• Басты
  • >
  • «Бейбіт жиын туралы заң»: Халықаралық ұйымдар Тоқаевқа ашық хат жолдады

«Бейбіт жиын туралы заң»: Халықаралық ұйымдар Тоқаевқа ашық хат жолдады

05.05.2020

«Freedom House» халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан парламенті мақұлдаған «бейбіт жиындар туралы» заң жобасына қатысты мәлімдеме жасады. 

«Бейбіт жиындарды шектейтін заң жобасының төтенше жағдай кезінде қабылданғаны Қазақстандағы демократиялық үдерістерге қатысты алаңдаушылық тудыртады. Үкіметтің заңды қабылдау кезінде азаматтық қоғам өкілдерінің «бейбіт жиын туралы заң жобасы халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтіні жөніндегі, заңды ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқығы бюросына сараптамаға жіберуге қатысты» ұсыныстарын қабылдамай тастауы, жағдайды одан ары күрделендіреді және алаңдатады. Біз Қазақстан билігін заң жобасына дауыс беруді кейінге қалдырып, оны ЕҚЫҰ-ға сараптамаға жіберуге шақырамыз», – делінген мәлімдемеде. 

Бұған дейін аталмыш заң жобасына қатысты «Amnesty International», «Civil Rights Defenders», «FIDH», «Freedom Now», «Human Rights Watch», «International Partnership for Human Rights» және Норвегиядағы Хельсинки комитеті секілді халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдаған. Олар да мемлекет басшысын «бейбіт жиындар туралы» заң жобасын қарауды тоқтатуға шақырған.


Сондай-ақ қараңыз