• Басты
  • >
  • ХҚБ "Бейбіт митингілер туралы" заңның қабылдануына қарсылық білдірді

ХҚБ «Бейбіт митингілер туралы» заңның қабылдануына қарсылық білдірді

27.03.2020

Халықаралық құқықтық бастама қоғамдық қоры 26-шы наурыз күні парламент мәжілісі бір ауыздан мақұлдаған «ҚР жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заңның қабылдануына қарсылық білдірді.

«Бұл заң жобасы Қазақстандағы азаматтық және саяси құқықтардың жүзеге асырылуына өте маңызды болып табылады. Осы заң жобасын асығыс қабылдауы аса назар аударады. Халықаралық Құқықтық Бастама төтенше жағдайда осы заң жобасын бүкіл халықтың талқылауынсыз және оның талқылауы мен қабылдануына азаматтық қоғамның толыққанды қатысуынсыз қабылдауға мүлдем қарсы. Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын қабылдауды төтенше жағдай аяқталғанға дейін кейінге қалтыруды талап етеміз», – делінген ұйым жариялаған мәлімдемеде.

Ақпан айының ортасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бастаған бір топ атқамінер Алматы қаласында құқық қорғаушы, азаматтық белсенді және журналистермен кездесіп, «бейбіт митинг өткізу туралы» заң жобасын талқылаған. Ол кезде құқық қорғаушы Евгений Жовтис, Ғалым Ағелеуов, белсенді Тоғжан Қожалиева, Әлнұр Ильяшев және т.б билік ұсынған заң жобасымен келіспейтіндіктерін айтқан.

Евгений Жовтистің сөзінше, жаңа заңның шикі тұстары өте көп. Атап айтқанда, «заңда өтініште көрсетілген адамдар саны митингіде асып кететін болса, онда оны тоқтатуға болады» деп көрсетілген. Бұдан бөлек, БАҚ туралы заң бола тұра, журналистер жұмысына қатысты арнайы тармақ жасалған.

«Заң жобасында «егер митингіге келген адамдар саны өтініште көрсетілген мөлшерден асып кетсе, оны тоқтатуға болады» делінген. Осы уақытқа дейін митингіге қатысқан адамдарды санап көрдіңіздер ме? Ол адамдардың санына қаптап жүретін полиция кіре ме? Осындай қисынсыз дүниелер жобада өте көп», – деді Е. Жовтис.

Тоғжан Қожалиеваның сөзінше, жаңа заң жобасында құқық қорғау органдары туралы бір ауыз сөз жоқ. Олар митингі өтіп жатқанда тәртіпті қалай бақылайтыны көрсетілмеген.

Сол уақытта Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жиынға келген азаматтардың барлығын тыңдап, заң жобасы осы күйінде қабылдана салмайтынын, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізілетінін айтқан.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Сондай-ақ қараңыз

ПРОЙТИ ОПРОС

Нужен ли в Казахстане новый закон, регламентирующий свободу мирных собраний?