктеп алған. Сол 50 міндет бойынша арнайы жұмыс топтары құрылып, талдау, саралау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 6 міндет орындалу барысында, ал 44 міндет мүлде жылжусыз екені анықталған. Яғни, Қазақстан билігі адам құқығы бойынша өзіне жүктелген халықаралық мідеттерді орындауға еш құлықсыз деген сөз.

Аталған жобаны Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы, Қазақстанда парламентшілікті дамыту қоры және «MediaNet» халықаралық журналистика орталығы серіктестерімен, сондай-ақ бірқатар сарапшылармен бірге Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Өкілдігінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын «Қазақстан Республикасының ұлттық және халықаралық міндеттемелерін орындауы мониторингіне бағытталған қызметте азаматтық қоғамның рөлін кеңейту және арттыру» жобасын аясында жүзеге асырған.

Жобаның орындалу барысы мен нәтижелері жөнінде баспасөз өкілдеріне таратылған ақпаратта аталған диалогтық алаңның пайдалы болғаны айтылған.

«Адами өлшем бойынша диалог алаңы» сабағаттық-кеңесші органының шағын топтарының қосарлас үйлестірушілерінен адам құқықтары, демократияны дамыту, құқықтың үстемдік етуі және заң шығарушы үрдіс бойынша жалпы ақпаратты қамтиды. Сонымен қатар Қазақстанның саяси құқықтар мен азаматтық бостандықтарды, сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды сақтау және қорғау өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауы бойынша сараптамалық бағалау ұсынылған.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Адами өлшем бойынша диалог алаңы» сабағаттық-кеңесші органының (АӨДА СКО) Жұмыс тобы және шағын топтарының кездесулерінде азаматтық қоғам сарапшылары халықаралық органдар мен ұйымдардың өте көп ұсыныстары ішінен Қазақстанға 50 аса маңыздырақ ұсыныстарды таңдап алды. Оларды орындау үшін 50 «жол карталары» әр ұсынысты қолдануды бағалау индикаторымен дайындап шығарылған.

Барлық 50 «жол карталары» азаматтық қоғам өкілдерімен АӨДА СКО Жұмыс тобы шағын топтарының 9 кездесуінде талқылынған болатын. Одан әрі жоба аясында уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілдерімен 13 сараптамалық кездесулер өткізілді, бұл Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласында халықаралық міндеттемелерін орындау мәселесі бойынша азаматтық қоғам сарапшылары мен мемлекеттік органдар арасында тиімді диалог үшін жағдай жасауға себеп болды. «Жол карталары» барлық уәкілетті органдарға таратылып жіберілді және оларды одан әрі жүзеге асыру үшін назарға алынған.

«Жол карталарын» және ұсыныстарды қолдануды бағалау индикаторларын талқылау бойынша әр сараптамалық кездесуге 30-дан 45-ке дейін адамдар қатысып, олардың 10 -нан 15-не дейінгілер мемлекеттік органдардың өкілдері болған.

 Дәл қазір Қазақтандағы Еуропа одағы қаржылай қолдаған жоба мерзімі аяқталғанымен, құқыққорғаушылар бұл бағыттағы жұмыстың жалғасатынын, Қазақстанның өз халықаралық міндеттерін орындау барысы қоғамдық бақылауда болатынын атйады.

 


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз