Қазақстан Республикасы қабылдаған бейбіт жиындар туралы заң БҰҰ Адам құқықтарын қорғау комитеті мен халықаралық ұйымдар қойған талаптарға мүлде жауап бермейді.
2020 жылдың 6 маусымында қабылданған бейбіт жиындар туралы заң ұзақ жылдардан бері ҚР азаматтары мен халықаралық қауымдастық талап етіп келе жатқан Халықаралық пактіде көрсетілген азаматтық және саяси құқықтарға сай болуы керек еді. Оны кез келген мемлекет ратификациялағаннан кейін орындауға міндетті.
2019 жылдың өзінде бейбіт жиындар кезінде мыңдаған адам ұсталып, жүзден аса қылмыстық және әкімшілік іс қозғалды. Жаңадан қабылданған заң іс жүзінде мүлде басқаша болып шықты. Оның Халықаралық пакті мен конституциялық нормаға (32 бап) кереғар белгілі болды. Жаңа президент құқық қорғаушы сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың үмітін ақтамады. Осыған байланысты олар арнайы мәлімдеме де жасады. БҰҰ-ның Бейбіт жиындар жөніндегі арнайы өкілі Клемент Вуле жаңа заңға байланысты мәлімдеме жасап, одан екі ғана жағымды дүние байқағанын айтты. Ол бұл жөнінде Қазақстан үкіметіне ескерту жасады.
2020 жылдың 27 шілдесінде БҰҰ-ның Адам құқықтарын қорғау комитетінің сарапшылары бейбіт жиындар бойынша мемлекеттердің заңдары мен билігі қандай талаптарға сай болуы керек екенін түсіндірді.
Сіз файлды Word форматында көшіріп алып, жаңа заңды өз бетіңізше халықаралық талаптарға сай келе ме, жоқ па салыстырып көре аласыз.
Төменде ескертулердің кейбір пункттері көрсетілген:
- Бейбіт жиын өткізуге барлығының құқы бар: азаматтығы барлардың да, жоқтардың да. Оны шет ел азаматтары, мигранттар (құжаты бар, құжатсыз), босқындар өткізе алады.
- Бейбіт жиындар құқығын мойындаған мемлекеттерге оны (бейбіт жиындарды) кедергісіз, кемсітушіліксіз өткізу жауапкершілік жүктеледі. Осы жауапкершілікке сәйкес, мемлекеттер бейбіт жиын өткізуге себепсіз кедергі жасамай, жиынды және қатысушы азаматтарды қорғауға міндетті.
- Хабарландыру жеке мүддеге айналмауы тиіс. Хабарландыру ашық, еркін және тегін болуы тиіс. Ұйымдастырушыларға қойылатын талаптар жиынның ауқымына сай болуы керек.
- Бейбіт жиын құқығы, пікір еркіндігі, бірлестіктер және саяси бостандық құқықтары сақталған жағдайда ғана толықтай қорғалады.
- Болып жатқан оқиғаларға байланысты болатын стихиялық жиындар да жергілікті билік органдарына хабарлансын, хабарланбасын 21 бап бойынша қорғалады.
- Биліктің бейбіт жиындар мен оның қатысушыларына деген көзқарасы бейтарап болуы тиіс.
- Бейбіт жиындарға себепсіз араласу жағымсыз міндеттерге алып келеді. Мысалы, билік бейбіт жиындарды себепсіз шектеп, таратып, бұзбауы тиіс. Қатысушыларды заңсыз қудаламауы керек.
- Мемлекеттер бейбіт жиындар өткізу үшін қолайлы жағдай жасауы керек. Ол үшін тиісті құқықтық және институционалдық база қалыптастыру қажет.
- Бейбіт жиындардың қоғамның өзге өкілдері тарапынан қарсылыққа ұшырауы оған шектеу қоюға себеп бола алмайды.
- Бейбіт жиындардан ақпарат таратып жүрген журналист, бақылаушы және құқық қорғаушылардың рөлі өте маңызды. Олардың құқықғы пакті бойынша қорғалады. Олардың қызметіне, соның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін бақылауға кедергі жасалмауы тиіс.
- Билік кез келген шектеулер заңға сай екендігін түсіндіруі тиіс.
- Бейбіт жиынға «қоғам қауіпсіздігіне» байланысты шектеу қою үшін жиының қаншалықты қауіп төндіретінін анықтау қажет.
- Кез келген шектеулер жиынға қатысушыларға талаптарын тиісті аудиторияға көрінетін және естілетін жерде өткізуге мүмкіндік беруі тиіс.
- Сот, парламент, тарихи ескерткіштер алдына жиын өткізуге тыйым салуға болмайды. Себебі олардың барлығы қоғамдық орындар.
- Жиындарға штаттық киімдегі қызметкерлер тартылуы тиіс. Олар халықты арандатпауы керек..
- Бейбіт жиынға қатысушыларға заңсыз күш қолданылып, азаматтарға кеңінен немесе жекелеген түрде шабуыл жасалса бұл адамзатқа қарсы жасалған қылмыс.